"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Бастауыш класс бірлестігі апталығының ашылуы 13-қараша 2021 жыл

13-қараша 2021 жыл №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде бастауыш класс бірлестігінің апталығы басталды. Апталықтың ашылуы Ұлы тұлға, дара тұлға Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арнап  өткізілді. Бастауыш класс бірлестігінің жетекшісі Калмангарина Анар Жұмақызы апталықтың жоспарымен таныстырды.

Апталықтың тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер.

Мақсаты: Ой-өрісі жаңашыл, шығармашыл, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.