"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Балалар театры

«Менің атым Қожа» сахналық қойылым

«Балалар театры»жобасы мен «Балалар кітапханасы» жобасы аясында, «Бір ел – бір кітап — 2024» республикалық акциясы шеңберінде қазақ прозасына өзгеше өрнек, терең мазмұн әкелген көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында мектеп-лицейімізде іс-шара ұйымдастырылды. Аталған акция аясында жазушының әлемге танымал туындысы – «Менің атым Қожа» повесін кеңінен насихаттау, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру әрі рухани дүниесін байыту мақсатында 5-сынып оқушылары арасында сахналық қойылым өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар жазушының шығармашылық әлемімен тереңірек танысып, өз өнерлерін ортаға салып, көркем шығарма желісі бойынша кейіпкерлер бейнесін сомдады.


«Әке-Ана. Мейірім шуағы» қойылымының анықтамасы

Қараша айының 23 жұлдызы күні мектебіміздің «Балалар театры» жобасы аясында білім алушылары «Шығармашылық академиясында» өткізілген Қ. Медетов атындағы Мәртөк балалар өнер мектебінің актерлық класының «Әке-Ана. Мейірім шуағы» қойылымын тамашалады.

Мақсаты-жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабатылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Аталған іс-шараға мектеп басшысы, 2 класс жетекші, 25 оқушы және тәрбие орынбасары Б. Батыргалиев қатысты.


 «Ыбырай - ұлы тұлға» әдеби-интеллектуалдық сайысы

Ақпан айының 14 жұлдызы күні «Балалар театры» жобасы аясында мектеп кітапханасы мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Ыбырай-ұлы тұлға» әдеби-интеллектуалдық сайысы өткізілді.

Мақсаты-қазақ халқының алғашқы ұстазы өзіндік орны ерекше Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылар білімін толықтыру. Өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға, еліне, халқына, ұлы тұлғаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Тіл білімінің негізін салушы, ұлт мақтанышы Ы.Алтынсариннің шығармаларынан ғибрат алу, қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Аталған іс-шараға мектебіміздің 6 - сынып оқушыларынан құралған 3 команда қатысты. «Ыбырай-ұлы тұлға» әдеби-интеллектуалдық сайысының ережесі 3- кезең бойынша өткізілді.

1. «Шежіре» Ы.Алтынсариннің жеке өміріне қатысты сұрақтар. Экранда ұяшықтар беріледі, таңдаған ұяшықтың ішінде сұраққа шапшаңдықпен жауап беру;

2. «Постермен жұмыс». Бұл кезеңде ақын туралы сұрақтар беріледі, жауабын постерге түсіріп, баяндау;

3. Шығармашылық кезең: «Ыбырай әңгімелері» Ы. Алтынсариннің шығармалары желісі бойынша сахналық қойылымдар қояды.

Командалық сайыстың қорытындысы бойынша:

1. 6 «Б» сынып «Алаш ұрпақтары» командасы жүлделі 1 орын;

2. 6 «В» сынып «Бірлік» командасы жүлделі 2 орын;

3. 6 «А» сынып «Дарын» командасы жүлделі 3 орын мен марапатталды.


VII Облыстық "Ерке Театр AKTOBE" балалар театр фестивалі

"Жыл басына таласқан хайуанаттар"

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Балалар театры" жобасына орай мектеп-лицейіміздің 2"ә" сынып білім алушылары VII Облыстық "Ерке Театр AKTOBE" балалар театр фестиваліне ат саоысып, "Жыл басына таласқан хайуанаттар" қойылымын кәсіби деңгейде сахналағаны үшін, "ЕҢ ТАНЫМДЫҚ ҚОЙЫЛЫМ" номинациясын иеленді. Барлық қатысушылар Дипломмен марапатталды. 

жетекшісі: Басмағамбетова Гүлзада Кұрманбайқызы.

Құттықтаймыз !!!


"Жарқыра балапан" байқауы

«Зерделі» қойылымы

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Балалар театры"жобасына орай өнерлі балаларға арналған республикалық "Жарқыра балапан" байқауына қатысып, "Театр"номинациясы бойынша мектеп-лицейіміздің 2"ә" сынып оқушылары "Бас жүлдені" иеленді.

жетекшісі: Басмағамбетова Гулзада Курманбаевна

Құттықтаймыз!!!!


2021-2022 оқу жылы

«Балалар театры»жобасы мен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, Абай Құнанбаевтың «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» кітабын талдау бағытында, мектеп кітапханасында 6 «ә» сынып оқушыларымен Абай аудармаларына қойылым ұйымдастырылды.

Мақсаты: Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау. Ұлы ақынның шығармаларына шолу жасау, өлеңдері, қара сөздері, аудармаларын мәнерлеп оқуға құштарлығын ояту, оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру, оқу дағдыларын қалыптастыру. Кітап оқу арқылы рухани-адамгершілік әлемді дамыту. Оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқу дағдыларын қалыптастыру.

