"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы


Парасатты отбасы орталығының ашылу сәтінен

Парасатты отбасы орталығы

Оқу-ағарту министрлігі оқушылармен, ата-аналармен және қоғаммен идеологиялық жұмысты жандандыруға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірледі. Олардың ең бірінші басымдығы – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту болып табылады. Осыған орай мектебімізде 18 -сәуір күні балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналарымен қарым-қатынасын күшейту, балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында "АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» «Парасатты отбасы» кабинетінің ашылу салтанаты өткізілді. Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты: - балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету. Ашылу салтанатына мектебіміздің ата-аналары мен ұстаздары қатысты. Ата-аналарымыз ризашылықтарын білдіріп, білім ордасына тілектерін айтты.

Ата-ананың қолдауы баланың бақытты, сенімді және табысты болып өсуі үшін берік негіз болады. Ол баланың ішкі тірегін қалыптастырады. Осының арқасында қиын жағдайларда адам өзін-өзі қолдай алады, таңдау жасай алады, шешім таба алады. Бала қателесуге құқығы бар екенін түсінеді және қандай жағдай болмасын, жақындары оны қолдайтынын біледі. Өзі де алдағы уақытта қолдаушы ата-ана болады, өйткені ол оны көріп өседі және қалай жасау керектігін біледі. Осы орайда мектебімізде « Ата-аналарды қолдау орталығы » бағдарламасының жоспарына сәйкес « Сенім арту – жетістік кепілі . Қиын жағдайда баланы қалай қолдаймыз? » тақырыбында 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына сабақ өткізілді. Мақсаты: Ата-аналардың әртүрлі жағдайларда балаға тиімді көмек көрсетуге дайындығын қалыптастыру. Ата-аналардың баласына қандай да бір қиын жағдайда дұрыс және жедел көмек көрсетуге деген ұмтылысын ынталандыру;қиын жағдайларды шешу кезінде ата-аналардың баланың күшті тұстарына сүйену дағдыларын дамыту. Сабақ барысында спикер Л. Қасымхан мен мектеп психологы Г.Минаева қиын жағдайларда баланың жағдайын айырып танитын және ден қоюдың оңтайлы тәсілдерін таңдай алуы туралы, баласының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жедел және психологиялық негізделген қолдау көрсету әдістері туралы, қиын жағдайларды шешу үдерісінде балаға сергек қарауды және оның күшті тұстарына сүйену дағдылары туралы айтты. Сонымен қатар сабақ соңында ата-аналар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді. Балаларыңыздың тірегі болыңыздар!

Мектебімізде 6-наурыз күні "Ата- аналарды қолдау орталығының» бағдарламасына сәйкес «Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны» Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай еңсеруге болады?» тақырыбында 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: ата-аналардың интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану, балалардың ойынға тәуелділігін жеңу дағдыларын дамыту. Міндеттері: 1) балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігінің алдын алу мәселелеріне қызығушылығын арттыру; 2) ата-аналардың онлайн ойындардағы қауіпсіздік, балаларды интернет-алаяқтардың қауіп-қатерлерінен қорғау мәселелері туралы түсініктерін кеңейту; 3) балаларды компьютерлік ойынға тәуелділіктен қауіпсіз қорғау дағдыларын қалыптастыру. Сабақа барысында спикерлер Г.Басмағамбетова мен Л.Қасымхан балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігінің алдын алу мәселелері туралы, ата-аналардың интернетті жауапкершілікпен, әдепті түрде және қауіпсіз пайдалану мәдениеті қалыптастыру, қоғамдағы басты мәселе ретінде онлайн-ойындардың балаларымыздың дамуы мен денсаулығына қалай әсер ететіні, компьютерлік ойындарға тәуелділік белгілері бар ойынға тәуелділіктің салдары және балаларға әлеуметтік желілердегі алаяқтықтың алдын алуға көмектесу жолдары туралы айтты. Ата-аналарға балалардың компьютерлік ойындарды пайдалануының «артықшылықтары» мен «кемшіліктерін» талқылауды ұсынылып, постер қорғады. Мектеп психологы ата-аналармен қызықты тренингтер жүргізді. Сабақ соңында ата-аналар мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.

