"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Дұрыс тамақтану туралы ақпарат

 

 

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ДЕГЕН НЕ?

Адамның жаны да, тәні де сау болуы керек. Бейтарап емес, белсенді өмір сүруі керек. Денсаулықты нығайту тәсілдерінің бірі – дене шынықтыру. Әрбір адам дене шынықтыру жаттығуларының пайдалы екенін біледі.Бірақ барлығына әлі олар өмір бойғы серігі емес. Дене шынықтыру жаттығуларын әрдайым және тиімді қолдану денсаулықты нығайтуға, жалпы жұмысқа қабілеттілікті жоғарылатуға, адам ағзасының қоршаған ортаның қолайсыз факторларына бейімделуіне себін тигізеді.    

 

Томат

Бұл өсімтіктің отаны-Америка(Перу)

Оны халық медицинасында зат алмасудың  бұзылуы, витаминнің азаюы, жүрек тамырлары мен асқазан-ішек ауруларының алдын-алуда қолданылады. бұл шырын асқазанның жарасына, ішек ауруларына пайдасы зор. Қызанақтың дәмі мен тиімділігі ағзаға өте пайдалы.

 

Таңқурай

Таңқурай тосабы қатты суық тигенде пайдалы. Жаңа жинаған таңқурай тәбетін ашып асқазан мен ішек жұмысын жақсартады. Ол ыстықты түсіруге өте пайдалы, ал кептірілген түрі, шай ретінде қайнатылған,ыстықты төмендетеді.Оның жапырақтарының қайнатылып, тұнба жасалған түрі терідегі бөрткенге әсер етеді.

 

Дені сау тағам дегеніміз не?

Ұтымды тамақтану құрамында минералдық затттар, май, май қышқылы, белок пен витаминдер бар. Егер адам ағзасында негізгі пайдалы элементтер жеткіліксіз болса, адамның өсуі мен дамуы тежеліп, зат алмасуы бұзылады, жұқпалы ауруларға шалдығу қауіпі басым болып жүрек ауруына , обырауруына шалдығуы ықтимал. 

Ақуыз(белок) ағзаның өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді.

Ақуыз(горох) бұржақ, фасоль, жаңғақ жұмыртқа, май балық өнімдерінде мол.Углевод арқылы ағза -күш-қуат алады. Ол нан тағамдарында , картоп, банан, бал, қант, және дәнді дақылдарда кездеседі.

Витамин адамды ауру-сырқаттан қорғайды. Ол жеміс-жидек, көкеністе мол.Ағзаға керекті микроэлементтер тағам арқылы ағзаға тарайды. 

 

Микроэлементтердің жеткіліксіз болуы неге әкеледі?

Негізгі витаминдер мен минералдық элементтердің жеткіліксіз болуы, ақыл-есіне әсер етіп, зоб ауруы мен ақыл-есі кемтарлығына әкеліп соғады.Темірдің жеткіліксіздігі қан аздығына, біліміне әсер етіп бойынның қан аздығына, біліміне әсер етіп бойының өсуі тежеледі, үнемі шаршап-шалдығуға, дене және ақыл-ой дамуының жеткіліксіздігіне әкеліп соғады. Кальций жетіспеуі-рахитке акеледі..Тіс, тырнақтың бұзылуына әсер етеді.

Осы аурулардың алдын-алу үшін қажетті заттар: йодталғантұзды, сүт және сүт тағамдарын, ет, алма,балық, бауыр,және теңіз тағамдарын пайдалану қажет

Дұрыс тамақтану дегеніміз не?

Дұрыс тамақтану адамның күніне 4-5 рет, одан жиі емес, белгілі бір сағатта тағамды қабылдауы.Кешке ұйқыға дейін 2-3 сағат бұрын ас ішуге болады,себебі асқазан түнде демалуы үшін.Ұйқыға жатуға дейін 4-5 рет, одан жиі емес күніне сүт,кефир, кисель, ішуге болады.ас қабылдау арасы 4-5 сағаттан аспауы керек. Асығыс ішкен ас, толық шайналмаған, сұйық тағамсыз қабылданған ас, ыстық пен суық тағамдар қосындыс ішек, асқазан ауруларына себеп болады.

 

Жас ұрпақтың мектепте тамақтануы – денсаулық кепілі.

Оқушының мектепте болу кезінде ыстық тамақ ішуі – оның денсаулығын және тиімді білім алуының маңызды бір шарты. Мектепте тамақтануды жақсы ұйымдастыру – уақытының көбін мектепте өткізетін оқушы үшін денсаулығын жақсартудың кепілі.Толыққанды тамақтану көптеген аурулардың алдын алып, оқуға деген ынтасымен қатар оқу қабілетін көтеріп, үлгерімін, ақыл – ой қабілетін баланың дамытып, қазіргі заман өміріне бейімделуіне жағдай туындатады. Баланың жас кезіндегі жеткіліксіз тамақтануы оның дене бітімі дамуын тежеп, ауруына, заталмасу жүйесіне әсер етіп, ағзасы мен дене бітімінде өзгерістерге әкеліп соғуы ықтимал. Сондықтан мектеп жасында баланың негізгі дамуы қалыптасып, тамақтануды қоса айтқанда өмір сүру қалпы қалыптасады.

