"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Көпшілік іс-шаралар

«Кітап – білім шырағы» атты кітап көрме.

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітап – білім шырағы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме 2024-2025 оқу жылындағы көркем-әдеби кітаптармен жасақталды.


«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы аясында балалардың кітап оқу құзыреттілігін арттыру бағытында 5 минуттық үзілісте кітап оқу сағаты

АНЫҚТАМА

Өткізілген уақыты: 21-23.10.2024 ж

Орны: Кітапхана

Қатысқандар: 3-4 сынып білім алушылары

Мақсаты: Кітап әлемі туралы танымын кеңейту. іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту. Ертегі мазмұнымен қызықтыру нәтижесінде оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың бойында шығармашылық ізденіс қалыптастыру, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, ойлау кеңістігін дамыту.Сөздік қорын байыту. Кітап оқуды насихаттау, оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. * Оқушы өзіне ұнаған ертегі кітабын оқып, мазмұнымен ой-бөлісу. Шарты: Ертегіден үзінді оқылады. Ертегінің атын табу және жалғастырып айту.


25 қазан Республика күніне орай, «Республикам – мақтанышым!» танымдық сағаты

АНЫҚТАМА

Өткізілген уақыты: 24.10.2024 ж

Орны: Кітапхана

Қатысқандар: 8 сынып білім алушылары

Мақсаты: 1. Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3. Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • оқушылардың шығармашылық қабілетін шындау;
  • зияткерлік қабілеттерін аша білу;
  • дарынды, талантты оқушыларды ынталандыру

Шараның өткізіліу тәртібі:

Ауызша журнал - төрт беттен тұратын күні бұрын тақырып бойынша берілген тапсырмаларды көпшілікке жария ету.

  1. «Елім менің»
  2. «Еліміздің нышандары»
  3. «Еліміздің ұлы тұлғалары», ұлы тұлғаларды жас ұрпаққа таныту
  4. «Менің Отаным - Қазақстан» сұрақтар тасқыны. тақырып желісі бойынша сұрақтар қойылады, қатысушылар QR код арқылы жылдам әрі дұрыс жауап берулері тиіс. Шара барысында, оқушылар әрбір кезең бойынша тапсырмаларды белсене орындап, өз ойларын ортаға салып талқылай білді. 


"Балалар кітапханасы"жобасын іске асыру мақсатында күзгі демалыс кезінде

«Демалыста кітап оқимыз» атты Оқу сағаты.

АНЫҚТАМА

Өткізілген уақыты: 28-31.10.2024 ж

Орны: Кітапхана

Қатысқандар: 2-4 сынып білім алушылары Мақсаты: Оқушылардың демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыруда кітап қиялдары әлеміне ұмытылмас топсаяхат жасау Міндеттері:

  • оқушылардың шығармашылық қабілетін шындау;
  • зияткерлік қабілеттерін аша білу;
  • дарынды, талантты оқушыларды ынталандыру

Шараның өткізіліу тәртібі

Оқушылардың күзгі каникул кезінде демалыста бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, мектеп кітапханасында оқу сағаты ұйымдастырылды, оқырмандар өздерінің сүйікті кітаптарын оқып, жаңа ертегілер мен шытырман оқиғалармен танысты. Балалармен бірге ертегіні дауыстап оқып ой-бөлісу. Оқушыларды кітап оқуға қызығушылығын арттыру.


«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, 

«Балалар – кітап әлемінде» кітап көрме АНЫҚТАМАСЫ

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қалалық білім бөлімімен бірлесе«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай Қазақ халқына мың алғыс стелласында «Балалар – кітап әлемінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып балаларға ұсынылды.

МақсатыБалалардың кітап оқу құзыреттілігін арттыру бағытында қазақ ертегілері кітаптары оқуға ұсынылды. Балалар өздері ұнатқан ертегіні дауыстап жылдамдыққа оқып ой-бөлісті. Оқушыларды кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар балалар қызықты ойындар мен қолөнерге қатысты. Шара барысында оқушылар алғыс хаттарымен марапатталды.

https://www.instagram.com/p/C7wT72OMU57/?igsh=MXM4dzl6b3gwNzhpNw== 


«Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында «Кітапханаға жазғы саяхат» тақырыбында С.Жиенбаев атындағы обл жасөспірімдер кітапханасына саяхат.

АНЫҚТАМАСЫ

Мектебіміздің жазғы балалар лагеріндегі балдырғандар С.Жиенбаев атындағы обл жасөспірімдер кітапханасына  «Кітапханаға жазғы саяхат» жасалды.

Мақсаты:  Оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру, жас ұрпақ бойында азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

https://www.instagram.com/p/C8D25pnI5Ay/?igsh=MXV4MjZoMmV0NTM0NA== 

 


« КІТАПҚА ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» БУККРОССИНГ АКЦИЯСЫ

АНЫҚТАМАСЫ

Өткізілген күні: 20.05. 2024 ж

Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары.

Мектеп мұғалімдері

Тақырыбы: «Кітапқа екінші өмір сыйла»

АКЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

Кітап оқуды насихаттау, кітапхана қорын түрлі жанрда кітаптармен молайту, оқырмандар өзі ұнатып оқыған кітабын өзгелермен бөлісу бағытында кітапханаға кітап сыйлау, рухани мәдениетін көтеру. Мектеп кітапхана қорын ғылыми, танымдық және көркем әдебиеттер және балалар әдебиетімен толықтыру оқырман сұраныстарын орындау;

 


«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында сыныппен кітап оқу дәстүрін арттыру мақсатында 3 сынып оқушылары арасында өтетін 

«Ертегі айтып берейін» оқу сағаты

Анықтамасы

Өткізілген күні: 17.05.2024 ж

Қатысқандар: 3 сынып білім алушылары

Тақырыбы:  «Ертегі айтып берейін»

Мақсаты:

Оқушылар арасында сыныппен кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылықты арттыруды, қазақы таным - түйсікке толы төл әдебиетімізге ынталандыруды, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруды, төл әдебиетімізді кеңінен насихаттауды мақсат етеді.