Мектебімізде балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдауды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Мектеп – ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін, мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында «Ата-аналарды қолдау орталығының» бағдарламасына сәйкес «Отбасы – бақыт бесігі. Ата-аналар өмірінің жобасы – бақытты адам» тақырыбында 1-4 сынып ата-аналарына сабақ өткізілді.

Мақсаты:
Ата-аналардың баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру.
Бастауыш сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері туралы түсініктерді тереңдету.
Отбасында қолайлы климат құру дағдыларын дамыту.
Баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті сезіндіру.

Сабақ барысында баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның саламаттығын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру, бастауыш сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері туралы айтылды. Отбасында қолайлы климат құру дағдыларын дамытуда ата-ананың маңызды роль атқаратындығы сөз болды. Баланың саламаттығын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті сезіну керектігін атап көрсетті. Сабақ соңында ата-аналар мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.


Мектебімізде «Ата-аналарды қолдау орталығы» бағдарламасының жоспарына сәйкес «Баланың бас ұстазы – ата-ана.Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу» тақырыбында 5-9 сынып ата-аналарына сабақ өткізілді.

Мақсаты:
 Оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.
Ата-аналарды позитивті ата-ана болу құзыреттерін игеруге ынталандыра отырып,ата-ана болудың мәнімен, қағидаттарымен, әдістерімен таныстыру. .
Ата-аналарға позитивті ата-ана болу дағдыларын игеруге көмектесу.

Сабақ барысында ата-аналарға ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер туралы айта отырып, позитивті ата-ана болудың қағидаттары мен ережелері таныстырылды. Сонымен қатар позитивті ата-ана болу рухында баламен қарым-қатынастың кейбір тәсілдерін түсіндірді. Ата-аналар өздерін ойландырып жүрген мәселелерді ортаға салды. Сабақ соңында ата-аналар мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.


Мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» 1-4 сынып ата-аналарына арналған «Әрбір бала-жарық жұлдыз» тақырыбындағы сабағында балаларымыздың бірегейлігі және осы бірегейлікті сезіну және ынталандыру қаншалықты маңызды екендігі туралы сөз болды.
Мақсаты:
Ата-аналардың темпераментін, мәдени дәстүрлерді және мұғалімдермен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін ескере отырып, өз баласының ерекше қырларын ашуға дайындығын қалыптастыру.
Сабақ барысында ата-аналардың өз баласының ерекше жақтарын дамытуға деген ынтасын арттыру, балалар темпераментінің түрлері мен оларға сәйкес мінез-құлықтары туралы түсініктерін кеңейту, ата-аналардың мектеп педагогтерімен бірге баланың жеке басының күшті жақтарын анықтау және дамыту туралы айтылды. Ата-аналар өз ойларын ортаға салып, сабақ соңында ризашылықтарын білдірді.


Мектебімізде «Ата-аналарды қолдау орталығы» бағдарламасының жоспарына сәйкес «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер
Өз балаңыздың кілтін қалай табуға болады» тақырыбында 5-9 сынып ата-аналарына сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты: ата-аналардың жас дағдарысы кезінде жасөспіріммен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамыту.

Міндеттері:
- ата-аналардың жас дағдарысы кезеңінде баламен өзара түсіністікке қол жеткізуге деген ұмтылысын дамыту;
- ата-аналардың адам дамуындағы жас кезеңдерінің мәдени бастаулары туралы, жасөспірімдер дағдарысы кезеңінің экологиялық өмір сүру ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету;
- ата-аналардың сындарлы келіссөздер жүргізу, жанжалдарды шешу, реніштерді кешіру дағдыларын қалыптастыру.

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының»кезекті сабағында ата-аналар жасөспірімдер дағдарысының көріністерімен танысты.
Сабақ барысында жасөспірімдер дағдарысы – психикалық даму кезеңі, бастауыш мектеп жасынан жасөспірімге көшу кезеңі туралы, ол өзін-өзі көрсетуге, өзін-өзі тануға деген ұмтылыстарында көрініс табатындығы туралы айтылды.
Сабақ соңында жасөспірімдер дағдарысы өзін-өзі танудың жаңа деңгейінің қалыптасуымен, рефлексия арқылы жеке тұлғасын танып білу қабілетінің пайда болуымен аяқталды. Ата-аналар сабаққа өте жақсы белсенділікпен қатысты.


Атауы Жүктеу