"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Заттың қасиеттері. Заттар қандай болады?» тақырыбында жаратылыстану пәні бойынша 4 В класында ашық сабақ өткізілді 18-қараша 2021 жыл
№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде бастауыш бірлестігі апталығы аясында өткізіліп жатқан ашық сабақтар өз жалғасын табуда. 
18-қараша 2021жыл бастауыш класс мұғалімі Нотанова Жанат Ибадуллақызы 4 в класында «Заттың қасиеттері. Заттар қандай болады?» тақырыбында жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізді. 
Сабақтың мақсаты: 
- Заттың қасиеттерін анықтау;
- Затты қасиетіне қарай қолданатынын түсіну.
Сабақ барысында оқушылардың алған білімдері тексеріліп, тақырыпқа сай әртүрлі тапсырмалар орындалды. Білім алушылар сабаққа үлкен белсенділікпен қатысты.