№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде 24.11.21ж. күні бастауыш бірлестігінің апталығы аясында бастауыш класс мұғалімі Сельбаева Жанна Алдабергеновна 3 б класында «Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу» тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ өткізді.
Сабақ мақсаты: Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табуды үйрету.
Оқушылар сабақ барысында миға шабуыл жасау әдісі арқылы әртүрлі қызықты есептер шығарды, сонымен қатар топтық, жеке жұмыс түрлері жүргізілді. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылықпен қатысты.