"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Хабарландыру!

01 11 2023 жыл 

Хабарландыру! 
 
Ақтөбе қаласы «№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі КММ-сінде» педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау ҚР Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (ҚР Оқу-ағарту министрінің 22.12.2022ж. №513 өзгерістермен) талаптарына сәйкес жүргізіледі. 
 
Педагог қызметіне  бос орын: 
 
1. Бастауыш сынып мұғалімі - 16 сағат
 
 
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 118 - тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады:
 
Қажетті құжаттар тізбесі: 
 
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 
 
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 
 
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 
 
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 
 
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175 /2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10)техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
11)16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12)тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы-720х480.
 
Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы-бес жұмыс күні аралығында өткізіледі.
 
Өтетін орны:Ақтөбе қаласы № 39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі КММ-сі, Ағайынды Жұбановтар көшесі ,293А