Денсаулықты сақтау және денісау тамақтану жұмысын жүргізу үшін мектепте ұтымды мүмкіндік бар.Ұйымдасқан түрде тамақтану санитарлық ережелер мен қалыпқа және тағам құрамы ұстанымдарына сәйкес келеді. Салауатты өмір салты дұрыс тамақтану құрамының бір бөлігі екенін көптеген оқушылар біле бермейді. Оқушылардың тамақтануының негізгі мәселесі мектептен тыс кездерде тамақ қабылдау кестесін бұзумен байланысты. Олар чипсы, фаст – фудтар, қытырлауықтар, кампит, шоколад, батончиктарды жеп кесел келтіреді. Адам ағзасының белсенді өміршеңдік кезеңін ұзартудың негізгі факторы салауатты өмір салтының бір құрамы – денісау тамақтану.Тек ғана денсаулық – адамның негізгі құндылығы,себебі оның жұмысқа деген қабілетін бүгінгі қоғам өміріндегі орны, сондай – ақ, өмір сүру деңгейі мен ауқаттылығы. Осы мәселеге байланысты дұрыс тамақтану – ағзаның әрбір даму кезеңдеріне үлкен орын алады.

Тамақтанудың физалогиялық қанды тамақтану ағзаны теңдесі жоқ тамақтану заттарымен қамтамасыз етеді.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша денсаулық – ауру мен дене бітімі кемшілігінің болмауы ғана емес, ол дені, діні, ділі және әлеуметтік тазалығы, байлығы, тоқтығы баршылықпен молшылықтың кепілі.



БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ДҰРЫС ТАМАҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

    
Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.

                          ТАМАҚТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫНЫҢ БЕС НЕГІЗІ:


1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);

2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);

3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;

4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;

5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.

 

ТАМАҚТАНУ ТӘРТІБІ

Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді.

  • Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.
  • Екінші, тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.
  • Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер — диоьологтың да кеңесі артық болмай

  

ТАМАҚТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Аштық – «табиғаттың дауысы», немесе, асқазан тамақ қажет етеді деген ұғымі. Бұл қағида тамақ ішетін уақыттың келгендігін білдіреді. Ертеректе тамақ ішетін кесікті бір кесте, уақыт жоқ – тын. Адамда тамаққа деген тәбет пайда болғанда ол өзінде ауыз бен өңешінің барын сезінеді. Ал, асқазандағы бұлшық еттердің жұмылуы аштық пен тәбеттің ашылғанынан хабар береді.

       
Тәбет дегеніміз – аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға, апиын, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді. Бірақ, мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған дұрыс. Асқазан  ішілген тамақтан шамамен 4 сағат шамасында босайды, сол себепті тамақ ішудің  арасы 3-3,5 сағаттан кем және 4-4,5 сағаттан аспасын.

       
Тамақты жиірек ішкен сайын  асқазан –ішек жолдары жұмысының ырғағы бұзылады. Егер тамақ ішу аралығында үзіліс өте үзаққа созылып кетсе, онда күшті ашығу сезімі туындайды және оны қанағаттандыру үшін көп тамақ ішу қажет болады, бұл да асқазанның қорытуын киындатады.

       
Таңертеңгіліқ ас қою, тығыз болсын; түскі аста негізгі тамақ қабылданады; кешкі ас калориялығы жөнінен таңертеңгіліқ  аспен бірдей болып ұйқыға кемі 1,5-2 сағат қалғанда ішілуі керек. Тамақты өте жәй, ұйықтар алдында қабылдау зиянды, ол ұйқыны қашырады, ас қорытуды қиындатады, май жиналуына себепші болады.

       
Кейде үйықтар алдында бір стакан айран ішкен пайдалы. Бұл ретте кешкі ас жеңілдеу болғаны жөн.

      
Дұрыс құрастырылған тамақтану рационының құрамында сұйықтың  жеткілікті көлемі болады. Дегенменде денеге  елеулі  ауырлық түскенде, жорық күндері ,жазда сүйық-сусынның қажеттілігі артады , өйткені тер бөлінуі күшейеді де, ағзаның сұйықты қажет етуі көбейеді.

          
Шөлді қайнаған су, шәй ішіп басу керек. Лимонадты, газдандырылған суды және құрамында қанты бар өзге де сусындарды  шектелген көлемде қабылдау керек.


Ет немесе  балық, сүт, жеміс- жидектер, нан секілді  тағамдар күн  сайынғы ас мәзіріне, ал өзге – қаймақ, жұмыртқа, сүзбені күнде емес етіп ас мәзіріне қосу керек , бірақ бұлардың  бәрі де апталық рационда болуы керек.