Шараның өткізіліу тәртібі:

1.* Оқушы өзіне ұнаған ертегі кітабын оқып, мазмұнымен ой-бөлісу.  Оқыған ертегі желісінде сұрақтар қойылады.

2. Шарты: Ертегіден үзінді оқылады. Ертегінің атын табу және жалғастырып айту.

3. «Кім білгір?» Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек.

4. Жұмбақтың шешеімін табу және жаңылпашты қайталап тез айту (топтық Шара соңында сайысқа қатысқан қатысушыларды дипломдармен марапатталды.

                    


«Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» интеллектуалды сайыс

АНЫҚТАМАСЫ 

 

Өткізілген күні: 15.05.2024 ж

Қатысқандар: 5-6 сынып білім алушылары

Тақырыбы: «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы»

Мақсаты: 

1. Оқушылар “сөз мәйегі-мақал” дегендей ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорын молайту.

2. Оқушылардың ой — өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайтуға баулу.

3.Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру,қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

«Оқуға құштар мектеп» және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспарына сай 5 және 6 сыныптар арасында интеллектуалды ойын өткізілді. 5-6 сыныптар арасында өткізілген командалық сайыс 5 – кезеңді құрайды

5 сыныптан құралған «Сұңқар» командасы және 6 сыныптан құралған «Тұлпар» командасы белсенділікпен қатысты. «Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы» тақырыбындағы интеллектуалды сайыстың қорытындысы:

  1. 5 сыныптан құралған «Сұңқар» командасы «Біліктілер» номинациясы;
  2. 6 сыныптан құралған «Тұлпар» командасы «Тапқырлар» номинациясы;
  3. Белсене қатысқаны үшін 5 «Ә» сынып оқушысы Баетова Султана;
  4. Белсене қатысқаны үшін 6 «Ә» сынып оқушысы Рамазан Жансая марапатталды.

  


«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Үш бәйтерек, үш діңгек: Сәкен, Ілияс, Бейімбет» әдеби вернисаждың

АНЫҚТАМАСЫ

Өткізілген күні: 26.04. 2024 ж

қатысқандар : 9 сынып білім алушылары

Тақырыбы: «Үш бәйтерек, үш діңгек: Сәкен, Ілияс, Бейімбет»

Мақсаты: Оқушыларды аумалы-төкпелі заманда өмір сүрген С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылық еңбектерімен таныстыру, ұлттық әдебиет пен мәдениетке, ағарту ісіне, өнерге, қоғамдық өмірге қосқан үлестері шексіз екендігін айту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Төл әдебиетімізді кеңінен насихаттауды мақсат етеді.

Міндеттері:

- оқушылардың шығармашылық қабілетін шындау;

- зияткерлік қабілеттерін аша білу;

- дарынды, талантты оқушыларды ынталандыру

Шара 3 кезеңнен тұрады

І. «Үш бәйтерек – үш ғұмыр» Бұл бөлімде әр топ өздеріне берілген ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша мәлімет береді.

ІІ. «Жұртымның жүйрігінің дүлділімін» деп аталады. Бұл бөлімде әр ақынның шығармаларынан үзінді оқып, талдау. (QR код арқылы)

ІІІ. «Сұрақтар тасқыны» Алдын ала берілген жинақ ішінен әр топқа ортақ викториналық сұрақтар қойылады, қатысушылар жылдам әрі дұрыс жауап берулері тиіс. (Оқушылар алдарындадағы планшетпен сұрақтарға жауап береді)

Шара барысында оқушылар шығармалар желісінде постер қорғап, викториналық сұрақ- жауап, кахут интелликтуалды ойын арқылы талдау жасалды. Шара соңында жеңімпаздарды анықтап сайысқа қатысқан қатысушыларды дипломдармен марапатталды.


«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында,

С.Жиенбаев ат.обл. жасөспірімдер кітапханасы бірлесе   

«Кітапхана әлеміне саяхат», «Кітап Game» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Кітап оқуды кеңінен насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру, мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатында «Кітап Game» интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Шара барысында «Кітап Game» және «Кахут» т.б секілді ойындармен «Абай жолы», «Кел, балалар, оқылық» топтарға бөлініп сайысты. Сайыс мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, рухани-адамгершілік тәрбие беру. Осындай іс-шаралар негізінде балалардың оқу мәдениетін қалыптастыра отырып, көркем шығармалады насихаттау алдыңғы мақсатта тұрды.  Шараға белсене қатысқан оқушылар дипломмен Алғыс хаттармен марапатталды.          

 

«Артық білім - кітапта, ерінбе оқып көруге»

                                                                                                                                                                 Абай      


«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында

«Жаңа кітаптар» кітап көрмеге библиографиялық шолу

Шараның мақсаты – жаңа түскен кітаптар топтамасымен оқырман қауымды таныстырып, кітап оқуға басшылық ету, бос уақыттарын тиімді өткізуге баулу, балаларға ертегілер және қазақ ақын-жазушылары туралы мәліметтер беру.

