"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Қыздармен жұмыс

«№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ

2023-2024оқу жылы

«Еркеназ» қыздар ұйымының жылдық есебі.

 

            Бүгінгі күні отбасылық құндылықтар аса көп өзгерістерге ұшырап, отбасы қарым-қатынасының бұзылуы жиі орын алуда. Қыздардың өз әйел табиғатына тән қасиеттерін сақтап, өз орынын таба білуіне жәрдем беру, сырласу алға қойылған жөн.

Ұйымның мақсаты: Ізетті, инабатты, адамгершіліктің асыл  қасиеттерін терең түсіне білетін, қазақ қыздарына тән қасиеттерді, ары таза, сымбатты да сұлу, сыпайы, биязы, өнерлі, мейірімділікке, қарапайымдылыққа, ізгілікке, кеңпейілділікке тәрбиелей отырып, оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру әрдайым жақсылық, қамқорлық жасай біуге баулу, болашаға жарқын қыздар тәрбиелеу.

Осы мақсатқа орай мектебімізде қыздармен жұмыстар жүргізіліп жатыр.Қыздар ұйымында 33 қыз жұмыс жасайды.Ұйымның жетекшісі мектеп психологы Г.М.Жансейтова. Ұйымның құрылған  жоспары бойынша жұмыстарын жүргізлді. Ұйымдастыру жұмыстары бойынша; «Тазалық, тәртәп басты талап» тазалық қарау, бақылау апатасына екі рет жүргізілді онда ұйым мүшелері тазалықшылары атқарылды және мектеп медбикесі мен әңгіме жүргізілді. Қыздар жиналысын өткізу айына бір рет.  Өткізілген шаралар: «Бой түземей –әуелі ой түзеу» баяндама оқылды. Қыздар жиналысы өтілді. «Ақ Отау» келіндер мен «Еркеназ» қыздар клубы жобасы аясында  келіндерінің «Пайдалы тәттілер» тақырыбында шебер класс өткізілді. Ондағы мақсат – жеңге мен қыз балалар арасындағы татулық пен сыйластық қарым-қатынасты нығайту. Қыз балаларымыздың бойында имандылық, сабырлылық, жауапкершілік, адамгершілік қасиеттерді дамыту. "Салауаттылық салтымыз, қыздың ары ұлттың ары" қыздар жиналысы жүргізілді. Онда «Салауаттық – салтымыз», «Қыздың ары – ұлттың ары», ерте жүктіліктің алдын-алу  тақырыптары аясында 8-11 сынып қыздарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында қыз балалардың физиологиялық дамуы, денсаулығы, зиянды әдеттерден аулақ болу керек екендігіне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Қызым-қызғалдағым» атты өнеге сағаты болып өтті. Онда өнеге сағатында болашақ ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз балаға өнегелі де өрелі тәрбие беру жөнінде аналар өз ойларын ортаға салып, ой тастай білді. Ұлағаттылық ұяда басталатынын, қазақи ар – намыстан, ұяттан ажырамай қазақ қызына, қазақ анасына тән ибалылық туралы ой таратты. «Сен қалай өсіп жетілесің?» қыздар жиналысы жүргізілді. Жиналыс барысында ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және баршақ қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой туындайды деп №6 қалалық емхананың гинеколог, психолог мамандарымен кездесу жүргізілді. «Жылы жүрек – жақсы тілек» қыздар жиналысының кездесуі өтті. Бұндағы сабақ ойын, тренинг түрінде өтті. Балалардың пікірін тыңдау.  Балалар сіздер бұл "жылы жүрек",  "жақсы тілек" сөздерінің мағанасын қалай түсінесіздер? Балалардың  пікірлері тыңдалады. «Ананың ізін қыз басар, атаның орнын ұл басар» тақырыбында іс-шара өткізілді. «Төрт тоқсанға төрт өнер» жобасы аясында «Даналық мектебінің ұйымдастыруымен «Ананың ізін қыз басар, атаның ізін ұл басар» тақырыбында ата-аналармен бірлескен үлкен іс-шара өткізілді. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ №6 қалалық емхана жанындағы Жасдәурен жастар денсаулық орталығының мамандарымен кездесу болды. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ №6 қалалық емхана жанындағы Жасдәурен жастар денсаулық орталығының мамандарымен кездесуге мектебімізде «Еркеназ» қыз балалар клубынан құралған 9 «А», 9 «Ә», 9 «Б», 9 «В» класс оқушыларынан қыз балалар қатысты. Емхана медбикелерінен кеңестер алып, өз ойларындағы сұрақтарымен бөлісіп жауап ала алды. «Қазіргі әлеуметтік желі әсерінен сақтау жолдары» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Әлеуметтік желі бос уақыттың көп бөлігін алатынына, қазіргі жастардың басым көпшілігі тәуелді болып жатқандығы, оның қандай зиянды ірекеттерге әкелетіндігі жайында көз жеткіздік.

