№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Семинар 2022 - 2023 оқу жылы | ![]() |
2 | Семинар 2023 - 2024 оқу жылы | ![]() |
2025 жылдың 14-наурыз күні мектеп-лицейімізде физика, математика және информатика пәндері әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен “Жасанды интеллект: Технологияның жаңа кезеңі” атты семинар өтті.
Семинар практикумның негізгі мақсаты: Жасанды интеллекттің (ЖИ) қазіргі даму деңгейін, оның мүмкіндіктерін қолдану. Семинар-практикумды әдістемелік бірлестік жетекшісі Койшыгарина А.А. бастап, ЖИ арқылы тренинг ұйымдастырды. Тренинг ЖИ-дың жылдам екенін, бірақ адам логикалық ойлау мүмкіндігіне ие екендігін дәлелдеу мақсатында жасалды.
Өтениязов Б.А. phet.colorado.edu және McGraw Hill AR жасанды интеллекттерінің сабақ барысындағы артықшылықтарын толықтай түсіндіру, қолдану жолдарын көрсетті.
Шарғабаева Ү.Е. Web-at.studio жасанды интеллекттерінің мүмкіндіктерін, жұмыс жасау жолдарын түсіндірді.
Рахат А.Б ЖИ арқылы жасалған суреттер арқылы мақал-мәтелдерді жасырып, сергіту сәтін өткізді.
Жақсылықова А.Л. Curipod.com ЖИ арқылы сабаққа дайындалудың жеңіл әрі оңай жолдарын көрсетті.
Алмат Ә.А. Jeopardylabs.com арқылы интеллектуалдық сайыс өткізу мүмкіндіктерін көрсетіп, жарыс ұйымдастырудағы бұл платформаның айқын артықшылығымен бөлісті.
Абдуллина Г.П. компьютерлік желілерде көп отыратындықтан, көзге де, ми мен ағзаға да көп күш түседі. Соған орай, заманға сай балаларға да, үлкендерге де қызықты жаттығуларды орындатты.
Оразғали Ә.С.Heyzine ЖИ-інде осы семинар-практикумның барлық ақпаратын жинақтап, қолдану нұсқаулығын жасап, мұғалімдерге дайындап берді.
Семинар-практикумды Жұмабекова Д.Ж. Mentimeter жасанды интеллекті арқылы кері байланыс жасады.
Семинар қатысушыларға ЖИ құралдарын математика, информатика және физика сабақтарында тиімді пайдаланудың жаңа әдістерін ұсынды.
Мектеп-лицейімізде 2025 жылдың 5-наурыз күні қазақ тілі мен әдебиет пәндері әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен
"Жасанды интеллект: оқыту үдерiсiндегi мүмкіндіктері мен түрлері" тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді.
Семинар-практикум мақсаты:
Оқыту үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдана отырып бiлiм беру тәсілдерін инновацияландыру.
ЖИ қолдану арқылы оқыту процесiн жетiлдiру жолдарын анықтау.
Сабақта жасанды интеллект түрлерiн тәжірибелік түрде бағалау.
1.Мухамбедиярова Ж.И. оқыту процесiнде жасанды интеллект түрлерiн қолдану арқылы бiлiм алушылардың даму траекториясын анықтап, оқытудың үздіксіздігiн қамтамасыз ету ерекшеліктері туралы таныстырылым жасады.
2.Алпысбай Н.М. "Жасанды интеллект:мүмкіндіктерi мен түрлері" тақырыбында сабақта жасанды интеллект қолдану түрлеріне тоқталды.
3.Жармуханова И.Б. Bilimklass платформасының тиiмдiлiгi мен ЖИ арқылы сабақта сергiту сәтiнiң қазақша нұсқасын әзiрлеу мүмкіндігімен таныстырды.
4.Шарединова Ж.К. Classroom қосымшасындағы бағдаршам жүйесі арқылы оқыту үдерiсiн жеңілдету туралы өз тәжірибесімен бөлiстi.
5.Молдашева Г.М. "teachy. app", "Perplexity Ai", "Sozder kz" жасанды интеллект түрлерiн сабақта қолданудың тәжірибесiне тоқталды.
6.Мурзагалиева Р. Р. жасанды интеллект негізiнде бiлiм алушылардың оқу жетiстiктерiн бағалау түрiн көрсеттi.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeIdf336d23ac3
Мектеп-лицеймізде 2025 жылдың 26-ақпан күні ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен "Болашақтың білімі: ағылшын тілін үйретудегі жасанды интеллект" тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді.
Мақсаты: Ағылшын тілін үйретуде жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын тиімді қолдану жолдарын таныстыру, заманауи платформалармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту және білім беру процесінде инновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығын көрсету.
Семинарды бірлестік жетекшісі Аленова А.А. кіріспе сөзімен ашып, іс-шараның мақсаты мен өзектілігіне тоқталды.
Келесі кезеңде Байбатырова Ж.Е. қатысушыларға сергіту сәтін ұйымдастырып, "ABC" әдісі арқылы интерактивті ойын жүргізді.
Негізгі бөлім:
1. "Twee.AI, ISL.Collective, Classroom screen платформалары мен жасанды интеллект сабақтарда қолдану" (Кудьярова Ж.М.)
- Ағылшын тілін үйретуде қолдануға болатын үш платформаны таныстырып, олардың функционалдық мүмкіндіктерін, сабақта қолдану әдістерін көрсетті.
2." Character AI көмегімен кейіпкерлермен тілдесу" (Кемалова А.Б.)
– Character AI платформасының ерекшеліктерін таныстырып, оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда кейіпкерлермен интерактивті диалог құру мүмкіндіктерін ұсынды.
3. "Renderforest.AI жасанды интеллектін сабақта қолдану мүмкіндіктері" (Аманжан Н.Б.)
– Renderforest.AI құралын пайдаланып, оқыту процесін жекелендіру, түрлендіру, оқу нәтижелерін талдаудың тиімді жолдарын көрсетті.
4. "SlidesMania презентация мүмкіндіктері: Сабақта бағалау мен кері байланысты жақсарту" (Санкеш Ж.Е.)
– SlidesMania платформасымен жұмыс жасаудың тәсілдерін көрсетіп, оны сабақта бағалау және кері байланысты жақсартуға қолдану бойынша нақты мысалдар келтірді.
Семинар "Thank you" рефлексиясымен аяқталды (Сапина А.Т.), онда қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, семинардан алған білімдерін қорытындылады.