2022-2023 оқу жылы

«Балалар театры»жобасы және «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы аясында
«Ертегілер әлемі» сынып сағаты

МАҚСАТЫ: Ертегі мазмұнымен қызықтыру нәтижесінде оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың бойында шығармашылық ізденіс қалыптастыру, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, ойлау кеңістігін дамыту. Кітап оқуды насихаттау, оқушылар арасында сыныппен кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

«Балалар театры »және «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы
аясында Ыбырай Алтынсарин шығармаларын насихаттау
мақсатында 5 - кластар арасында

«Білімділер бәйгесі» атты сахналық қойылым сайысы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебімізде қазақ сахарасының біртуар ұлы,қазақтың ұлы ақыны, жазушы Ыбырай Алтынсарин шығармашылығын насихаттау мақсатында 5-класс оқушылары арасында «Білімділер бәйгесі» интеллектуалды сайысы өтті. Сайыс мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру,рухани-адамгершілік тәрбие беру .

2022-2023 оқу жылы

2022-2023 оқу жылы
«Балалар театры»жобасы және «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы
аясында Ыбырай Алтынсарин шығармаларын насихаттау мақсатында 6-кластар
арасында «Білімділер бәйгесі» атты сайыс

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебімізде қазақ сахарасының біртуар ұлы,қазақтың ұлы ақыны, жазушы Ыбырай Алтынсарин шығармашылығын насихаттау мақсатында 6-класс оқушылары арасында «Білімділер бәйгесі» интеллектуалды сайысы өтті. Сайыс мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру,рухани-адамгершілік тәрбие беру . Осындай іс-шаралар негізінде балалардың оқу мәдениетін қалыптастыра отырып, көркем шығармалады насихаттау алдыңғы мақсатта тұрды. Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзіреттілігін арттыру өте маңызды міндет. Сайыс 3 кезең бойынша өткізілді.

2022-2023 оқу жылы


«Балалар театры»жобасы және «Оқуға құштар мектеп» жобасы
аясында, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повесінен сахналық
қойылым.

Мақсаты: қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Елжандылыққа тәрбиелеу.

 Қасым Қайсеновтың 105 жылдығына орай
шығармаларын насихаттау мақсатында «Ерлік туралы
сыр шерткен» әдеби сағаты өткізілді.
«Жау тылындағы бала» повестінен «Балалар
театры»жобасы аясында қойылым көрсетілді.

Мақсаты: Оқушыларға Қазақ батыры, халық қаһарманы, партизан жазушы Қасым Қайсенов туралы тереңірек таныстыру. Батырдың ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету. Оқушылардың бойында отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беру. Көрме, Слаид «Қазақтың қас батыры» Көрініс: (Мұңды әуен ойнап тұрады). Ән ойналып жатқанда бірі баласын, бірі әкесін, ал бірі сүйген жарын, бірі бауырын соғысқа шығарып салып тұрғаны сомдалады.

25 – қазан Республика күніне орай өткізілген «Қыран елім-Қазақстаным!»
тақырыбындағы әдеби сазды кешінің анықтамасы

Қазан айының 24 жұлдызы күні Қазақстан Респбликасы күніне орай «Қыран елім- Қазақстаным!» тақырыбында әдеби сазды кеш өткізілді. Мақсаты - оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу. Әдеби сазды кешінде «Балалар театры»жобасы аясында «Ыбырайдың досына жазған хаты» тақырыбындағы қойылым мен басталды.

 

«Балалар театры»жобасы және «Оқуға құштар мектеп» жобасы
аясында 6 сынып оқушылары арасында өткізілген
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»атты әдеби вернисаж
Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа"шығармасынан сахналық қойылым.

Мақсаты: Қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ақын- жазушыларымыздың әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру. «Бір ел – бір кітап — 2024» республикалық акциясы бойынша қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев шығармалары жаппай оқуға ұсынылды. Шараға 6 Б- сынып оқушылары жазушының "Менің атым Қожа" шығармасынан сахналық қойылым көрсетіп, өздерінің актерлік шеберліктерімен белсенділік танытты.

 

2023-2024 оқу жылы

«Оқуға құштар мектеп» және «Балалар театр» жобалары аясында 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Білімділер бәйгесі» сайысы 

 

Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік, шың талантымен шырқау көкке көтерілген дарынды ағартушы ақын-жазушыларымыздың шығармаларын насихаттау мақсатында «Оқуға кұштар мектеп» және «Балалар театры» жобалары аясында ақын жазушылардың шығармалары бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында «Білімділер бәйгесі» сахналық қойылым сайысы өткізілді. Шара барысында, оқушылар әрбір кезең бойынша тапсырмаларды белсене орындап, өздері оқыған әдеби кітаптарын туралы ойларын ортаға салып талқылай білді. Әділқазылар алқасының шешіміне орай белсенділік танытып сахналық қойылымға қатысқан оқушыларды дипломдармен марапатталды.