 «Еркеназ» қыздар клубының жетекшісі: Г.Жансейтова

 

2023-2024 оқу жылы бойынша №39 қазақ орта мектебінде «Қазіргі әлеуметтік желі әсерінен сақтау жолдары» тақырыбында жүргізілген түсіндірме жұмысының анықтамасы

Күні: 26.04.2024ж

Қатысқан: 8-11 класс қыз балалары

Мақсаты: Ғаламторға тәуелділіктен қалай айырылуға болады деген сұрақ туындайды. Алдымен, салауатты өмір салтына, жүзбе-жүз қарым-қатынасқа деген шынайы өмірге қайтып келу.

Жетекшісі : Жансейтова Г.М

Тыңдалды: Әлеуметтік желі бос уақыттың көп бөлігін алатынына көз жеткіздік. Әлеуметтік желі көзбе-көз қарым-қатынасты ығыстырып қана қоймай, әуестікті де алмастырды. Әрине, ғаламтордың жақсы жақтары өте көп: үнемді байланыс құралы, аудио және видеоның қол жетімділігі, ақпарат іздеу және алмасу мүмкіндігі және тағы басқа жақсы артықшылықтары бар. Бірақ, ол жастарды қоғамнан оқшауландырады, яғни жақындармен қарым-қатынас үзіледі, сенімсіздік пайда болады, алтын уақытын текке жұмсайды және сколиоз, арқа және нерв жүйесі сияқты ауруларға шалдығады.

«Еркеназ» қыздар клубының жетекшісі:  Г.Жансейтова

«Ананың ізін қыз басар, атаның орнын ұл басар» тақырыбында өткен іс-шараның анықтамасы

Наурыз айының 19 жұлдызы күні «Ата-аналарды қолдау орталығының» бағдарламасына сәйкес «Төрт тоқсанға төрт өнер» жобасы аясында «Даналық мектебінің ұйымдастыруымен «Ананың ізін қыз басар, атаның ізін ұл басар» тақырыбында ата-аналармен бірлескен үлкен іс-шара өткізілді.c

Бұл аталған іс-шара мектептегі «Зере» аналар клубы, «Еркеназ» қыздар клубы, «Ақ Отау» келіндер клубы мен «Бәйтерек» әкелер клубының жылдық жоспарына сай өткізілді. Мектебіміздегі 46 кластан барлығы 35 ата-ана қатысты.

Әр бір ата-аналар түрлі жұмыс түрлерінен шебер кластар көрсетті. Атап айтсақ: кондитер өнімін дайындау, тоқыма түрлерін  тоқып көрсету, шілтер тоқу, ұршық иіріп көрсету, қазы айналдырып, шұжық жасау, мантыны түюдің түрліше әдістерін көрсету, шаш үлгілері оның ішінде шаш өру түрлерін үйретті.