Семинар қатысушыларға жасанды интеллект құралдарын ағылшын тілі сабақтарында тиімді пайдаланудың жаңа әдістерін ұсынды. Қатысушылар инновациялық платформалармен танысып, оларды оқу үдерісіне енгізу бойынша тәжірибе жинады.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId942f54b5ca
✅ 2025 жылдың 13-ақпан күні мектебіміздегі әдістемелік жоспарға сай орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сингапур оқыту құрылымы: ол қалай жұмыс жасайды?» тақырыбындағы мектепішілік семинар-практикум өткізілді. ✅ Семинардың мақсаты : заман талабына сай педагогтердің кәсіби дамуы мен тәжірибе алмасу. ✅ Орыс тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің жетекшісі А.Мухамадиева қатысушыларды семинар бағдарламасымен таныстырды. Одан кейін Шудабаева Ж.М. өз баяндамасында сингапурлық оқыту әдісінің ерекшеліктері туралы бөлісті. ✅Семинардың практикалық бөлімін Мұхамадиева А.Ж., Кыныртаева А.Ж., Байдильдина З.С., Джанасаева Г.Т. жалғастырып, «Tic-Tac-Toe», «See-Think-Wonder», «Frayer Model», «Number Up» сияқты сингапур технологиясының құрылымдарын қолдану тәжірибесін көрсетті. ✅Семинар қызу талқылау мен белсенді тәжірибе алмасу жағдайында өтіп, қатысушылар үшін пайдалы болды.
5-ақпан күні мектебіміздегі әдістемелік жоспарға сай жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен "Жасанды интеллект-заман талабы" атты мектепішілік семинар-практикум өткізілді. Жасанды интеллект білім беруде айтарлықтай өзгерістер енгізіп, оқу процесін әлдеқайда тиімді әрі интерактивті етеді. Осы тұрғыда Napkin ai, Toy theatre, Rohed ai, Mergen paper cube, Quiver сияқты платформалар білім беру саласына әртүрлі тәсілдермен ықпал етіп отыр. ✅ Химия пәні мұғалімі Утегенова А. ЖИ арқылы практикалық дағдыларды үйрете отырып, танымдық үдерісті қызықты етіп үйлестіруге болатынын көрсетті. Сондай-ақ практикалық тәжірибе мен жобалар жасау, модельдер құрастыру арқылы оқушылардың логикалық және шығармашылық қабілеттерін қалай дамытуға болатынын айтып, бөлісті. ✅ География пәні мұғалімі Қамбарбек Д. білім беру процесінде 3D модельдер мен анимациялар арқылы түсіндірмелерді өз сабақтарында қалай пайдаланатынын, әсіресе күрделі материалдарды визуализация арқылы түсінуге ықпалын көрсетті. Жасанды интеллектпен осыған негізделген платформалармен білім беруде жаңа мүмкіндіктер ашып, оқушылардың білім алу тәсілдерін тиімді әрі ұқыпты етеді. ✅ Қатысқан мұғалімдер осы технологиялар көмегімен тек теориялық білім алып қана қоймай, оны тәжірибе жүзінде меңгере алатындығына тағы да куә болды.
22-қараша күні мектеп-лицейімізде жоспарға сай "Мұғалім жұмысын жеңілдететін ақылды көмекшілер" тақырыбында мектепішілік семинар - практикум өткізілді.
Мақсаты: Жасанды интеллект туралы түсінік қалыптастыру. Олардың негізгі бағыттары мен қолдану мәселелерін анықтау. Практикалық дағдыларды дамыту арқылы жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу.
Семинар - практикум барысында Калмангарина Анар GhatGPT.com жасанды интеллект арқылы жылдам уақыт ішінде баяндама, қысқа мерзімді жоспарды қалай жазу керектігі туралы, Magicshool.ai жасанды интеллект арқылы дайын мәтіннен жылдам тест құрастыруды және Foxar.education жасанды интеллект арқылы сабақта 3D қолданудың мүмкіндіктерін мұғалімдерге түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісті және практикалық жұмыстар жүргізді.
Бітімбаев Ізбасар Gamma.app жасанды интеллект арқылы кез-келген тақырыпта жылдам презентация құрастыруды түсіндіріп, мұғалімдермен практикалық жұмыстар жүргізді.
Кеңшілік Ботагөз Piktori.ai жасанды интеллект арқылы мазмұнды суреттерді, мәтінді, дайын презентацияны жылдам бейнежазбаға өзгерту жолдарын мұғалімдерге түсіндіріп, практикалық жұмыстар жүргізді.
Семинар-практикум соңында мұғалімдер "Белгілер" әдісі арқылы кері байланыс берді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeIdca1e3647ed
7-қараша күні мектеп-лицейімізде «Білім беру процесінде жасанды интеллекті тиімді енгізу және пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбында жоспарға сай мектепішілік семинар-практикум өткізілді.
Мақсаты: жасанды интеллект технологияларының оқу процесіне ықпалы туралы ақпараттандыру, оларды қалай тиімді пайдалануға болатынын көрсету, жасанды интеллект арқылы оқу процесін жеңілдету, автоматтандырылған жүйелердің тиімділігін талқылау.
Семинар – практикумда математика пәнінің мұғалімі, магистр Өтениязов Байбол «Жасанды интеллект көмегімен ғылыми жобаны қалай жазамын?» атты тақырыпта «Gemini» және «Alyana Aі» жасанды интеллекті құралдарын пайдаланып ғылыми жобаны аз уақыттың ішінде қалай жазу керектігін және ақпараттың дұрыстығын қалай тексеру керектігін мұғалімдерге түсіндіріп, ғылыми жобаға сай тақырыпта уақытты үнемдеу үшін жасанды интеллект көмегімен презентация жасау тәсілдерін көрсетіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
География пәнінің мұғалімі Қамбарбек Думан «Жаратылыстану пәнінде жасанды интеллект құралдарын тиімді пайталану» атты тақырыпта «Leonardo ai» және «Gamma» жасанды интеллект құралдарының тиімді тәсілдерін көрсетіп, қазақ тілінде сапалы презентация мен әртүрлі кескінде ерекше суреттерді жасау жолдарын түсіндіріп, семинар барысында пән мұғалімдерімен практикалық жұмыс жүргізді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алпысбай Нұртілек семинарда «Тілдік пәндер сабақтарында жасанды интеллект мүмкіндктерін тиімді пайдалану» атты тақырыпта «Magic school ai», «Bing image creator» , «Heygen ai» жасанды интеллект құралдарының көмегімен оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі атауларға қатысты әдемі суреттер, анимациялық видеолар жасау тәсілдерін және тілдік пәндер үшін тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетті.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId29bd8b66ca
2024 жылдың 21-мамыр күні Қалалық «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде «Жарқын болашаққа қадам» тақырыбындағы тұрақты дамудың №15 мақсатына сәйкес ұйымдастырылған қалалық жоба-семинар өтті.
Мақсаты: Мектеп оқушыларының экологиялық сауаттылығын дамыту арқылы қоршаған ортаға деген оң көзқарастарын қалыптастыру, табиғатты қорғауға бағытталған өмір сүру салтының басты қағидаттарын ұсыну.
