"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
2022-2023 оқу жылы

ПАРАСАТТЫ АЗАМАТ бұрышы

            2022 – 2023 оқу жылы бойынша рухани – адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасына сәйкес «Адал Ұрпақ» ерікті клубының жұмысын жалғастыру туралы №188 бұйрық негізінде «Парасатты Азамат» бұрышы жаңартылып шығарылды. Мектепте сенім телефоны мен сенім жәшігі де өз жұмыстарын жалғастырды.

«Парасатты Азамат»  бұрышының басты мақсаты:

  • Азаматтылыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін,еңбек сүйгіштікке,оқуға,еңбекке,өмірге жасампаздық пен қарауға тәрбиелеу болып табылады.

Патриотизм, Отан үшін мақтаныш, қоғамдық тәртіпке құрмет, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп,құқықтық негіздерді білу және құрметтеу сияқты жеке тұлғаның қасиеттерін дәріптеу ұсынылады. Осы жас тобындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті – құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу саясаты: жастарды тәрбиелеудегі мәселелер қарастырылды.


Адалдық дүкені

           Мектепте сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу мақсатында «Адалдық дүкені» өз жұмысын жүйелі түрде жалғастырды.

«Адалдық дүкені» мақсаты: оқушы бойындағы адалдық, адамгершілік, жауапкершілік құндылықтарын арттыру.


Түсіндірме жұмыстары

https://www.instagram.com/p/Cie5gIasujm/?igsh=MTIwNm00YmNsYm50cw==

2022 – 2023 оқу жылының 14 – қыркүйек күні мектебімізде Ақтөбе қаласы №2 қалалық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция капитаны мектеп инспекторы Д.Б.Ермағамбетовтың қатысуымен «Әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылық» тақырыбында 7 – 11 класс «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды.

 


«Өрт – тілсіз жау» түсіндірме жұмыстары 

  • 2022 – 2023 оқу жылының қазан айында мектебімізде «өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттің алдын – алу жұмыстарын жүргізу» мақсатында «Шырпы балаға ойыншық емес» тақырыбында апталық өткізілді. Апталық барысында балаларға өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жұмыстары және 17 – қазан күні білім алушылар арасында «Өрт – тілсіз жау» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.


«Жемқорлыққа жол жоқ» сурет байқауы

 

  • 2022 – 2023 оқу жылының қазан айының 20 – ы күні мектебімізде 5 – 7 класс аралығында

«сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу» мақсатында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында  сурет байқауы өтті. Байқауда үздік деп танылған суреттер қалалық сайысқа жолдама алды.


Эссе жұмыстары

  • Бүгін 2022 – 2023 оқу жылының қазан айының 27 – і күні мектебімізде 5 – 11 кластары арасында

     «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында жаппай эссе жазу іс – шарасы өткізілді.    

      Шараға 5 – 11 кластың барлық білімалушылары қатысты. Барлық жазылған эсселері 

      тексеріліп қорытындыланып, жақсы жазған білім алушылар дипломдармен  

      марапатталды.


 Қайырымдылық круені

2022 – 2023 оқу жылының қараша айының 21-ші жұлдызында мектебімізде "ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ" атты әлеуметтік жоба жүргізілді. Сол жоба барысында жиналған  таза киім, аяқ киімдер, оқу құралдары қажет ететін білім алушыларға табысталды.


Ерлік сабағы

 

  • 2022 – 2023 оқу жылының Тәуелсіздік күніне орай 15 – желтоқсан күні мектебімізде «Ұлттық тәрбие. Патриотизм және ерлік» тақырыбында 8 – 10 класс «Адал Ұрпақ» еріктілері арасында ерлік сабағы өткізілді.

            Кеш қонақтары:

  1. Ғабдрахманов Елемес Елекенұлы – Ауған соғысының ардагері;
  2. Жарылқасынов Бауыржан Аманжанұлы – Ауған соғысының ардагері.

            Білім алушылар ардагерлерге өз өнерлерін көрсетті. Ардагерлер өз кезегінде оқушыларға       

            ақыл –  кеңестерін беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.


«КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ» акциясы

  • 2022 – 2023 оқу жылының 19 қаңтар күні мектебіміздің еріктілер тобы облыс деңгейінде өткізіліп жатырған «КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ» қайырымдылық акциясының аясында Нұр Ғасыр мешіті ауласын қалың қардан тазалауға атсалысты.


«КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ»

«Адал еңбекті бағалайық» акциясы

 

2022 – 2023 оқу жылының 01 ақпан күні мектебіміздің еріктілер тобы облыс деңгейінде өткізіліп жатырған «КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ» қайырымдылық акциясының аясында «Адал еңбекті бағалайық» акциясын ұйымдастырып, қала көшелерін қардан тазалап жүрген жұмысшыларды ыстық шай мен бауырсақпен сый құрмет көрсетті.


Түсіндірме жұмыстары

  • 2022 – 2023 оқу жылының 14 – ақпан күні мектеп мәжіліс залында «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері 6 – 9 класс оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен буллингтің алдын – алу» мақсатында Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысының ғылыми – тәжірибелік орталығы, криминалдық полиция басқармасы, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді.


«КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ»

«Жан жылуы» акциясы

 

  • 2022 – 2023 оқу жылының 15 ақпан күні мектебіміздің еріктілер тобы облыс деңгейінде өткізіліп жатырған «КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ» қайырымдылық акциясының аясында «Жан жылуы» акциясын ұйымдастырып, Үміт балалар үйіне барып, кішкентай бүлдіршіндерге сыйлықтарын сыйлап, қуанышқа бөледі.


«КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ»

«Алғыс айту парызым» акциясы

 

  • 2022 – 2023 оқу жылының 27 ақпан күні мектебіміздің еріктілер тобы облыс деңгейінде өткізіліп жатырған «КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ» қайырымдылық акциясының аясында Қарттар үйіне барып «Алғыс айту парызым!» қайырымдылық концертін өткізді. Бір сәт болса да қариялардың жабырқау жүзін жадыратып, оларға қуаныш сыйлады. Ән – бимен әсемделген көңілді кешті ұйымдастырған ұстаздарымыз қарттардың ыстық ықыласына бөленіп, баталарын алып қайтты.


ӨНЕР МУЗЕЙІНЕ саяхат

 

2022 – 2023 оқу жылының 2 – наурыз күні мектебіміздің «Адал Ұрпақ» еріктілері дүниетану, көркем еңбек пәндерінің оқу бағдарламасына сәйкес Ақтөбе облыстық өнер музейіне экскурсияға барды.


ӘЛИЯ МУЗЕЙІНЕ саяхат

 

  • 2022 – 2023 оқу жылының 2 – наурыз күні мектебіміздің «Адал Ұрпақ» еріктілері 8 – 9 класс білім алушылары Әлия музейіне экскурсияға барды. Музейде батыр апаларының ерлігімен, тарихымен танысып келді.


БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ

 

  • 2022 – 2023 оқу жылының наурыз айының 27 мен сәуір айының 10 күндері аралығында республика аумағында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясы өткізілуде. Ақтөбе облысы Полиция Департаменті қызметкерлері 30 – наурыз күні мектебіміздің «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы мүшелерімен кездесу өткізіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Ғарышкерлер күні

 

  • 2022 – 2023 оқу жылының 12 – сәуір күні «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы жоспарына сәйкес мектебіміздің 6 – 7 класс білім алушылары Ғарышкерлер күніне орай Ақтөбе облыстық планетариесіне экскурсия жасады. Экскурсия барысында планетарий жайлы қызықты деректермен және ғаламның ғажап құбылыстарымен танысты.


Баскетболдан жолдастық кездесу

 

  • 2022 – 2023 оқу жылының 19 - 20 – сәуір күндері мектеп спорт залында 9 – 10 класс «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы мүшелері  арасында «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық алдын – алу, білім алушылар арасында достық қарым – қатынасты нығайту» мақсатында баскетбол жарысы өткізілді. Жарыс айналма жүйесі арқылы өткізілді.


Волейбол жарысы

2022 – 2023 оқу жылының 19 - 20 – сәуір күндері мектеп спорт залында  7 – 10 класс «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы мүшелері  арасында «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық алдын – алу, білім алушылар арасында достық қарым – қатынасты нығайту» мақсатында волейбол жарысы өткізілді. Жарыс айналма жүйесі арқылы өткізілді.


«Мен елімнің патриотымын!» байқауы

 

  • 2022 – 2023 оқу жылының 5 – мамыр күні Ақтөбе қаласы №4 орта мектебінде «7 – мамыр – Отан қорғаушылар» күніне орай «Мен елімнің патриотымын!» тақырыбында жалпы білім беретін мектептер арасында қалалық сайыс өткізілді. Сайысқа мектебіміздің «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы мүшесі  10 «Ә» ккласс оқушысы Кунтуаров Әли қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.