«Еркеназ»  жобасының қыздары қол өнер, аспазшы, тігін тігу, тоқу жұмыстарын үйреніп, өздерінің қол өнер шеберлігінің қыр-сырын меңгеруде.

Шебер сағатының негізгі мақсаты – мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасты нығайта отырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.

«Еркеназ» қыздар клубының жетекшісі:  Г.Жансейтова

2023-2024 оқу жылы бойынша №39 қазақ орта мектебінде «Жылы жүрек – жақсы тілек» қыздар жиналысының кездесу анықтамасы

Күні: 09.02.2024ж

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қарапайымдылыққа, ізгілікке, кеңпейілділікке тәрбиелей отырып, оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру әрдайым жақсылық, қамқорлық жасай біуге баулу.

Көрнекіліктер:жұмсақ ойыншық, А4 ақ парақ қағазы, әр түрлі смайликтер, түрлі-түсті қарындаштар және қағаздар, ақырын әуен ойналады.

Барысы: Сәлемдесу, балалардың көңіл-күйлерін сұрау.

Сәлеметсіздерме оқушылар! Бүгін мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Көңіл-күйлеріңіз қалай? Біз бүгін «Жылы жүректен жақсы тілек» тақырыбы аясында жаныңда жүрген жақын адамдарды, отбасындағы ата-анаңды, туған-туысқандарыңды достарыңды сыйлауды, құрметтеуді, оларға жүрегімізден шыққан жылы лебіздеріммізді айта білуді үйренеміз. Бүгінгі біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Балалар сіздер ойын ойнағанды жақсы көресіздер ме? Балалардың пікірін тыңдау. Балалар сіздер бұл "жылы жүрек", "жақсы тілек" сөздерінің мағанасын қалай түсінесіздер? Балалардың пікірлері тыңдалады.

«Еркеназ» қыздар клубының жетекшісі:  Г.Жансейтова

2023-2024 оқу жылы бойынша №39 қазақ орта мектебінде «Қызым-қызғалдағым» қыздар жиналысының анықтамасы

Күні: 24.01.2024ж

 Қатысқан: 8-11 класс қыз балалары

Мақсаты: баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі

Жетекшісі : Жансейтова Г.М

Тыңдалды:

Ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу - халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі. Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар жан-жақты әсер етіп, оны тәрбиелеуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күн ұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. Сондықтан қыздарымыз өзімен-өзі қалып бара жатқан жайы бар. 

«Еркеназ» қыздар клубының жетекшісі:  Г.Жансейтова

2023-2024 оқу жылы бойынша №39 қазақ орта мектебінде «Қызым-қызғалдағым» атты өнеге сағаты анықтамасы

Күні: 14.11.2023ж

Мақсаты: балаларды оқыта отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты күшейту, берекелі отбасын дамыту.

Қатысушылар: «Зере» аналар клубы мен «Еркеназ» қыздар клубы, 5-11 класс қыз балалары

Тыңдалды:

«Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле» дейді халық даналығы. Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз – ертеңгі ибалы келін болса, бүгінгі инабатты келініміз ертеңгі ақ жаулықты әже. Әиел бесік иесі. Бесігіміз түзелу үшін қызымыздың жақсы да тәрбиелі болуын осы күннен ойлануымыз керек. Бүгінгі өнеге сағатында болашақ ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз балаға өнегелі де өрелі тәрбие беру жөнінде аналар өз ойларын ортаға салып, ой тастай білді. Ұлағаттылық ұяда басталатынын, қазақи ар – намыстан, ұяттан ажырамай қазақ қызына, қазақ анасына тән ибалылық туралы ой таратты.

«Еркеназ» қыздар клубының жетекшісі:  Г.Жансейтова

2023-2024 оқу жылы №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі "Бой түзеу - әуелі ой түзеу" қыздар жиналысы

Күні: 15.11.2023ж

Қатысқан: 8-11 класс қыз балалары

Жетекшісі : Жансейтова Г.М

Мақсаты: қыз балалардың физиологиялық дамуы, денсаулығы, зиянды әдеттерден аулақ болу керек екендігін түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау, өз өмірін, денсаулығын сақтап, қорғай білуге шақырды.

