"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
2025 - 2026 оқу жылы

ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес  жүргізіледі.

Мекен – жайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Ағ.Жұбановтар көшесі 293А

Телефон нөмірі: 8(7132)46-73-71

Электрондық пошта мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Мектептегі бос және (немесе) уақытша бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «ENBEK.KZ» сайтынан, мектеп сайтына Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ,  инстаграм парақшасынан 39qazaqortamektep_lyceum  көруге  болады.

 

Конкурсқа жарияланған бос орын:

Бос және (немесе) уақытша бос лауазым атауы Орын саны Сағат жүктемесі Оқу тілі Тұрақты немесе уақытша орын Ақы төлеу мөлшері
1 Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 1 16 сағ қазақ тұрақты 120000-150000 ( жүз жиырма мың-  жүз елу мың) теңге (еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты)
2 Ағылшын тілі мұғалімі 1 16 сағ қазақ Уақытша (декрет орны) 120000-150000 ( жүз жиырма мың-  жүз елу мың) теңге (еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты)
3 Бастауыш класс мұғалімі 1 14 сағ қазақ Уақытша (декрет орны) 120000-150000 ( жүз жиырма мың-  жүз елу мың) теңге (еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты)
4 Информатика 1 16 сағ қазақ Тұрақты 120000-150000 ( жүз жиырма мың-  жүз елу мың) теңге (еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты)
5 Кітапханашы 1 1 бірлік қазақ Тұрақты 120000-140000 ( жүз жиырма мың -жүз қырық мың теңге
6 Педагог-ассистент ( 01.09.2025-01.06.2026) 5   қазақ уақытша 90000-120000 ( тоқсан мың- жүз жиырма мың) теңге (еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты)
7 Қосымша білім беру педагогы (хореграфия үйірмесі) 1   қазақ Уақытша (декрет орны) 100000-115000 ( жүз мың-  жүз он бес мың) теңге (еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты)
8 Қосымша білім беру педагогы (робототехника үйірмесі) 1   қазақ Уақытша (декрет орны) 100000-115000 ( жүз мың-  жүз он бес мың) теңге (еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты)
9 Тәлімгер 1   қазақ Уақытша (декрет орны) 100000-110000 ( жүз мың-  жүз он мың) теңге (еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты)

 

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күн ішінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 113-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдай алады.

 1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

      11) осы Қағидаларға 1213-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

      114. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.

   115. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

 

Құжаттарды қарау үшін конкурсқа қатысушы педагог мамандар құжаттың қағаз түріндегі нұсқасын мектептің қабылдау бөліміне 29-тамыз сағат 17.00-ге дейін тапсыру керек.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 21.08-29.08.2025 ж.аралығында.

Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы – бес жұмыс күні аралығында өткізіледі.