"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Қыз Жібек клубы
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығының негізгі мақсаты - балаларды оқыта отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты күшейту, берекелі отбасы мәдениетін дамыту. ✅2023 жылдың 14- қараша күні мектебімізде "Зере" аналар клубы мен "Еркеназ" қыздар клубының бірлесе өткізген "Қызым-қызғалдағым" атты өнеге сағаты өтті. "Ұлтыңды сақтаймын десең-қызыңды тәрбиеле" дейді халық даналығы. Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз-ертеңгі ибалы келін болса, бүгінгі инабатты келініміз ертеңгі ақ жаулықты әже. Әйел-бесік иесі. Бесігіміз түзелу үшін қызымыздың жақсы да тәрбиелі болуын осы күннен ойлануымыз керек. Бүгінгі өнеге сағатында болашақ ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз балаға өнегелі де өрелі тәрбие беру жөнінде аналар өз ойларын ортаға салып, ой тастай білді. Ұлағаттылық ұяда басталатынын, қазақи ар-намыстан, ұяттан ажырамай қазақ қызына, қазақ анасына тән ибалылық туралы ой тарқатты. ✅Шара соңында шақырылған қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай игі істердің кең қанат жаятындығына сенім білдірді.

«Ата-аналарды қолдау орталығының» бағдарламалары балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша ата-аналық міндеттерді орындауды жеңілдетуге, ата-аналар мен балалардың нақты өмірде кездесетін мәселелерін шешуге ықпал етуге арналған. Сондықтан да ата-анамен білім беру ұйымының мамандары арасында өзара бірлескен әрекет әрдайым жүзеге асырылуы маңызды.
Осы орайда мектебімізде қараша айының 9-ы күні «Отбасы-бақыт бесігі» тақырыбында ата-аналарды қолдау орталығының алғашқы шарасы өтті.
Орталықтың алғашқы кездесуінде мектеп басшысы Акгул Мырзабекқызы «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысының мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті.
Кеш қонағы Алтын алқа иегері, Мерейлі отбасының Гран-При иегері, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» төс белгісінің иегері, “Елеулі еңбегі үшін” медалінің иегері, Жоғары соттың төсбелгісінің иегері, Облыстық соттың және 3-ші соттың тәжірибелі медиаторы және педагог, Анаға тағзым орталығының медиаторы Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызымен @ardakti_ana кездесу ұйымдастырылды.
Шара барысында ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақтың ұлағатты болуында ата-ананың ролі, отбасындағы ең құнды дүние не деген сұрақ төңірегінде ой қозғап, ата-ана мен бала қарым қатынасында көңіл бөлетін мәселелер туралы құнды пікірлер айтылды.
Кездесуге келген Бибігүл Әбдішүкірқызына мектеп ұжымы мен ата-аналар атынан алғысымызды білдіреміз!


“Бүгінгі бойжеткен-ертеңгі асыл жар” тақырыбында "Қыз Жібек" қыздар клубының мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел қонақтары:

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының координаторы - Сидошева Гульнар Тарикқызы

Психолог маман - Даулетова Гулия Икмашевна

Акушер - гинеколог дәрігер - Оралбаева Айдана Есенгелдіқызы

СӨСҚ маманы - Ділманова Бағдагул Абуталиевна

Дөңгелек үстел барысында дәрігер мамандар қыз балаларға репродуктивті денсаулық және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде ақыл кеңестерімен бөлісті. Қыз балалар сұрақтарына жауап алды.