Тыңдалды:

Ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні «Салауаттық – салтымыз», «Қыздың ары – ұлттың ары», ерте жүктіліктің алдын-алу  тақырыптары аясында 8-11 сынып қыздарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында қыз балалардың физиологиялық дамуы, денсаулығы, зиянды әдеттерден аулақ болу керек екендігін түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау, өз өмірін, денсаулығын сақтап, қорғай білуге шақырды. Сонымен қатар қазіргі таңда қоғамда өзекті мәселеге айналған ерте жастан тұрмыс құру, адамгершілік  тәрбие мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, уақытылы көмекке жүгіну, қандай жағдайда да үндемей қалмай анасына, сынып жетекшіге, мектеп психологына жүгіну қажеттілігі ескертілді

«Еркеназ» қыздар клубының жетекшісі:  Г.Жансейтова

«Ақ Отау» келіндер мен «Еркеназ» қыздар клубы жобасы аясында келіндерінің «Пайдалы тәттілер» тақырыбында өткізген шебер класының анықтамасы

Қараша айының 28 жұлдызы күні «Ақ Отау» келіндер мен «Еркеназ» қыздар клубы жобасы аясында «Пайдалы тәттілер» тақырыбында шебер кластар өткізді.

Мақсаты – жеңге мен қыз балалар арасындағы татулық пен сыйластық қарым-қатынасты нығайту. Қыз балаларымыздың бойында имандылық, сабырлылық, жауапкершілік, адамгершілік қасиеттерді дамыту.

«Пайдалы тәттілер» тақырыбында өткізілген шебер класқа «Ақ Отау» жобасының 9 келіні мен «Еркеназ» клубының 46 қыз балалары қатысты.

Атап айтқанда бірінші қатысушы келіні Сарсенгалиева Айгерим «Түріктің ылғалды кексін», екінші келіні Толеушова Акгуль «Чак-чак», үшінші келін Макимова Амангүл «Вафли», төртінші келіні Минаева Гүлсім «Тәтті қыз тортын», бесінші келіні Нуржигитова Гульдана «Тирамису», алтыншы келіні Жұмабекова Динара «Пончики», жетінші келіні Санкеш Жаннұр «Трайфл», сегізінші келіні Салкимбаева Перизат «Венские вафли», тоғызыншы келін Құдабаева Самал «Пирожное картошка» дайындады.

Келіндердің дайындалған тәттілері «AK OTAU CAKES» логотипі бар контейнерлерге салынып, мектеп ұжымы мен оқушыларына қол жетімді бағада сатылды.

«Еркеназ» қыздар клубының жетекшісі:  Г.Жансейтова

2023-2024 оқу жылы №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі "Бой түзеу - әуелі ой түзеу" қыздар жиналысы

АНЫҚТАМАСЫ

Күні: 11.09.2023ж

Қатысқан: 8-11 класс қыз балалары

Жетекшісі : Жансейтова Г.М

Мақсаты

  • Қыз балалардың өзін-өзі тәрбиелеуіне бағыт-бағдар беру, психоэмоциялық жағдайын жақсарту, психологиялық қолдау көрсету;
  • Қыздарды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу, өмірге деген көзқарастарын мағыналы ете білуге бағыттау.

Тыңдалды:

Қыз - өмірдің қызғалдағы, қыздар - болашақ ана, бақыт пен байлық ошағы, адамзаттың өсіп-өркендеп, тәлім-тәрбие алатын қасиетті ұясы. Жиналыс барысында қазақ қызының бейнесі және оның бойындағы асыл әрі көркем қасиеттері жайлы, жалпы бой түзетуге лайықты тұлғаның келбеті бейнеленіп, қыздар арасында психологиялық тұрғыда еркін өзара пікір алмасу жүргізілді.