 


«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы аясында

Сұлтанмахмут Торайғыровтың шығармаларын насихаттау мақсатында 9-11 сынып

оқушылары арасында «Бір кітап-бір сынып» атты эссе байқауы өткізілді.

Мақсаты: Көркем әдебиеттерге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру. С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романының мазмұны жағынан талдау жұмысы орындалады. Әр бөлімге қысқаша сипаттама беру тапсырылады.                                                                                                   

І. Шығарма тақырыбы: Әлеуметтік теңсіздік, әйел теңсіздігі                                                                                                 

ІІ. Шығарма идеясы: 

ІІІ. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер: Қатысушы класс оқушыларына берілген тақырып бойынша эссе жазылды. Шара барысында, оқушылар әрбір кезең бойынша тапсырмаларды белсене орындап, өздері оқыған әдеби кітаптарын туралы ойларын ортаға салып талқылай білді.  Шараға қатынасқан оқушылар алғыс хат, дипломдармен марапатталды.

 

https://www.instagram.com/p/CzHAoFssOtC/?igshid=MTc4MmM1YmI2N


«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында күзгі демалыс кезінде «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара барысында 3-4 сынып оқушылары арасында «Кім жүйрік!» челленджі .

Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, кітапты пайдалануға баулу, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту.

 

https://www.instagram.com/p/CzHGZ_NMW4V/?igshid=MTc4MmM1YmI2N


«Менің Отаным – Қазақстан» танымдық сайыс

    Мақсаты:                                                                                                                                           

1. Білімділік:  Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу

 


«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 

«Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз»

5-6 сынып оқушыларымен

«Бір кітап – бір сынып» Tik Tok челленджі 

 

Мақсаты: оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыруда кітап қиялдары әлеміне ұмытылмас топсаяхат жасау

 

https://www.instagram.com/p/CzHMeFzMaSX/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng


«Теңге Тәуелсіздік келбеті» Патриоттық сағат

Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып,  Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихын, оның маңызын түсіндіру.         

    


«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы аясында

балалардың кітап оқу құзыреттілігін арттыру бағытында 

«Барлық пәндер арқылы» тақырыбында  20 минуттық үзілісте кітап     

 ОҚУ САҒАТЫ

Мақсаты: Кітап оқуды насихаттау, оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

    


«Кітапхана – білім мен ғылым ордасы» кітапханаларға саяхат

Мектеп кітапханасының сыртқы байланысы

«Мол үміт күтем, жас ұрпақ сендей асылдан» Дөңгелек үстел

Н.Байганин ат.облыстық балалар кітапханасы

 


«Желтоқсан-Тәуелсіздіктің ұлы рухы»

Танымдық сағат   

Танымдық сағатының мақсаты:
• Қазақстан тарихында желтоқсан оқиғасының алатын орнын ашып көрсету. Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді осы тәуелсіздікке жету жолында еліміздің жеткен жетістіктерін жастарға жеткізе ұғындыру.
• Оқушыларға қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Тәуелсіздік күнінің мәнін аша отырып, «Желтоқсан»қозғалысының саяси орынын анықтау, тарихи дәйектемелерге тоқтала отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз –ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Отанды, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.
  Танымдық сағатының әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап  

 


«Оқуға құштар мектеп»  жобасы  аясында

ақын – жазушылардың  шығармаларын насихаттау, сыныппен кітап оқу

дәстүрін арттыру мақсатында 5-6,7-8 сынып оқушылары арасында

«Ең үздік оқырман» сынып сағаты

(постер қорғау, викториналық сұрақ- жауап, кахут интелликтуалды ойын арқылы талдау)


«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында

6 сынып оқушылары арасында өткізілген

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

 атты әдеби вернисаж

Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа"шығармасынан сахналық қойылым.                       

✅Мақсаты: Қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ақын- жазушыларымыздың әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.
✅«Бір ел – бір кітап — 2024» республикалық акциясы бойынша қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев шығармалары жаппай оқуға ұсынылды.                                                                   

Шараға 6 Б- сынып оқушылары жазушының "Менің атым Қожа" шығармасынан сахналық қойылым көрсетіп, өздерінің актерлік шеберліктерімен белсенділік танытты.

https://www.instagram.com/p/C3hqOSNMGcx/?igsh=bDNhOW90Z2V0Z2d


 «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы аясында

ЖАС ОҚЫРМАНДАР САЙЫСЫ «МЕНІҢ СҮЙІКТІ КІТАБЫМ

Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, оқыған кітаптары жайлы бір-біріна айтып, қызықтыруға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін арттыру, кітап оқуға қызығушылығын ояту.

https://www.instagram.com/p/CpPXpv-s6m7Yh9TthTNtIWYbgfGMpmP76XjNTo0/?igshid=OWEyOTRmYTI=


 «Оқуға құштар мектеп» және «Балалар театр» жобалары аясында

7-8 сынып оқушылары арасында өткізілетін

«Білімділер бәйгесі» сайысы

 

Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік, шың талантымен шырқау көкке көтерілген дарынды ағартушы ақын-жазушыларымыздың шығармаларын насихаттау мақсатында «Оқуға кұштар мектеп» және «Балалар театры» жобалары аясында ақын жазушылардың шығармалары бойынша  7-8 сынып оқушылары арасында «Білімділер бәйгесі» сахналық қойылым сайысы өткізілді.                                                                                                                  

Шара барысында, оқушылар әрбір кезең бойынша тапсырмаларды белсене орындап, өздері оқыған әдеби кітаптарын туралы ойларын ортаға салып талқылай білді.    Әділқазылар алқасының шешіміне орай  белсенділік танытып сахналық қойылымға қатысқан оқушыларды  дипломдармен марапатталды.