Семинар басында мектеп директоры А.Кисикова мектепте болып жатқан игі жұмыстар жайлы, соның ішінде Тұрақты дамудың мақсаттарына сәйкес ұйымдастырылған жобалардың жүру барысы туралы таныстырып өтті. «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері А.Садыкова кіріспе сөз сөйлеп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
Семинар барысында Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі К.Молдашева «Жарқын болашаққа қадам» тұрақты дамудың 15-мақсатын жүзеге асыру жолында жасалынып жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті. Биология пәні мұғалімі К. Каратаева мен химия пәні мұғалімі А. Утегенова «Зерттеу тапсырмаларын орындату арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың практикалық бөлімінде биология пәні мұғалімі Г.Әлібаева «Өсімдік-өмір мәні» гүл өсірудің түрлі құпияларымен бөлісті.Бірлестік мұғалімдері мектепте ұйымдастырылған «Тірі табиғат» бұрышымен, ондағы тіршілік иелерімен таныстырды.
Семинар соңында қатысушылар семинар жайлы пікір
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId6376c45b6b
Сәуір айының 12-сі күні Ғылым күні аясында мектебімізде Ақтөбе өңірлік Қ.Жұбанов атындағы университеттің филология факультетінің бастамасымен "Б. Момышұлының "Ұшқан ұя" шығармасындағы ұлттық құндылықтар" тақырыбында семинар өткізілді. Семинар қазақ әдебиеті кафедрасының доценті PhD Кушкимбаева Айнұр Серікбайқызы мен мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, магистрант Елеусизова Салтанат Үсейнғазықызының бірлесе ұйымдастыруы нәтежиесінде өтті. Семинарда 9- класс оқушылары автор шығармаларын жан-жақты талдап, талқылап көрсете білді. Автор «Ұшқан ұя» шығармасында балалық шағында көзімен көрген, өзі куә болған, есте қалған оқиғалар арқылы әлеуметтік кезеңді, өзі өмір сүрген қоғамдық өмірді шыншылдықпен суреттейді. Ес біле бастаған кезінен мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі өмірін әсерлі әңгімелейді. Тұлға болып қалыптасуының басты негізі өзінің түлеп ұшқан ұясы екендігін баса көрсетеді. Семинар -тренинг барысында оқушылар шығарма мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын бүгінгі күнмен байланыстыра отырып қорытындылады. Бұл семинардың оқушылар үшін маңызы зор болды.
Семинар соңында оқушыларға сертификат берілді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeIdb11b2b8147
27 - наурыз күні бастауыш сынып бірлестігі «Бала неге сабаққа қызықпайды?” тақырыбында мектепішілік семинар өткізді.
Семинар үш бөлімді қамтыды.
1. ”Озық тәжірибе ортада “ теориялық бөлімінде мектептің зерттеуші мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
2. ”Тапқыр болсаң, тауып көр “бөлімінде А.Калмангарина, Б. Кеңшілік баланың сабаққа қызығушылығын арттыруға бағытталған танымдық ойындарды цифрлық ресурстарды қолдану арқылы практикалық тұрғыдан көрсетті.
Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Мақал - мәтелдер сайысында “Quizwhizzer" платформасы арқылы жеңімпаз анықталды.
“Тапқыр болсаң, тауып көр” ойыны арқылы оқушыны сабаққа қызықтыру тәсілін С.Керева көрсетті.
Әнмен әсемдейік” бөлімінде мектептің МИФ, бастауыш сынып, эстетикалық пәндер бірлестігінің мұғалімдері қазақтың халық әндерін домбырамен орындап, өнерлерімен әріптестеріне көңілді сәт сыйлады.
Семинарды өткізу форматының ерекшелігіне әріптестертарапынан оң баға берілді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeIdc7eb60fe0b
2024 жылдың 28 - ақпан күні қалалық "Әдістемелік кабинет" КММ жоспарына сай №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде «Бастауыш сыныпта цифрлық ресурстарды қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы қалалық семинар және шебер класс отырысы өтті.
Семинардың мақсаты: бастауыш сыныпта күрделі тақырыптарды меңгертуде цифрлық ресурстарды тиімді қолдану;
№ 39 ҚОЖББМ бастауыш сынып мұғалімдерінің іс - тәжірибесімен бөлісу.
Семинарға №1, 4, 10, 21, 28, 36, 37, 38, 68 және Елек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинардың ашылуында КММ "Әдістемелік кабинет" әдіскері Л.У.Атыбарова бүгінгі семинар тақырыбының заман талабына сай өзекті екеніне тоқталып, мектеп ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
Семинарда бастауыш класс мұғалімі Ж.Сельбаева «Жақсы көңіл - күй жан азығы» тақырыбында тренинг жүргізді. « Оқу тиімділігін арттыратын қолданбалар мен онлайн сервистерді қолдану» мәселесі бойынша бастауыш сынып мұғалімі А. Калмангарина әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісті.
Жаратылыстану пәнінен бастауыш класс мұғалімдері В.С. Бибитова «Серпімділік күші қайда пайда болады?», А.Буранбаева «Заттар неліктен қозғалады?»тақырыбында ашық сабақтар өткізді.
Жаратылыстану пәні сабағында тәжірибе жұмысын жасату арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдарарын шебер класс жетекшісі - Г.Басмагамбетова практикалық тұрғыда көрсетті.
Шебер класс мүшесі Б.Е. Садуакасова «Оқушылардың тілдік дағдыларын «ПОПС формула» әдісі арқылы қалыптастыруды практикалық жұмыс түрінде көрсетті.
Сонымен қатар тәжірибеде қолданылатын JeopardyLabs платформасын – А.Джаукенова, Educaplay платформасын - Б. Шакирова, Joyteka платформасын – Б. Кеңшілік сабақтарда қалай тиімді қолдануға болатынын әріптестерімен бөлісті.
«Өзіме, көршіме» әдісімен бастауыш класс мұғалімі С.Кереева рефлексия жасады.
Семинар бастауыш сыныптың өнерлі мұғалімдері Л.Қасымхан және Н.Калмурзаеваның орындауындағы « Алғыс» әнімен жабылды.
✅2024 жылдың 19 қаңтар күні «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде Басмагамбетова Гульзада Курманбаевна және Садуакасова Базаркул Ертасовнаның жетекшілігімен жас мамандарды қолдау мақсатында «Бастауыш сынып білім алушыларының оқу сауаттылығын дамытудың тиімді тәсілдері» тақырыбындағы шебер-класс өтті.
Мақсаты: жас мамандарға оқу сауаттылығын дамытудың тиімді әдіс -тәсілдерін үйрету, тәжірибе бөлісу.
Шебер -класқа № 1,4,21,28,34,36,37,38,68, Елек орта мектептерінің жас мамандары қатысты.