«Еркеназ» қыздар клубының жетекшісі:  Г.Жансейтова

"Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығының негізгі мақсаты - балаларды оқыта отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты күшейту, берекелі отбасы мәдениетін дамыту. ✅2023 жылдың 14- қараша күні мектебімізде "Зере" аналар клубы мен "Еркеназ" қыздар клубының бірлесе өткізген "Қызым-қызғалдағым" атты өнеге сағаты өтті. "Ұлтыңды сақтаймын десең-қызыңды тәрбиеле" дейді халық даналығы. Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз-ертеңгі ибалы келін болса, бүгінгі инабатты келініміз ертеңгі ақ жаулықты әже. Әйел-бесік иесі. Бесігіміз түзелу үшін қызымыздың жақсы да тәрбиелі болуын осы күннен ойлануымыз керек. Бүгінгі өнеге сағатында болашақ ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз балаға өнегелі де өрелі тәрбие беру жөнінде аналар өз ойларын ортаға салып, ой тастай білді. Ұлағаттылық ұяда басталатынын, қазақи ар-намыстан, ұяттан ажырамай қазақ қызына, қазақ анасына тән ибалылық туралы ой тарқатты. ✅Шара соңында шақырылған қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай игі істердің кең қанат жаятындығына сенім білдірді.

«Ата-аналарды қолдау орталығының» бағдарламалары балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша ата-аналық міндеттерді орындауды жеңілдетуге, ата-аналар мен балалардың нақты өмірде кездесетін мәселелерін шешуге ықпал етуге арналған. Сондықтан да ата-анамен білім беру ұйымының мамандары арасында өзара бірлескен әрекет әрдайым жүзеге асырылуы маңызды.
Осы орайда мектебімізде қараша айының 9-ы күні «Отбасы-бақыт бесігі» тақырыбында ата-аналарды қолдау орталығының алғашқы шарасы өтті.
Орталықтың алғашқы кездесуінде мектеп басшысы Акгул Мырзабекқызы «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысының мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті.
Кеш қонағы Алтын алқа иегері, Мерейлі отбасының Гран-При иегері, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» төс белгісінің иегері, “Елеулі еңбегі үшін” медалінің иегері, Жоғары соттың төсбелгісінің иегері, Облыстық соттың және 3-ші соттың тәжірибелі медиаторы және педагог, Анаға тағзым орталығының медиаторы Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызымен @ardakti_ana кездесу ұйымдастырылды.
Шара барысында ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақтың ұлағатты болуында ата-ананың ролі, отбасындағы ең құнды дүние не деген сұрақ төңірегінде ой қозғап, ата-ана мен бала қарым қатынасында көңіл бөлетін мәселелер туралы құнды пікірлер айтылды.
Кездесуге келген Бибігүл Әбдішүкірқызына мектеп ұжымы мен ата-аналар атынан алғысымызды білдіреміз!

Қыз Жібек қыздар клубының мүшелері Бақытты отбасы орталығының басшысы Бибігүл Маратқызы ұйымдастырған "Шаттыққа толы жүрекпен" атты семинар-тренингке қатысты.
Шарадан соң, қыздарымызға ас үйде ең оңай рецептпен құймақ жасау әдісі көрсетілді. Аруларымыз бірге дайындап, дәмін де татып үлгерді.

Мектебіміздің оқушылары Бақытты отбасы орталығының психологы Б.Байкелова ұйымдастырған "Аяулы жар, асыл ана, ару қыздар" атты тренингке қатысты.
Мақсаты: қоғамдағы әйел - ананың рөлін айқындай түсу бағытында қыз балаларға рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге ынталандыру. Тренинг барысында жұптық, топтық психологиялық ойындар ұйымдастырылды. Шарадан соң оқушыларды еңбекке баулу мақсатында орталықтың «Алтын оймақ» кабинетінің жетекшісі Ә.Балуанғалиқызы қыз балаларға іс тігуден, құрақ құраудан шеберлік сағатын өткізді.