«Оқуға кұштар мектеп»

«Досболlike акциясы аясында»,

«KITAP GAME» интеллектуалды сайысы

Мақсаты: Мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету. Ата-бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал-мәтел, жұмбақ шешендік өнер арқылы өз елінің шежіресін білуге, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлі сыйлауға баулу.Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу.                                                                                               

«Оқуға кұштар мектеп» жобасы аясында 5 сынып оқушыларының арасында кітап оқуды насихаттау бағытында «KITAP GAME» атты интеллектуалды сайысы өткізілді.


«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша

«Тоғыз айға тоғыз іс-шара» аясында

 «Сүйікті кітабым» челленджі

 

Мақсаты: Білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту.

Міндеттері:

  • Білім алушының функционалдық оқу дағдысын және шығармашылық қиялын дамыту
  • Білім алушының кітап оқуға қызығушылығын ояту
  • Білім алушыларда оқыған кітаптарының мазмұны мен сүйікті кейіпкерлерінің мінез-құлқы туралы өзара талқылауға негізделген қарым-қатынас жасау мәдениетін дамыту

Қатысушылар: 1-11 сынып білім алушылары.                                                       

1.Ұйымдастыру: Барлық білім алушылар бір уақытта өздері таңдаған кітабынан үзінді оқиды және басқа қатысушылармен ой бөліседі    


«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП»

«Оқуға құштар ата - ана» жобасы

   МақсатыАта-аналардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, өзі оқыған көркем әдеби шығармалармен бөлісіп насихаттау, ата-аналардың оқырман белсенділігі мен оқырман біліктілігін дамыта отырып, қазақы таным-түйсікке толы төл әдебиетімізді оқуға ынталандыруды, төл әдебиетімізді кеңінен насихаттауды мақсат ету. Ата аналардың оқуға құштар құзыреттіліктерін арттыру.

   


«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Тоғыз айға тоғыз іс-шара» аясында «Сүйікті кітабым» челленджі

Мақсаты: Білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту.

Міндеттері:

  • Білім алушының функционалдық оқу дағдысын және шығармашылық қиялын дамыту
  • Білім алушының кітап оқуға қызығушылығын ояту
  • Білім алушыларда оқыған кітаптарының мазмұны мен сүйікті кейіпкерлерінің мінез-құлқы туралы өзара талқылауға негізделген қарым-қатынас жасау мәдениетін дамыту

Қатысушылар: 1-11 сынып білім алушылары.                                                       

1.Ұйымдастыру: Барлық білім алушылар бір уақытта өздері таңдаған кітабынан үзінді оқиды және басқа қатысушылармен ой бөліседі    

   


«Оқуға кұштар мектеп»

«Досболlike акциясы аясында»

«KITAP GAME» интеллектуалды сайысы

Мақсаты: Мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету. Ата-бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал-мәтел, жұмбақ шешендік өнер арқылы өз елінің шежіресін білуге, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлі сыйлауға баулу.Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу. «Оқуға кұштар мектеп» жобасы аясында 5 сынып оқушыларының арасында кітап оқуды насихаттау бағытында «KITAP GAME» атты интеллектуалды сайысы өткізілді.

   


«Оқуға құштар мектеп» және «Балалар театр» жобалары аясында 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Білімділер бәйгесі» сайысы

Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік, шың талантымен шырқау көкке көтерілген дарынды ағартушы ақын-жазушыларымыздың шығармаларын насихаттау мақсатында «Оқуға кұштар мектеп» және «Балалар театры» жобалары аясында ақын жазушылардың шығармалары бойынша  7-8 сынып оқушылары арасында «Білімділер бәйгесі» сахналық қойылым сайысы өткізілді. Шара барысында, оқушылар әрбір кезең бойынша тапсырмаларды белсене орындап, өздері оқыған әдеби кітаптарын туралы ойларын ортаға салып талқылай білді. Әділқазылар алқасының шешіміне орай  белсенділік танытып сахналық қойылымға қатысқан оқушыларды  дипломдармен марапатталды.

   


«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы аясында ЖАС ОҚЫРМАНДАР САЙЫСЫ «МЕНІҢ СҮЙІКТІ КІТАБЫМ»

Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, оқыған кітаптары жайлы бір-біріна айтып, қызықтыруға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін арттыру, кітап оқуға қызығушылығын ояту.                

   

                                                                                    


«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 6 сынып оқушылары арасында өткізілген «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби вернисаж

Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа"шығармасынан сахналық қойылым. ✅Мақсаты: Қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ақын- жазушыларымыздың әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.
✅«Бір ел – бір кітап — 2024» республикалық акциясы бойынша қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев шығармалары жаппай оқуға ұсынылды. Шараға 6 Б- сынып оқушылары жазушының "Менің атым Қожа" шығармасынан сахналық қойылым көрсетіп, өздерінің актерлік шеберліктерімен белсенділік танытты.