Шебер-класты «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері Атыбарова Л.У. ашып, жас мамандардың жұмыстарына сәттілік тіледі. Шебер-класты № 39 ҚОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Садуакасова Б.Е. «Таныстыру-қошемет» тақырыбындағы тренингімен жалғастырды. Жетекшісі Басмагамбетова Г.К. оқу сауаттылығын дамытудың маңызды тұстарына тоқталып, түсіндіріп өтті. Практикалық бөлімде жас мамандар оқу сауаттылығын артыруға бағытталған тапсырма түрлерін жұппен, топпен орындап , мәтіндермен жұмыс жасады.
Бастауыш класс мұғалімі Кереева С.А. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту-сапалы білім негізі»тақырыбында өз тәжірибесін ортаға салды. Шебер-кластың соңында «Ойыңмен бөліс» тақырыбында рефлексия жүргізіліп, жас мамандар алған әсерлерімен бөлісіп, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId3dc7755214
✅2024 жылдың 12-қаңтары күні мектебімізде Ақтөбе қаласының "Әдістемелік кабинет" КММ жоспарына сәйкес орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ж.М. Шудабаеваның "Оқу процесінде Сингапур технологиясын оқытудың интерактивті нысандары"тақырыбында шығармашылық шеберханасының кезекті отырысы өтті.
✅Мақсаты: білім беру процесінде Сингапур технологиясын оқытудың интерактивті түрлерін қолдану, әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету. Семинар отырысына қаланың №10, №78, №40, №33, №5,№38, Қызылжар орта мектептерінің жас педагогтары қатысты.Сондай-ақ, тәжірибе алмасу мақсатында Ақтөбе қаласының шығармашылық шеберханалары мен шеберлік сыныптарының жетекшілері Кабулова А.К. №8 ОМ, Мұратқанова Р. С. №40 ОМ, Нұрғалиева Г. М. 32 гимназия, Хасенова С. О. №19 ОМ шақырылды.
Мектеп директоры А. М. Кисикова шығармашылық шеберхана отырысында "Сингапур әдістемесі: ол қалай жұмыс істейді" тақырыбында қатысушылармен сингапурлық оқыту әдістемесін қолданудың өзектілігі мен тиімділігімен бөлісті.
Семинар жетекшісі Ж. М. Шудабаева отырысқа қатысушылармен "Оқу процесінде Сингапур технологиясын оқытудың интерактивті нысандары" тақырыбында коучинг өткізді. Отырыстың практикалық бөлігін шығармашылық шеберхананың мүшелері Г. ж. Баймағанбетова, №78 ОМ мұғалімі Р. К. Медетова, Қызылжар ОМ мұғалімі Т. Т. Байдаулетова, №5 ОМ жалғастырды. Олар іс жүзінде "CLOCK BUDDIES", "QUIZ-QUIZ-TRADE", "TIC-TAC-TOE" және т. б. сияқты Сингапур технологиясының құрылымдарын қолдануды көрсетті.
Шығармашылық шеберхананың отырысы қызу әрі қызықты өтті.
Отырыс соңында жиналған жас педагогтар өздері үшін көп нәрсе алғанын және Сингапур технологиясының оқыту құрылымдарын өз тәжірибелерінде қолдана бастайтынын атап өтті.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId64d6a64885
✅2023 жылдың 1-желтоқсанында мектепішілік жоспарға МИФ бірлестігінің "Сабақта қолданылатын АКТ құзыреттілігінің мүмкіндіктері" тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді.
✅Семинар барысында С.Т.Борисова "АКТ құзіреттілігінің мүмкіндіктері" тақырыбында коучинг өткізілді.
✅Әрі қарай семинар сабақтың құрылымына қарай бөлімдер бойынша жалғасты.
Әр бөлімде сабақта қолданылатын жаңа платформалардың қолданылу мүмкінліктері көрсетілді.
Спикерлер:
Бірінші бөлім: Ұйымдастыру
Койшығарина А.Ә
Бисенғалиева Н.Т
Елшибаева А.Е
Еркинова А.К
Екінші бөлім: Негізгі бөлім
Жұмабекова Д.Ж
Рахат А.Б
Үшінші бөлім: Қорытындылау
Өтениязов Б.А
Оразғали А.С
Шарғабаева Ү.Е
✅Семинар соңында мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде электронды кітапша ұсынылды.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeIdc0d104ebe9
2023 жылдың 23-қарашасында мектепішілік жоспарға сай тарих және құқық негіздері бірлестігінің "Мұғалімнің қандай дағдыларын дамыту керек?" тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді.
Семинар барысында Б. Ж. Диханова "Цифрлық технологияларға икемділік, цифрлық дағды" тақырыбында мұғалімдермен коучинг өткізді және "Жасанды интеллекттің" қыр-сырымен таныстырды. Әрі қарай М. С. Кожакова "Storytelling дағдысы", А.А.Сәлиева"Өмір бойы оқу дағдысы", А. Ә. Әлиева " Ойлау дағдысы" атты тақырыппен семинардың практикалық бөлігінде креативті ойлаудың тәсілдерін көрсетті. Семинар соңында А. К. Уразалина мен А. М.Макимова "Іздеп тап" ойыны арқылы "Уақытты басқара алу дағдысы" тақырыбын аша білді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId25e5cd1621
Ақтөбе қаласының "Әдістемелік кабинеті" КММ жоспары бойынша орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ж.М. Шудабаеваның "Білім беру процесінің тиімділігін арттыру тәсілі ретінде орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану" тақырыбында шығармашылық шеберханасының кезекті отырысы өтті. ✅Мақсаты: білім беру процесінде оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану, әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету. Шеберхана отырысына №10, №78, №40, №33, №5, №38, Қызылжар ОМ қала мектептерінің жас педагогтары қатысты. ✅Шеберхана отырысында алғы сөзді "Әдістемелік кабинет" КММ әдіскері З. Б. Бекниязова құттықтау сөз сөйлеп, өз сөзінде шығармашылық шеберханалар кәсіпқойлықты арттыруға ықпал ететінін, жас мамандардың орыс тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын қалыптастыратынын, бұл олардың педагогикалық қызметіне сөзсіз әсер ететінін атап өтті. ✅Бірлескен жұмыстың басында шығармашылық шеберхананың жетекшісі Ж. М. Шудабаева "Комплименттер"атты тренингін өткізді. Тренингтің мақсаты топта қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру және шеберхана мүшелері арасында сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру болды. Шеберхан жетекшісі Ж. М. Шудабаева мұғалімдермен "Сабақта назар аударудың әдістері мен тәсілдері" атты коучинг өткізді. ✅Одан әрі № 39 мектеп мұғалімі А. Ж. Мұхамадиева "Сабақта оқушылардың назарын ұйымдастыру"тақырыбында теориялық материал ұсынды. ✅"Оқушылардың назарын аудару бойынша жұмыстың тиімді түрлері" шығармашылық шеберханасының практикалық бөлігін топ мүшесі А. Ж. Кыныртаева - №39 мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі жалғастырды. Ол әріптестерімен сабақта оқушылардың назарын аудару бойынша жұмыстың тиімді түрлерімен бөлісті. ✅Отырысты Ж. М. Шудабаева "Еркін микрофон" рефлексиясы арқылы қортындылады.Шығармашылық шеберхананың отырысы қызу әрі қызықты өтті. Жас педагогтар шығармашылық шеберхананың практикалық маңыздылығы туралы, сондай-ақ өздері үшін көп нәрсе алғаны және алған білімдерін өз жұмысында қолданатыны туралы көптеген оң пікірлер айтты.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId83f3ddb13b
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId400d442135
Әдістемелік күн
31 қазан күні Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Копжасарова Турсынай Муафиковна «Мектепте сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыру» тақырыбында мұғалімдерге семинар өткізіп, көптеген мәлімет берілді. Семинар жан-жақты қамтылып және мазмұнды өтті.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeIdb76512deef
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ж.И. Нотанованың «Оқу сауаттылығын арттырудың белсенді әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы облыстық шығармашылық шеберханасының қорытынды IV отырысы өткізілді.
