"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Класс жетекшілер бірлестігі

2024 жылдың 12 қантар күні мектебімізде қысқы каникул күндері «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» сәйкес «Ғаламтор қауіпсіздігі» жобасы аясында «Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері» тақырыбында класс жетекшілер семинары өткізілді.
Мақсаты:
Интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша класс жетекшілердің білімін арттыру;
Класс жетекшілердің қауіпсіздік мәселелері ықтимал және интернет қауіптерінен қорғану жолдары туралы түсініктерін кеңейту;
Жасөспірімдерді медиакеңістікте қорғануға үйрету.
Семинарда жоғары класс жетекшілері жасөспірімнің интернетті пайдалануының негізгі мәселелерін, салдары мен мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар кибербуллинг туралы әлеуметтік бейнероликті көріп, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылы бойынша ұсыныстар әзірленді.
https://www.instagram.com/p/C2Ae1FfMKls/?img_index=1 


5 қаңтар күні мектебімізде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батыргалиев Б.К. "Құқық бұзушылық және жауапкершілік" тақырыбында класс жетекшілеріне мектепішілік семинар өткізді. Қатысушылар: класс жетекшілер және мектеп инспекторы, полиция капитаны Ермағамбетов Дауренбек Барлықұлы. Мақсаты: Құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықтарын арттыру.
https://www.instagram.com/p/CnBwIj3sZDa/?img_index=1 


4 қаңтар күні мектебімізде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Таяуова С.Ж. "Буллинг. Баланың барлық қатыгездіктен қорғалуға құқығы" тақырыбында класс жетекшілеріне семинар өткізді. Мақсаты: жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу. Семинарға қатысушы мамандар: Хусаинова Гулсезим Сериккалиевна - "Бақытты отбасы" орталығының психологиялық қызмет көрсету бөлімінің басшысы. Байкелова Балбөбек Әмірқызы - "Бақытты отбасы" орталығының психологиялық қызмет көрсету бөлімінің балалар психологы.
https://www.instagram.com/p/CnB9IzIsfy_/?img_index=1 


Атауы Жүктеу
1 2023 - 2024 оқу жылына арналған класс жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспары


Атауы Жүктеу
1 2022 - 2023 оқу жылына арналған класс жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспары

Төрт тоқсан-төрт өнер” ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының тұжырымдамасы класс жетекшілерге таныстырылды.


5 қаңтар күні мектебімізде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батыргалиев Б.К. "Құқық бұзушылық және жауапкершілік" тақырыбында класс жетекшілеріне мектепішілік семинар өткізді.

 
Қатысушылар: класс жетекшілер және мектеп инспекторы, полиция капитаны Ермағамбетов Дауренбек Барлықұлы.
 
Мақсаты: Құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықтарын арттыру.
 


23-қазан 2021ж. №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде класс жетекшілер бірлестігінің кезекті отырысы өтті. 
Күн тәртібінде:
1.«Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» атты баяндама. 
Баяндаған: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Таяуова С.Ж.;
2.Құқықбұзушылықтың алдын-алу туралы Таяуова С.Ж.;
3.Әртүрлі мәселелер;
4.Мұғалімдерге арналған психологиялық сергіту.
Мектеп психологтары: Жансейтова Г., Қуанышева Ф.