№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде бастауыш бірлестігі апталығы аясында өткізіліп жатқан ашық сабақтар өз жалғасын табуда.
2021 жылдың 22-қараша бастауыш класс мұғалімі Толеушова Ақгүл Амангелдиевна 3 в класында «Түбір сөз және туынды сөз» тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
- Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау;
- Түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.
Сабақ барысында оқушылар бірнеше топқа бөлініп жұмыс жасады, сөздердің түбірлерін тауып, жалғау мен жұрнақтарды ажырата білді, туынды сөздер жасады. Бiлiм алушылар сабаққа үлкен қызығушылықпен қатысты.