Шеберхана мақсаты: оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдермен таныстыру болды.
Отырыс жетекшісі Ж.Нотанова «Оқу сауаттылығын арттыру – жоғары білім сапасының негізі» тақырыбы бойынша оқылым және жазылым дағдыларына тоқталды. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін шығармашылық жазуға бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесін түсіндірді. «Бір минуттық жазу», «Жүгіру диктанты», «Еркін жазу» әдістерін көрсетті. Күнделік, өмірбаян, эссе жазу әдістемесін толық талқылап түсіндірді.
№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі К.Жарменова «Білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыруға негіз болатын дағдылар» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Мәтінмен жұмыс кезеңдері талданып, топта, жұпта тапсырмалар орындатылды. Шеберхана мүшелері өз сабақтарында қолданып жүрген әдіс-тәсілдерді ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты.
Қорытынды бөлімінде қатысушылармен «Мен түйген ой» әдісі арқылы кері байланыс жасалды.
Отырыс соңында шеберхана қатысушылары жылы лебіздері мен ризашылықтарын білдірді.
Шеберхана мүшелері облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының сертификатымен, іс-тәжірибесімен бөліскен мұғалімдер Алғыс хатпен марапатталды.
Ақтөбе қаласы №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде география пәні мұғалімі К.А. Молдашеваның «География сабақтарындағы логикалық тапсырмалармен жұмыс» атты облыстық шеберхананың 4-отырысы өткізілді.
Отырысқа облыс мектептерінің география пәні мұғалімдері қатынасты.
Мектеп директоры Ақгүл Мырзабековна кіріспе сөз сөйлеп, шеберхана мүшелерінің жұмысына сәттілік тіледі.
Шара барысында Қобда ауданы Калиновка ОМ мұғалімі Э.Н.Кужахметова «География сабағында ойын түрлерін тиімді пайдалану», Ойыл ауданы Тайсойған НМ мұғалімі А.Табылғанқызы «Пиза тапсырмалары география сабақтарында», №77 қазақ орта ЖББМ география пәні мұғалімі К.Т.Махамбетова «Педагогикалық тәжірибедегі технологияның маңызы» тақырыптарда іс-тәжірибелерін ортаға салды. Шеберхана жетекшісі №39 орта жалпы білім беру мектебінің география пәні мұғалімі К.А.Молдашева «Тәжірибе алмасу-кәсіби дамудың көзі» тақырыбында география сабақтарындағы жаңа әдістері мен тәжірибелік сабақтардан үлгілер көрсетті. Шеберхана отырысына қатынасқан барлық ұстаздар бір-бірімен пікірлесіп, ойларымен бөлісті. Осы оқу жылы барысында өткізілген жұмыстар талданып, шеберхана мүшелерінің ой-пікірлерін білу мақсатында сауалнама алынды.
Шеберхана жұмысын облыстық ғылыми әдістемелік орталықтың әдіскері Искендирова Аяш Абдимахановна қорытындылап, белсенділік көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерді әдістемелік орталықтың алғыс хатымен марапаттады.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId6cb9531cfa
«АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ»
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы, №39 жалпы білім беру орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші А.А. Аленованың ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Ағылшын тілі пәнін оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру» тақырыбында облыстық шеберхана өтті.
Шеберхананың теориялық бөлімі, ағылшын тілін үйретуде ең маңызды дағдылылардың бірі: Writing (Жазылым) ерекшеліктеріне және бұл дағдыны дамыту мақсатында қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерге бағытталды. Шеберхананың практикалық бөлімінде, мұғалімдер айтылған жаңа әдіс-тәсілдермен белсенді жұмыс жасады.
Сонымен қатар, мұғалімдермен «Сиқырлы сөздер» сергіту сәті мен «Олимпиадалық рефлексия» кері байланыс шаралары жүргізілді.
Қорытындылай, шеберхананың жетекшісі мен мүшелері Ақтөбе облысының ғылыми-тәжірибелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды. Шеберхана жоспары толық орындалып, өз мақсатына жетті.
5 қаңтар күні мектебімізде мектеп тренері Мухамбедиярова Ж.И. "Заманауи бiлiм беру: Әлемдік трендтердiң бүгінгі мен ертеңi" тақырыбында семинар - практикум өткiздi.






2023 жылдың 11 сәуірінде Ақтөбе қаласы білім бөлімі, «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес «Сабақта қолданылатын АКТ құзыреттілігінің мүмкіндіктері» тақырыбында информатика пәні мұғалімі А.А.Уразалиннің қалалық шебер сағаты өтті.
Мақсаты: АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып, әр түрлі әдістермен оқушының оқуға деген құштарлығын арттыру, оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеуге жол көрсету.
Аталған шебер класқа «Әдістемелік кабинет»КММ әдіскері Н.Қолғанатова мен қала мектептерінің информатика пәнінен сабақ беретін жас мамандары қатысты.
Отырыста «Сабақта қолданылатын АКТ құзыреттілігінің мүмкіндіктері» тақырыбындағы шебер-класс жетекшісінің педагогикалық презентациясы, « Кеңейтілген шындық қосымшасын құру» тақырыбында практикум жүргізілді.
