1 сыныпқа құжаттарды қабылдау
2024 жылдың 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында
Хабарландыру!
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында электрондық форматта жүзеге асырылады. Өтініш беру www.egov.kz порталы арқылы қабылданады. Қызмет тегін көрсетіледі.
1-сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алты жасқа толатын балалар да бірінші сыныпқа қабылданады.
Портал арқылы өтініш беру үшін қажетті құжаттар:
1. Ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2. Медициналық құжаттар:
o «Профилактикалық екпелер картасы» (№ 065/у нысан),
o «Бала денсаулығының паспорты» (№ 052-2/у нысан);
3. Балаға арналған 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосурет.
Маңызды ақпарат:
• Өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда қабылданады.
• Қызмет көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні.
• Егер құжат тапсыру барысында қиындықтар туындаса, мектеп әкімшілігіне жүгіне аласыз.
Сұрақтар бойынша хабарласуға болады.
Сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтаймыз!
Өтініш беру кезіңде қиыншылықтар туындаса мектеп әкімшілігіне жолығуға болады.














