№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде 25.11.21ж. күні бастауыш бірлестігінің апталығы аясында бастауыш класс мұғалімі Уали Самал Айғаллемқызы 2 В класында «Денеге қалай күтім жасаймыз?» тақырыбы бойынша жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізді.
Білім алушылар сабақ барысында жұптық, топтық, жеке жұмыс түрлері бойынша жұмыс жасады.
Сабақ мақсаты:
- Денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау;
- Тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау,
- Бақылау жүргізудің жоспарын құру.