Отырыс соңында жиналған жас педагогтар шебер-кластың маңыздылығы туралы,сондай-ақ өздері үшін көп мағұлмат алғандары туралы көптеген оң пікірлер білдірді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId75e70e3ddb
Ақтөбе қаласының "Әдістемелік кабинеті" КММ жоспары бойынша №39 қазақ орта мектебінің базасында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ж.М. Шудабаеваның "Білім беру процесінің тиімділігін арттыру тәсілі ретінде орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану" тақырыбында шығармашылық шеберханасының кезекті отырысы өтті.
Мақсаты: білім беру процесінде оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану, әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету.
Семинар отырысына қалалық мектептердің жас педагогтары қатысты№10, №78, №40, №33, №5,№68,№75,№39 Қызылжар ОМ.
Отырыс басында "Әдістемелік кабинет" КММ әдіскері Р.К. Темірханова шығармашылық шеберхана мүшелерінің белсенділігін арттыруға ықпал еткен мастер - класс өткізді.
Бірлескен жұмыстың басында шығармашылық шеберхананың мүшесі Багдаулетова Т.Т. " Мұзжарғыш" тренингін өткізді. Тренингтің мақсаты топта қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру және шеберхана мүшелері арасында сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру болды. Әрі қарай шеберхана басшысы Шудабаева Ж.М."Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу дағдыларын қалыптастыру"тақырыбында теориялық материал ұсынды. "Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын оқытудың белсенді тәсілдері" шығармашылық шеберханасының практикалық бөлігін топ мүшелері А.Ж. Кыныртаева- №39 мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, З. С. Байдильдина - №39 мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Б. А. Султангалиева - №68 мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі жалғастырды.Олар әріптестерімен орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында сөйлеуді оқытудың белсенді әдістерімен бөлісті.
Отырыс соңында А. Ж. Мухамадиева " Рефлексивтік мишинь" рефлексиясын өткізді. Шығармашылық шеберхананың кезекті отырысы қызу әрі қызықты өтті. Отырыс соңында жиналған жас педагогтар шығармашылық шеберхананың практикалық маңыздылығы туралы, сондай - ақ өздері үшін көп нәрсе алып туралы көптеген оң пікірлер білдірді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId3bfbc80e8d
Ақтөбе қаласының "Әдістемелік кабинеті" КММ жоспары бойынша №39 қазақ орта мектебінің базасында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ж.М. Шудабаеваның "Білім беру процесінің тиімділігін арттыру тәсілі ретінде орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану" тақырыбында шығармашылық шеберханасының кезекті отырысы өтті.
Мақсаты: білім беру процесінде оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану, әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету. Семинар отырысына қалалық мектептердің жас педагогтары қатысты №10, №78, №40, №33, №5,№68,№75,№39 Қызылжар ОМ.
Отырыс басында "Әдістемелік кабинет" КММ әдіскері Р.К. Темірханова шығармашылық шеберхана мүшелерінің белсенділігін арттыруға ықпал еткен мастер-класс өткізді. Бірлескен жұмыстың басында шығармашылық шеберхананың мүшесі З.М. Дуйсенгалиева " Мен+Сен+Біз"тренингін өткізді. Тренингтің мақсаты топта қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру және шеберхана мүшелері арасында сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру болды.
Әрі қарай шеберхана басшысы Ж.М. Шудабаева "Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жазу дағдыларын қалыптастыру" тақырыбында теориялық материал ұсынды. "Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын оқытудың белсенді тәсілдері" шығармашылық шеберханасының практикалық бөлігін топ мүшелері Г.Ж. Нурмагамбетова- №10 мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Г. Ж. Баймаганбетова - №78 мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі жалғастырды.Олар әріптестерімен орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында сөйлеуді оқытудың белсенді әдістерімен бөлісті.
Отырыс соңында З. М. Дуйсенгалиева " Соңына айтарым..." рефлексиясын өткізді. Шығармашылық шеберхананың кезекті отырысы қызу әрі қызықты өтті. Отырыс соңында жиналған жас педагогтар шығармашылық шеберхананың практикалық маңыздылығы туралы, сондай-ақ өздері үшін көп нәрсе алып туралы көптеген оң пікірлер білдірді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeIdb22f1793af
2023 жылдың 6-7 сәуір күндері Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтөбе қаласындағы филиалы №39 орта мектеп мұғалімдерінің қиындықтарын диагностикалау және әдістемелік қолдау көрсету үшін сабақтарға кешенді бақылау жүргізді.
Осы мақсатта Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері сабақтарға қатысып, әдістемелік көмек көрсетті.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId73a8b733f9
Назарбаев Зияткерлік мектептері өңірлердегі ауылдық және жалпы білім беретін мектептермен әдістемелік жұмыс жүргізуде.
Ақтөбе облысында Бестамақ ауылдық тірек мектебінің базасында оқу семинары ұйымдастырылды. 28 наурызда біздің мектептің 20 педагогі «Сабаққа дайындық: Сабақты жоспарлау архитектурасы мен стратегиялары» тақырыбындағы семинарда сабақты тиімді оқыту мен жоспарлаудың, мектепте білім беру ресурстарын пайдаланудың, білім беруде прогрессивті тәсілдерді енгізудің озық әдістемелерін зерделеді.
НЗМ командасының екікүндік жұмысының нәтижесінде мұғалімдерден құралған команда мектепішілік курстарды ұйымдастыру және өткізу бойынша өз жұмысын бастайды, бұл педагог-әріптестердің кәсіби әлеуетін айтарлықтай арттырады.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeIdb87fd9ecbe
Назарбаев Зияткерлік мектептері өңірлердегі ауылдық және жалпы білім беретін мектептермен әдістемелік жұмыс жүргізуде.
Ақтөбе облысында Бестамақ ауылдық тірек мектебінің базасында оқу семинары ұйымдастырылды. 28 наурызда біздің мектептің 20 педагогі «Сабаққа дайындық: Сабақты жоспарлау архитектурасы мен стратегиялары» тақырыбындағы семинарда сабақты тиімді оқыту мен жоспарлаудың, мектепте білім беру ресурстарын пайдаланудың, білім беруде прогрессивті тәсілдерді енгізудің озық әдістемелерін зерделеді.
НЗМ командасының екікүндік жұмысының нәтижесінде мұғалімдерден құралған команда мектепішілік курстарды ұйымдастыру және өткізу бойынша өз жұмысын бастайды, бұл педагог-әріптестердің кәсіби әлеуетін айтарлықтай арттырады.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId415879f501
2023 жылдың 27 - 30 наурыз күндері "Назарбаев зияткерлік мектебі" ДББҰ "Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту" қайырымдылық жобасы аясында Ақтөбе облысындағы тірек мектептерінің мұғалімдері мен жетекші мектептерге ынталандырушы әдістемелік іс-шаралар ұйымдастырды.
