"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Хабарландыру! Ағылшын тілі

21 11 2023 жыл

Ақтөбе қаласы «№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі КММ-сінде» педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау ҚР Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (ҚР Оқу-ағарту министрінің 22.‪12.2022‬ж. №513 өзгерістермен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.‬‬‬‬‬‬‬‬

Педагог қызметіне бос орын:

1. Ағылшын тілі мұғалімі - 16 сағат

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 118 - тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады:

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175 /2020 бұйрығымен

бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін

бойыншаөндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы-720х480.

Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы-бес жұмыс күні аралығында өткізіледі.

Өтетін орны: Ақтөбе қаласы № 39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі КММ-сі, Ағайынды Жұбановтар көшесі ,293А

Телефон:73-03-57

Эл.почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Мектеп сайты: www.aqtobemektep.edu.kz