Шеберлік сағатына маман Атырауова Айнур Гариполлақызы @atrauovaa шақырылды.
Бұл шараға мектебіміздің 8 - класс қыз балалары қатысты.

Мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, қажетті де пайдалы іске үйрету.

Шеберлік сағаты барысында маман оқушылармен өз ақыл - кеңесімен бөлісті.

Игі істер болашақта өз жалғасын табарына сенеміз.

Кездесуге:
Оралбаева А.Е - Ақтөбе қалалық №6 емхананың акушер - гинекологы;
Ишамадинова Ж.Т - психолог маман қатысты;
Мақсат: жасөспірім қыз балалар арасында жыныстық тәрбие бере отырып, ерте жүктіліктің алдын алу мен оны болдырмау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Шеберлік сағатына кондитер маман Имагамбетова Жанна шақырылды. Бұл шараға мектебіміздің 8 - 10 класс қыз балалары қатысты. 

Мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, қажетті де пайдалы іске үйрету. 

Шеберлік сағаты барысында маман оқушылармен өз ақыл - кеңесімен бөлісіп, "Сүтті қыз" тортының жасалу жолын үйретті.

Шеберлік сағатына кондитер маман Анесова Аңсаған шақырылды.

Бұл шараға мектебіміздің 8 - 10 класс қыз балалары қатысты.

Мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, қажетті де пайдалы іске үйрету.

Шеберлік сағаты барысында маман оқушылармен өз ақыл - кеңесімен бөлісіп, "Шоколадтағы букет" тәттісінің жасалу жолын үйретті.

Мектебімізде "Шебер қол" тігін ісінен шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатына тігінші маман Алмухамбетова Альбина шақырылды.

Бұл шараға мектебіміздің 8 - 10 класс қыз балалары қатысты.

Мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, қажетті де пайдалы іске үйрету.

Шеберлік сағаты барысында маман оқушылармен өз ақыл - кеңесімен бөлісіп, құрақ құраудың қыр - сырымен үйретті.

 

Мектебімізде "Сұлулық сырлары" шаштараз шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатына шаштараз маман Бекенова Мая шақырылды.

Бұл шараға мектебіміздің 8 - 10 класс қыз балалары қатысты.

Мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, қажетті де пайдалы іске үйрету.
Шеберлік сағаты барысында маман оқушылармен өз ақыл - кеңесімен бөлісіп, шаш күтіміне байланысты көптеген сұрақтарға жауап берді.

Білім алушылар мамандықтың сан қилы мүмкіншіліктері қызығушылықтарын білдірді.

 

Мектебіміздегі «Қыз Жібек» қыздар клубының жетекшісі Елеусизова Салтанат Үсейнғазықызының ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын қыздарға дұрыс бағыт - бағдар сілтеу, жастар арасында ұлттық салт - дәстүрімізді насихаттау, жас буынды патриот етіп тәрбиелеу мақсатында 8 - 9 класс қыздары арасында «Қыз қылығымен ...» атты байқау өтті. 

 
Сайыс 5 шарт бойынша өткізілді. Өз - өздерін таныстыру, сұраққа жауап беру, шеберлікпен ою оя білу сияқты тапсырмаларды сайыскерлер өте жоғары деңгейде орындай білді . Бұл жарыс – білімнің, тәрбиенің, өнердің, шеберліктің сынға түсер байқауы болды. 
 
Байқауға мектебіміздегі «Зере» аналар клубының мүшелері әділқазылық етті. Сынға түскен Мейірімбай А, Зилағи Ж,Әділбаева А, Шамшархан Д, Тагаева А, Ауданбай Р сынды арулар өздерін әр қырларынан көрсете білді. Осы сайыста жас ұрпақ бойындағы қазақы салт-дәстүрдегі де, өнердегі де, шеберліктегі икемділік пен шапшаңдықтары да ескерілді. 
 
