"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Қазақстан – менің Отаным» атты ашық сабақ өткізілді 24-қараша 2021 жыл

№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде бастауыш бірлестігі апталығы аясында ашық сабақтар легі жалғасуда. 2021 жылдың 24-қараша күні бастауыш класс мұғалімі Садуакасова Б.Е. 2 А класында «Қазақстан – менің Отаным» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысты.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар Отан туралы әңгімелеп, Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді, қалаларды, жолдарды, өз облысын көрсете алады;
Өз жерінің көрікті орындарын сипаттай алады; Қазақстан жерінің үлкендігін дәлелдеп, қорытынды жасайды.