 «Желтоқсан-Тәуелсіздіктің ұлы рухы»

Танымдық сағат

Танымдық сағатының мақсаты:
• Қазақстан тарихында желтоқсан оқиғасының алатын орнын ашып көрсету. Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді осы тәуелсіздікке жету жолында еліміздің жеткен жетістіктерін жастарға жеткізе ұғындыру.
• Оқушыларға қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Тәуелсіздік күнінің мәнін аша отырып, «Желтоқсан»қозғалысының саяси орынын анықтау, тарихи дәйектемелерге тоқтала отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз –ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Отанды, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.
  Танымдық сағатының әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап

«Оқуға құштар мектеп»  жобасы  аясында ақын – жазушылардың  шығармаларын насихаттау, сыныппен кітап оқу дәстүрін арттыру мақсатында 5-6,7-8 сынып оқушылары арасында «Ең үздік оқырман» сынып сағаты (постер қорғау, викториналық сұрақ- жауап, кахут интелликтуалды ойын арқылы талдау)


 

 

«Кітапхана – білім мен ғылым ордасы» кітапханаларға саяхат

Мектеп кітапханасының сыртқы байланысы

«Мол үміт күтем, жас ұрпақ сендей асылдан» Дөңгелек үстел

Н.Байганин ат.облыстық балалар кітапханасы

C.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы


«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы аясында

 балалардың кітап оқу құзыреттілігін арттыру бағытында «Барлық пәндер арқылы» тақырыбында  20 минуттық үзілісте кітап ОҚУ САҒАТЫ

Мақсаты: Кітап оқуды насихаттау, оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.


«Теңге Тәуелсіздік келбеті» Патриоттық сағат 

Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып,  Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихын, оның маңызын түсіндіру.            


«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» 5-6 сынып оқушыларымен «Бір кітап бір сынып» Tik Tok челленджі                                                      

Мақсаты: оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыруда кітап қиялдары әлеміне ұмытылмас топ саяхат жасау


Менің отаным - Қазақстан танымдық сайысы

Мақсаты:
1. Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.


«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында күзгі демалыс кезінде «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара барысында 3 - 4 сынып оқушылары арасында «Кім жүйрік!» челленджі .

 Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, кітапты пайдалануға баулу, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту.


«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы аясында

Сұлтанмахмут Торайғыровтың шығармаларын насихаттау мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында «Бір кітап-бір сынып» атты эссе байқауы өткізілді.

Мақсаты: Көркем әдебиеттерге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру.

С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романының мазмұны жағынан талдау жұмысы орындалады. Әр бөлімге қысқаша сипаттама беру тапсырылады. І. Шығарма тақырыбы: Әлеуметтік теңсіздік, әйел теңсіздігі ІІ. Шығарма идеясы: ІІІ. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер: Қатысушы класс оқушыларына берілген тақырып бойынша эссе жазылды. Шара барысында, оқушылар әрбір кезең бойынша тапсырмаларды белсене орындап, өздері оқыған әдеби кітаптарын туралы ойларын ортаға салып талқылай білді. Шараға қатынасқан оқушылар алғыс хат, дипломдармен марапатталды.


«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Жаңа кітаптар» кітап көрмеге библиографиялық шолу

Шараның мақсаты – жаңа түскен кітаптар топтамасымен оқырман қауымды таныстырып, кітап оқуға басшылық ету, бос уақыттарын тиімді өткізуге баулу, балаларға ертегілер және қазақ ақын-жазушылары туралы мәліметтер беру.


  

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, С.Жиенбаев ат.обл. жасөспірімдер кітапханасы бірлесе «Кітапхана әлеміне саяхат», «Кітап Game» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Кітап оқуды кеңінен насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру, мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатында «Кітап Game» интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Шара барысында «Кітап Game» және «Кахут» т.б секілді ойындармен «Абай жолы», «Кел, балалар, оқылық» топтарға бөлініп сайысты. Сайыс мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, рухани-адамгершілік тәрбие беру. Осындай іс-шаралар негізінде балалардың оқу мәдениетін қалыптастыра отырып, көркем шығармалады насихаттау алдыңғы мақсатта тұрды. Шараға белсене қатысқан оқушылар дипломмен Алғыс хаттармен марапатталды.

«Артық білім - кітапта, ерінбе оқып көруге»

                                                                                                                                                                 Абай          


«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай шығармаларын насихаттау мақсатында «Шәкәрімнің рухани мұрасы» атты Шәкәрім оқулары ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қазақ халқының ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларын насихаттау; Жасөспірімдерді ұлы баба мұрасын терең игеріп, танымдық мәнін меңгеруге талпындыру; Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың  рухани байлығын , өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту, коммуникативтік, оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.

Шарада мектебіміздің оқушылары Шәкәрімнің өлеңдерін оқып, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының "Бойы бұлғаң" әнін орындады.

9 - класс оқушылары Шәкәрім Құдайбердіұлының "Қалқаман - Мамыр" шығармасынан көрініс қойды.

Сондай - ақ оқушылармен бірге "Білім сандығы", "Білгеніңмен бөліс" атты қызықты ойындар өткізілді.

Шара соңында іс - шараға белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

 


"Оқуға құштар мектеп" жобасының жоспарына сай бастауыш класс оқушылары арасында "Қазақ халық ертегілері" бөлімі бойынша сахналық қойылымдар көрсетілді.

✅️Мақсаты:
- халық ертегілері негізінде адамгершілікке баулу, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту;
- оқылым, айтылым дағдыларын жетілдіру;
- дарынды оқушыларды анықтау;

 


2022 жылдың 18-і қазан күні Республика күніне орай "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Адам болам десеңіз..." Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқау 2-7 класс оқушылары арасында өтті.