Жоғарыдағы талаптарды орындау барысында қыздар төмендегідіей нәтиже көрсетті:
 
Бас жүлде – Ауданбай Райхан 8 "А" класы; 
 
1 - орын Әділбаева Аяулым 9 "Б" класы;
 
2 - орын Тагаева Аянат 9 "А" класы;
 
3 - орын Мейірімбай Аида 9 "В" класы ;
 
«Көрермендер көзайымы» номинациясы – Шамшархан Дильнара 9 "Ә" класы;
 
«Инабатты ару» номинациясы – Зайлаги Жансая 8 "В" класы;
 
Мектеп ұжымы атынан сайысқа қатысқан аруларымыздың ата - аналарына, ұстаздарына алғыс білдірді. Бүгінгі жас аруларымыз өертеңгі ұлттың айнасы екендігін естен шығармайық!
 
        

«Бақытты отбасы» орталығында «Қыз қылығымен көрікті» психологиялық тренингі өтті.

 
Тренингке мектебіміздің "Қыз Жібек" қыздар клубының мүшелері қатысты.
Мақсат-  қыз бейнесіне тән мінез-құлық сипаттамасын қалыптастыру. Отбасындағы қыз тәрбиесі туралы әңгімелеу. Олардың бір-бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Тренингте психологиялық сұрақтар қойылып, бұрым өру сынды ойындар мен жаттығулар жасалды.
Ортада жағымды психологиялық ахуал орнатуға және жағымды қасиеттерді қалыптастыруға арналған тренингті «Бақытты отбасы» орталығының психологиялық қызмет көрсету бөлімінің мамандары Гүлсезім Хусаинова
мен Балбөбек Байкелова өткізді.
 
    

Мектебімізде 11 - қараша күні «ЗЕРЕ» Аналар клубы мен «ҚЫЗ ЖІБЕК» қыздар клубының алғашқы тұсаукесер «Сенім мен сыйластық» атты сырласу кеші өтті. 

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудаға ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу, сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала, педагог пен ата-ана арасындағы  қарым – қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін  бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау, отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу.
 
Клуб жетекшісі: Елеусизова Салтанат Усейнгазиевна.

«ҚызЖібек» қыздар клубының отырысы 18-қараша 2021 жыл
 
2021 жылдың 18-қараша күні «ҚызЖібек» қыздар клубының отырысы өтті. Кездесуге 7 – 8 класс қызбалалары қатысты. 
Отырыс барысында №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің аға-тәлімгері  Г.Т. Құлшаева оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелері мен жеке бас гигиенасы, кабинет тазалығы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар «ҚызЖібек» қыздар клубының мүшесі, мектеп парламентінің «Өзін-өзі тану және бақыт» фракциясының жетекшісі, 11 А класс оқушысы Аманғали Гүлбақыт «Қызбалалар үшін дәрумендердің пайдасы» тақырыбында пайдалы кеңестер берді. «Өзін-өзі тану және бақыт» фракциясы жетекшісінің орынбасары, 11 А класс оқушысы Жәдігерқызы Ақмаржан дұрыс тамақтану, дәрумендерді дұрыс қолдану аясында сөз қозғады.

Хаттама №1

21 қыркүйек, 2021 ж

Хаттама №2

7 қазан, 2021 ж



26-қазан №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде 9-класс қызбалаларымен кездесу өткізілді.
Кездесу мақсаты: 
- Құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын-алу;
- Ерте жүктіліктің алдын-алу;
- Электронды темекіні қолданудың алдын-алу, оның зияндылығын атап көрсету;
- Қыздарды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

 


2021-2022 оқу жылы бойынша №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде 8-9-10-11 класс оқушыларымен қыздар жиналысының хаттамасы