27 наурыз күні Бестамақ орта мектебінде ұйымдастырылған "Сабақты бақылау барысында мұғалімнің оқытуын бағалау" тақырыбындағы семинарға мектеп әкімшілігі қатысты. Семинарды Астана қаласындағы "Назарбаев зияткерлік мектебі" ДББҰ - ның тренерлері Жанна Байгаринова мен Зухра Идришева жүргізді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId12ed6ad8b0
Ақтөбе қаласының "Әдістемелік кабинеті" КММ жоспары бойынша № 39 қазақ орта жалпы білім беретін мектебінің базасында мұғалім - логопед Шамшиева Алмагүл Шердарқызының «Логопедтік жаттығуларда іс - әрекеттік сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында шебер - класының ашылуы өтті.
Мақсаты: Логопедтік жаттығуларда іс - әрекеттік сауаттылықты қалыптастыруда әр түрлі әдіс - тәсілдер бойынша түзету және дамыту туралы мағлұматтар бере отырып, ыңғайлы, тиімді орта қалыптастыру.
Шебер - класс ашылуына қалалық мектептердің мұғалім - логопедтері қатысты.
"Әдістемелік кабинет" КММ бөлім меңгерушісі Г.У.Миндалина құттықтау сөз сөйлеп, шебер - класты ашты. Оқушыны түзете - дамытуда логопед маманының маңыздылығы туралы айтып өтті.
Бірлескен жұмыстың барысында А.Ш.Шамшиева "Тіл, қол, саусақ, дене, тыныс алу" жаттығуларынан тұратын әуенді сергіту сәтін мұғалім - логопедтермен бірге жасап, өзінің шығармашылық әдіс - тәсілдерімен бөлісті. "Логопедтік жаттығуларда іс-әрекеттік сауаттылықты қалыптастыру" шеберлік сағатын өткізіп, Логопедтік жаттығуларда іс - әрекеттік сауаттылықты қалыптастыруда психолог Г.Ғ.Минаевамен бірлескен жұмыс жасалды. Шығармашылық шебер - класс ашылуы қызу әрі қызықты өтті.
Отырыс соңында жиналған мұғалім - логопедтер өздері үшін көп нәрсе алғанын және өз іс - тәжірибелерінде қолданатындықтарын жеткізді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId418d288bc1
Шығармашылық топ жетекшісі А.А.Койшыгарина мектеп мұғалімдеріне педагогтердің аналитикалық дағдыларын дамыту мақсатында семинар ұйымдастырды.





Ақтөбе қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлескен жұмыс жоспары негізінде 29 - желтоқсан күні мектебімізге Назарбаев Зияткерлік мектеп мұғалімдері келіп «Жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістерін таңдау. Блум таксономиясы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, химия, биология, тарих, информатика, география пәндері бойынша семинар – практикум өткізді.
Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының бастамасымен қолға алынған облыс ұстаздарының шығармашылық шеберханасы жұмысын жалғастыруда. Бұл жолы жаңартылған білім беру мазмұнында география сабағын өткізудің ерекшеліктері туралы айтылды.





Ақтөбе қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлескен жұмыс жоспары негізінде 28 - желтоқсан күні мектебімізге Назарбаев Зияткерлік мектеп мұғалімдері келіп «Күтілетін нәтижелерге байланысты оқыту ресурстарын таңдау» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, химия, биология, тарих, информатика, география пәндері бойынша семинар – практикум өткізді.
Ақтөбе қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлескен жұмыс жоспары негізінде 14 - желтоқсан күні мектебімізге Назарбаев Зияткерлік мектеп мұғалімдері келіп «SMART оқу мақсаттарын құру (оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерді анықтау)» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, химия, биология, тарих, информатика, география пәндері бойынша семинар – практикум өткізді.
Шығармашылық топ жетекшісі А.А.Койшыгарина мектеп мұғалімдеріне педагогтердің аналитикалық дағдыларын дамыту мақсатында семинар ұйымдастырды.









Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жыл 17 қарашада «География сабақтарындағы логикалық тапсырмалармен жұмыс» тақырыбындағы шеберхананың І - отырысы өтті.










Қараша айындағы күзгі каникул күндерінде мектебіміздің 26 мұғалімі Атырау қаласында "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ ұйымдастырған "Оқушылардың жаратылыстану ғылыми сауаттылығын қалыптастыру", "Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру", "Оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру", "Бастауыш сынып оқушыларының функциональдық сауаттылығын қалыптастыру" атты аймақтық семинарына қатысты.
9 қараша күні мектебімізде мектеп тренері К.А.Жарменова "ТЖБ және БЖБ тапсырмаларын құрастыру" тақырыбында пән мұғалімдеріне мектепішілік семинар өткізді.








2022 жылы 3 қараша күні Ақтөбе қаласы №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Нотанова Жанат Ибадуллақызының жетекшілігімен "Оқу сауаттылығын арттырудың белсенді әдіс - тәсілдері" тақырыбында облыстық шығармашылық шеберхананың 1 - отырысы өтті. Шеберхана отырысына облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.





Ақтөбе қаласының "Әдістемелік кабинеті" КММ жоспары бойынша №39 қазақ орта мектебінің базасында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ж.М. Шудабаеваның "Білім беру процесінің тиімділігін арттыру тәсілі ретінде орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану" тақырыбында шығармашылық шеберханасының кезекті отырысы өтті.
Мақсаты: білім беру процесінде оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану, әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету.
Семинар отырысына қалалық мектептердің жас педагогтары қатысты №10, №78, №40, №33, №5, №38, Қызылжар ОМ.
Отырыс басында "Әдістемелік кабинет" КММ әдіскері Р.К. Темірханова құттықтау сөз сөйлеп, өз сөзінде шығармашылық шеберханалар кәсіпқойлықты арттыруға ықпал ететінін, жас мамандардың орыс тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын қалыптастыратынын, бұл олардың педагогикалық қызметіне сөзсіз әсер ететінін атап өтті.
Бірлескен жұмыстың басында шығармашылық шеберхананың мүшесі З. С. Байдильдина "Сізге жолдау" тренингін өткізді. Тренингтің мақсаты топта қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру және шеберхана мүшелері арасында сенімді қарым - қатынасты қалыптастыру болды.
Әрі қарай шеберхана басшысы Шудабаева Ж.М."Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру" тақырыбында теориялық материал ұсынды.
"Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында сөйлеуді оқытудың белсенді тәсілдері" шығармашылық шеберханасының практикалық бөлігін топ мүшелері Г.Ж. Мұханбетқалиева - №40 мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Г. А. Жижанова - №33 мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі,Т. Т. Бағдаулетова - №5 мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі жалғастырды.Олар әріптестерімен орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында сөйлеуді оқытудың белсенді әдістерімен бөлісті.