Байқау қорытындысы төмендегідей:
2-4 сыныптар аралығында
1)Баетова Султана 4”Ә” сынып оқушысы -I орын
2)Дулатов Әли 3”А” сынып оқушысы - І орын
3)Кенжегулова Райан 3”Ә” сынып оқушысы-І орын
4)Қанатбаев Азиз 3 “Ә” сынып оқушысы -І орын
5)Ержан Айзере 3”Ә” сынып оқушысы - ІІ орын
6)Шотова Айару 3”Ә” сынып оқушысы - ІІ орын
7)Бекжан Рустам 4”Ә” сынып оқушысы - ІІІ орын
8)Тугозбаева Аягөз 4”Ә” сынып оқушысы - ІІІ орын
9)Марат Айя 2”А” сынып оқушысы - ІІІ орын
10)Серік Назерке 4”Ә” сынып оқушысы - Алғыс хат
11)Сагинбаева Айназ 4”Ә” сынып оқушысы - Алғыс хат
12)Нұрберген Аружан 4”Ә” сынып оқушысы - Алғыс хат
13)Ораз Байбек 4”Б” сынып оқушысы - Алғыс хат
14)Бақытжан Нұрайым 4”Б” сынып оқушысы - Алғыс хат
15)Жолдасова Айару 2”В” сынып оқушысы - Алғыс хат
16)Марат Халима 2”А” сынып оқушысы - Алғыс хат
5-6 сынып аралығында
1)Талғатова Жупар 5”Б” сынып оқушысы - І орын
2)Ерназар Уалиахмет 6”А” сынып оқушысы - ІІ орын
3)Әбибулла Қарақат 5”А” сынып оқушысы - ІІ орын
4)Ғалел Мерей 5”В” сынып оқушысы - ІІ орын
5)Қуанышқали Арқат 6 “А” сынып оқушысы - ІІ орын
6)Избаскан Амина 6”Б” сынып оқушысы- ІІІ орын
7)Байзулла Аяна 6”В” сынып оқушысы - ІІІ орын
8)Еділова Жанель 5”Г” сынып оқушысы - ІІІ орын
9)Акшулакова Меруерт 5”Г” сынып оқушысы - Алғыс хат
10)Дархан Сезім 5”В”сынып оқушысы - Алғыс хат
11)Анарбек Даяна 5”А” сынып оқушысы- Алғыс хат

 



 


 


 Сол мақсатқа жету жолында 39 ҚОЖББМ жас оқырмандарына қолдау көрсетіп келеді. Жүргізіліп жатырған жұмыстар оқушыларды оқу мәдениетіне тәрбиелеу, кітапқа деген құрмет пен сүйіспеншілігін қалыптастыру, ең бастысы кітапты оқуға құштарлығын шыңдау болып табылады.


Тақырыбы: 2021-2022 оқу жылы бойынша оқушылар марапатталды

 

2021-2022 оқу жылы бойынша №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі кітапханасының ұйымдастыруымен оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін арттыруға бағытталған іс-шараларына белсене қатысқан білімалушылар марапатталды.


 

Тақырыбы: Мектеп кітапханасында «Балалар әлемінің ұлы ұстазы» атты сайыс өткізілді 12-мамыр 2022 жыл

 
«Тағылымды тәрбие - бала болашағының іргетасы» атты тәрбие айлығының іс-шаралар жоспары бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, ұлы ұстаз  Ы.Алтынсариннің шығармаларын насихаттау бағытында мектеп кітапханасының ұымдастыруымен «Балалар әлемінің ұлы ұстазы» атты сайыс  5-класс оқушылары арасында өткізілді. Сайыс кезінде оқушылар ақынның өмірбаяны мен шығармаларын, өлеңдерін, әңгімелерін сомдап, мақалдар мен жұмбақтардың шешімін тауып, шараға белсене қатысты.

Іс-шараның мақсаты: оқушылар қазақ халқының алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға, еліне, халқына, ұлы тұлғаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларға сайыс жүргізе отырып, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру,балалар жазушыларының шығармаларын көпшілікке насихаттау.

 


Тақырыбы: Кеңес  Одағының батыры, қаһарман қазақ қызы Мәншүк  Мәметованың 100 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс жаңғырығы» атты оқу марафоны өткізіліп, кең көлемде көрме жасақталды 6-мамыр 2022 жыл

 

Кеңес  Одағының батыры, қаһарман қазақ қызы Мәншүк  Мәметованың 100 жылдығына орай (1922-1943) «Ұлы Жеңіс жаңғырығы» атты оқу марафоны өткізіліп, кең көлемде көрме жасақталды. 3 А класс оқушылары өлең жолдарын оқып, шараға белсене қатысты.

Іс-шара мақсаты: Аттары аңызға айналып, ерлік ісі барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген, ерліктің мәңгі алауын жаққан қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету. Оқушыларды қазақтың қос батыры Әлия мен Мәншүк есімдерін қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.  Ұлы Жеңіс күніне орай батырлармыздың ерлігімен таныстыру. 

Әйгілі пулеметші Мәншүк Мәметованың өмірінен сыр шерту.

Майданда есімі асқақтаған батыр қыз 1922 жылдың қазанында Батыс Қазақстан облысы Орал ауданында дүниеге келген. Оның балалық шағы Жасқұс деп аталатын ауылда өтті. Әкесі Жиенғали қоймада күзетші болып, ал анасы Тойшылша үй шаруасымен айналысқан.

Мәншүк Мәметованың ата-анасының азан шақырып қойған есімі – Мәнсия. Анасы бала күнінде еркелетіп "Моншағым" деп, кейін Мәнсияның атын айтуға тілі келмей, "Мәншүк" деп кетеді. Құжат алар кезде де батыр қыз өз есімін "Мәншүк" деп жаздырады.

