"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Ішкі тәртіп ережесі
Мектебіміздің оқушыларына “Телефон алаяқтарының құпиясын қалай жария етуге болады алдаудың үш белгісі” атты жадынамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мектебімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Ділманова Бағдагүл Әбутәліқызы және психолог маман Имамадинова Жансая Тоқтарқызы "Жеке бас гигиенасы" тақырыбында оқушылармен кездесу өткізді.

Мамандар кездесу барысында: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтау, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану, жаман әдеттерден сақтану жолдарымен таныстырды. Жас бүлдіршіндерді мектеп табалдырығынан бастап жеке басының тазалығына үйрету жолдары жайлы мағлұматтар берді.

Кездесу соңында мамандар оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.


Терезеден төнер қауіп..., Сақтықта қорлық жоқ!" акциясы аясында мектеп инспекторы полиция аға лейтенанты Айсүгіров Асхат Маралбекұлы 5 - 6 класс оқушыларына түсіндірме жұмысын жүргізді.


Дін мәселелерi және қоғаммен байланыс жөнiндегi орталығының теолог маманы Жулдыз Кадирханова және психолог маман Тимур Тулепбергенов кездесу ұйымдастырылды.

 
Мақсаты: жастардың діни сауаттылығын арттыру, жалған діни ағымдардың арбауынан сақтандыру, дәстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аудару.
 
Мамандар жиын барысында жасөспiрiмдердi жат ағымның жетегінде кетпес үшін дiни маңызға ие ақпараттарды тұтыну барысында тек ресми сайттарды пайдалануға шақырды. 
 
Іс-шараның соңында жастар аталған тақырып бойынша түрлі сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды.


Апталық барысында балаларға өрт қауіпсіздігі жайлы түсіндірме жұмыстарымен қатар оқушылар арасында "Өрт-тілсіз жау" тақырыбында сурет байқауы өткізілді.