Отырыс соңында А. Ж. Қыныртаева "5 ұсыныс" рефлексиясын өткізді. Шығармашылық шеберхананың кезекті отырысы қызу әрі қызықты өтті.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeIde1a8992ab7
«АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ»
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы, №39 жалпы білім беру орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші А.А. Аленованың ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Ағылшын тілі пәнін оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру» тақырыбында облыстық шеберхана өтті.
Шеберхананың теориялық бөлімі, ағылшын тілін үйретуде ең маңызды дағдылылардың бірі: Writing (Жазылым) ерекшеліктеріне және бұл дағдыны дамыту мақсатында қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерге бағытталды. Шеберхананың практикалық бөлімінде, мұғалімдер айтылған жаңа әдіс-тәсілдермен белсенді жұмыс жасады.
Сонымен қатар, мұғалімдермен «Сиқырлы сөздер» сергіту сәті мен «Олимпиадалық рефлексия» кері байланыс шаралары жүргізілді.
Қорытындылай, шеберхананың жетекшісі мен мүшелері Ақтөбе облысының ғылыми-тәжірибелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды. Шеберхана жоспары толық орындалып, өз мақсатына жетті.
«Жаңартылған білім беру жағдайында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану» атты әдістемелік семинар өткізілді 23-сәуір 2022 жыл
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId387c748142
«Нәтижеге бағытталған білім беру және тәрбиелеу талаптары» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді 22-сәуір 2022 жыл
22.04.2022ж. күні №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «География және туризм» кафедрасымен бірлескен жұмыс жоспары бойынша «Нәтижеге бағытталған білім беру және тәрбиелеу талаптары» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Әдістемелік семинар мектебіміздің жоғарғы санаттағы педагог-зерттеуші мұғалімі Молдашева Күлиза Асановна және университет оқытушысы С.Айгужинаның ұйымдастыруымен өтті. Семинар аяғында университет оқытушылары мен 1, 3-курс студенттері Молдашева Күлиза Асановнаға өз алғыстарын білдірді. Сонымен қатар семинарға қатысқан барлық студенттерге сертификаттар табысталды.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId7b3c18c8d8
2022 жылдың 5-сәуірі күні Ақтөбе қаласы №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы кәсіби даму институты «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы дамытушы тапсырмаларының рөлі» тақырыбында семинар өткізді
2022 жылдың 5-сәуірі күні Ақтөбе қаласы №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы кәсіби даму институты «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы дамытушы тапсырмаларының рөлі» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдеріне жаратылыстану, дүниетану пәндерінде функционалдық сауаттылықты дамыту бағытында әдістемелік көмек беру, өзара тәжірибе алмасу.
Облыстық семинар жұмысына «ӨРЛЕУ» БАҰО» кәсіби даму институтының аға оқытушысы, п.ғ.м. К.Ж.Рахатова жетекшілік етті. №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің бастауыш класс мұғалімдері Калмангарина Анар Жұмақызы, Нотанова Жанат Ибадуллақызы, Басмагамбетова Гульзада Курманбаевна, Ниязова Айгул Жоламановна, Садуакасова Базаркул Ертасовна, Есеналина Сауле Советовна, Уали Самал Айғаллемқызы тақырып шеңберінде ашық және панорамалық сабақтар көрсетіп, функционалдық сауаттылық бойынша тиімді тәсілдерді қолдану іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында іс-шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға мазмұнды семинар үшін алғыстарын білдірді, бірқатар ұсыныстар қабылданды.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeIdd0f89ebb16
География пәнінен шебер-класс өткізілді 30-қараша 2021 жыл
2021 жылдың 30-қараша күні №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «География және туризм» кафедрасымен бірлескен жұмыс жоспары бойынша «Сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерiн қолдану» тақырыбында университет студенттеріне шебер-класс өткізілді. Мектебіміздің жоғарғы санаттағы педагог-зерттеуші мұғалімі Молдашева Күлиза Асановна және педагог-модератор Бақтыбаева Айгүл Жанабаевна география пәнінен заманауи әдістерді қолдана отырып, мектепте сабақ берудің жолдарын көрсетті. Білім алушылар өз тараптарынан берілген жаңа әдіс-тәсілдермен бөліскен оқытушыларға алғыстарын білдірді
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId1e4cbc798d
«Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» атты мұғалімдерге арналған семинар-практикум өткізілді 20-қараша 2021 жыл
20-қараша 2021 жыл №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» атты мұғалімдерге арналған семинар-практикум өткізілді.Семинар-практикум барысында ортақ келісімге келіп әрекет ету, дағдыландыру мақсатында «Тимбилдинг» жаттығу элементтері көрсетілді. Аталмыш Семинар-практикумның мақсаты: Мектептегі оқу-тәрбие жұмысында «МЕКТЕП - АТА-АНА - ОҚУШЫ» үштігінің бірлесе жұмыс жасауын нығайту.20-қараша 2021 жыл №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» атты мұғалімдерге арналған семинар-практикум өткізілді.Семинар-практикум барысында ортақ келісімге келіп әрекет ету, дағдыландыру мақсатында «Тимбилдинг» жаттығу элементтері көрсетілді. Аталмыш Семинар-практикумның мақсаты: Мектептегі оқу-тәрбие жұмысында «МЕКТЕП - АТА-АНА - ОҚУШЫ» үштігінің бірлесе жұмыс жасауын нығайту.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeIdec639afdfa
2021 жылдың 3-қарашасы күні Ақтөбе қаласы №39 ЖББОМ-інің жас мамандарына арналған «Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Мұғалімдерді критериалды бағалау жүйесінің мазмұнымен таныстыру және оны жүзеге асыру жолдарын меңгерту мақсатында жүргізілген семинар мазмұны критериалды бағалауды жүргізудің нормативтік-құқықтық құжаттарымен таныстырудың; критериалды бағалау түрлерімен жұмыстанудың; критериалды бағалауды тәжірибеде қолдануды меңгертудің мәселелерін қамтыды. Семинар соңында модератор, институттың аға оқытушы, п.ғ.м. К. Рахатованың жетекшілігімен мақсатқа сай ұсыныстар қабылданды.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeIda2d3550fce
13.04.2022ж. күні қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің және қорғаныс істері жөніндегі басқармасының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Хасенов Аманкельді Әбішұлы 10 а класында «Террорлық қауіп-қатер кезіндегі тұрғындардың қауіпсіздігі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ мақсаты: Террорлық қауіп төнгенде немесе террорлық акт жасалғанда тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауда атқарылатын негізгі әрекеттер туралы мағлұмат беру.
Ашық сабаққа қала мөлтектоптарының әскери жетекшілері және топ жетекшісі С.А.Оплачко қатысты.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/konferentsiya-seminar.html#sigFreeId849bab1fef