Үш жасында Мәншүкті әкесінің інісі Ахмет пен оның жары Әмина Мәметовалар асырап алады. Ахмет – қазақтан шыққан алғашқы дәрігер, ал әйелі Әмина – әдебиет пәнінің мұғалімі әрі әдіскер.

 


Тақырыбы: «Кітапсүйер оқырман» атты қалалық байқауы өткізілді 30-сәуір 2022 жыл

 
«Балалар жылына» орай «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілген «Кітапсүйер оқырман» атты қалалық байқауына мектебіміздің кітапхана оқырмандары 6 «А» класс оқушылары Ақбай Раушан мен Талғатқызы Айдана қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.
Жетекшісі: Конырова Н., Иламанова С.


Тақырыбы: Жазушы Ғабит Мүсіреповтың  туғанына 120 жыл толуына орай «Көркем сөздің шебері» атты әдеби вернисаж өткізілді 30-сәуір 2022 жыл

 

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  қазақ  әдебиетінің  классигі, жазушы Ғабит Мүсіреповтың  туғанына 120 жыл толуына орай, жазушының шығармаларын насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау бағытында мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Көркем сөздің шебері» атты әдеби вернисаж өткізілді. Шараға 7 а класс оқушылары белсене қатысты.

Шара мақсаты: Сөз зергері, ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға - Ғабит Мүсіреповтың жасаған игі істерін зерттей, жазушы  шығармаларын оқушыларға өз беттерімен оқыта отырып, шығармаларының идеялық тақырыбын жан-жақты ашу. Ғабит Мүсірепов әңгімелеріндегі заман сипатын, әділдік пен адамдық үшін күрескен аналар бейнесін тарих пен әдебиеттің үндесетінін табу арқылы таныту, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, іздемпаздық ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту.  Жазушының өнегелі өмірін, қайратын үлгі ете отырып, оқушыларды туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, ерлікке, мейірімділікке, елін сүюге баулу.

Пән мұғалімі: Мурзагалиева Рита


Тақырыбы: "Бір ел - бір кітап"  республикалық акциясы аясында оқуға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары ұсынылып, мектеп кітапханасында «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында кітап көрме жасақталып, библиографиялық шолу жасалды 12-сәуір 2022 жыл
 
"Бір ел - бір кітап"  республикалық акциясы аясында оқуға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары ұсынылып, мектеп кітапханасында «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында кітап көрме жасақталып библиографиялық шолу жасалды. Шараға 6 б кл оқушылары қатысты.
Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетті насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарды адамгершілік-патриоттыққа тәрбиелеу, ана тілін құрметтеу.                                                                          
2022 жылы ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист, реформатор, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың (1872-1937) туғанына 150 жыл толады.
Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми және әдеби шығармашылығына арналады.
2022 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша еліміз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша зерттейтін болады:
- «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»;
- «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»;
- «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»;
 - Қазіргі ғылымдағы Байтұрсыновтану».

Тақырыбы: Ғарыш әлеміне саяхат 8-сәуір 2022 жыл

 

2022 жылдың 8-сәуір күні «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ №3 қалалық кітапханасымен №39 ҚОЖББМ кітапханасы бірлесіп, 12-сәуір Ғарышкерлер күніне орай «Ғарыш әлеміне саяхат» атты іс-шара ұйымдастырды. Бұл шараға 6-класс оқушылары қатысып, ғарыш тақырыбында ғажайып суреттер салу арқылы өз ойларын қағаз беттеріне түсірді. Жетекшісі: Бижанова Индира

 


Тақырыбы: «Кел, бірге оқиық!» атты оқу сағаты 7-сәуір 2022 жыл

 

«Кел, бірге оқиық!» атты тақырыпта 2 б класс оқушыларының үзілісті тиімді пайдалану мақсатында  20 минут, 5 минуттық дауыстап оқу барысы.

Оқу сағаты мектебімізде әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері өтеді.

Мақсаты:  Кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру.  Кітап оқуға басшылық жасау.


Тақырыбы: «Қош келдің - әз Наурыз!» атты әдеби караоке (ұлттық салт-дәстүрлер жиынтығын) өткізілді 16-наурыз 2022 жыл

 

№3 Қалалық кітапхана мен №39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп кітапханасы бірлесе отырып, Ұлтымыздың ұлы мерекесі - Наурыз мейрамына зор көңіл бөліп атау өту мақсатында «Қош келдің - әз Наурыз!» атты әдеби караоке (ұлттық салт-дәстүрлер жиынтығын) өткізді.

Шара  барысында «Салт-дәстүр-асыл қазына», «Қазақтың қолөнер бұйымдары» тақырыбында кітап көрме және қолөнер көрмелері жасақталып шолу жасалды. 5 а класс оқушылары шараға  белсенді  қатысты.

Мақсаты: Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Түрлі салт - дәстүрлер көрсету.

 


Тақырыбы: «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында оқу сағаты  ұйымдастырылды 16-наурыз 2022 жыл

 

16.03.2022ж. күні мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында,  балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытында 1-класс аралығында «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында 20 минут оқу сағаты  ұйымдастырылды.

Шара барысында оқушылар қалаулары бойынша таңдап алынған кітаптарынан үзінділер оқып, қызықты тұстарын баяндай білді.

Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға, оның ішінде ертегілерді оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру, патриоттық тәрбие беру. Кітап оқуға басшылық жасау.


Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» интеллектуалды байқауы 15-наурыз 2022 жыл

 

15.03.2022ж. «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында өткізілетін іс-шаралар жоспары аясында мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 6-класс оқушылары арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» интеллектуалды байқауы өткізілді.

Шара мақсаты: Мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.

Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата - бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет - ғұрып, салт - дәстүрлі сыйлауға баулу. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу.

Сайыс кезінде білімалушылар 4 топқа бөлініп, жақсы ойын көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орын – 6 ә класы, 2-орын - 6 б класы, ал 6 а және 6 в кластары 3-орынға ие болды.


 «АНА – МӘҢГІЛІК ШУАҚ ТӨККЕН ҒАСЫРЛАРҒА» атты көрме 5-наурыз 2022 жыл
 
05.03.2022ж. күні «8-наурыз - Халықаралық Әйелдер» мерекесіне орай тәрбие іс-шаралар жоспары аясында №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі кітапханасында «АНА – МӘҢГІЛІК ШУАҚ ТӨККЕН ҒАСЫРЛАРҒА» атты көрме ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.
Мақсаты: 8-наурыз – Халықаралық Әйелдер мерекесі қарсаңында әйел ақындардың шығармашылығымен таныстыру, олардың өлеңдерін оқып, насихаттау.
 

Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында 10-класс оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді 25-ақпан 2022 жыл

 

25.02.2022ж. №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің кітапханасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында 10-класс оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында сыбайлас жемқорлық, оның себеп-салдарын, қылмыстық құқық бұзушылықтар болдырмау бағытында түсінік берілді.

Шара мақсаты: 

- «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру;

- Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту;

-  Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Шараны ұйымдастырған: тарих пәні мұғалімі Макимова А.М; кітапханашы Қоңырова Н.М.


Тақырыбы: «Қазақтың соңғы ханы - Кенесары» атты танымдық сағаты өткізілді 25-ақпан 2022 жыл

 

25.02.2022ж. Кенесары ханның туғанына 220 жыл толуына орай мектеп кітапханасында «Қазақтың соңғы ханы - Кенесары» атты танымдық сағаты өткізіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға мектебіміздің 8 ә, 8 в класс оқушылары қатысты.

Шара мақсаты:

1. Кенесары Қасымұлының өмірі, қызметі, ерлігі, тарихта алатын орны  Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызына түсінік беру.

2. Топ ішінде бір-біріне ықпал ете отырып өз беттерімен меңгеру дағдыларын дамыту,  алған біліміне қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

3. Кенесары көтерілісінің маңызын аша отырып, басқа да ұлт-азаттық көтерілістермен салыстыра алу, өз ойларын дәйектерге сүйене отырып жеткізе білу қабілеттерін дамыту.

Шараны ұйымдастырған: тарих пәні мұғалімі Кожакова М.С.; кітапханашы Қоңырова Н.М.


Тақырыбы: “Алыстағы алау” әдеби сторителлинг (эссе) өткізілді 10-ақпан 2022 жыл
 

10.02.2022ж. күні №3 қалалық кітапхана мен №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі бірлесіп, көрнекті жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Рахмет Өтесіновтің 95 жылдық мерейтойына орай “Алыстағы алау” әдеби сторителлинг (эссе) өткізілді. Мектеп оқушыларлары аты аңызға айналған ақын, жазушының өмір жолы, шығармашылығы және жарық көрген кітаптарымен танысты. Мектебіміздің 7-8 класс оқушылары тақырыпқа сай эссе жазды. Аталмыш шараға қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз.


Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты көрме 14-желтоқсан 2021 жыл

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында өткізілетін айлық іс-шаралар жоспары аясында мектеп кітапханасында «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты көрме жасақталып, 2а класс оқушылары арасында библиографиялық шолу өткізілді. Мақсаты: Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау; Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.


Тақырыбы: «Кітапханаға кітап сыйла» қайырымдылық акциясы 11-желтоқсан 2021 жыл

 

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздік - Мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында өткізілетін айлық іс-шаралар жоспарына сай, тарих бірлестігінің пән мұғалімдері «Кітапханаға кітап сыйла» қайырымдылық акциясы барысында мектеп кітапханасына Мұхтар Әуезовтың төрт томдық «АБАЙ ЖОЛЫ» роман-эпопеясының 2020 жылғы жаңа басылымын сыйлады. Сонымен қатар мектеп оқушыларына арнап әдеби кітаптарды табыс етті.



Тақырыбы: «Книга – источник мудрости» атты мәнерлеп оқудан сайыс 2-желтоқсан 2021 жыл

 

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай 2021 жылдың 2-желтоқсан күні «Без языка мир не будет так дружен…» атты орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында мектеп кітапханасында білім алушылар арасында мәнерлеп оқудан «Книга - источник мудрости» атты сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты: Оқушыларға ақындардың өмірі мен шығармашылығын таныту, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерді мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдердің тәрбиелік мәнін түсіндіру. Оқушылардың өлеңге деген ынтасын, көркем сөз оқу шеберлігін арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Сайысты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Джанасаева Гүлсім Тулегеновна мен Кыныртаева Айгуль Жаксылыковна және мектеп кітапханашылары ұйымдастырды.



Тақырыбы: «Елбасы – Ел тірегі» атты көрме 30-қараша 2021 жыл

 

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» атты тәрбие іс-шаралар апталығының аясында бүгін мектеп кітапханасында «Елбасы – Ел тірегі» атты көрме жасақталып, библиографиялық шолу ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық-патриоттық сезімге тәрбиелеу, басшылық етудің күрделі де маңызды екенін сезіну.