"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
«Қазақстандағы ғылымның дамуы. Ғалым Қаныш Сәтбаев» тақырыбында дүниетану пәнінен ашық сабақ өткізілді 24-қараша 2021 жыл
№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде 24.11.21ж. күні бастауыш бірлестігінің апталығы аясында бастауыш класс мұғалімі Кереева Самал Айтургановна 4 б класында «Қазақстандағы ғылымның дамуы. Ғалым Қаныш Сәтбаев» тақырыбында дүниетану пәнінен ашық сабақ өткізді. 
Сабақ барысында топтық, жеке жұмыс түрлері жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Ашық сабақ  бөлімі: Мәдени мұра. 
Сабақ мақсаты: Қазақстанның XX-XXI ғасырлардағы ғылым саласында жеткен жетістіктерін айту; Өмірбаяндық мәліметтерге сүйене отырып, шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің елімізге сіңірген еңбектері туралы қорытынды жасау.