1-класс оқушыларының танымдық белсенділігін ояту, оқуға құштарлықтарын қалыптастыру мақсатында бастауыш класс мұғалімі Есеналина Сауле Советовна "Тілашар"сайысын өткізді. Сайыс мынадай кезеңдерден тұрды:
1-кезең 101 жұмбақ
а) балалар өздері білетін жұмбақтарын құрбыларына жасырды
ә)жетекші жасырған жұмбақтардың шешуін таптыру
2-кезең-1001мақал
а)мақал сайыс кезек бойынша айтылған мақалды қайталамай жеңімпаз 1ойыншы қалғанша жалғастыра беру
ә) топтық жұмыс-қима қағаздағы сөздерден мақал құрастыру
3-кезең Жапырақ сөзінде жасырынған 20 сөз тауып, жазу.
4-кезең "Кел, бірге оқиық" сайысы
Барлық кезең тарсырмаларын оқушылар жақсы орындап, қызығушылықтарын білдірді.
View the embedded image gallery online at:
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/aptaly-tar/694-tilashar-sajysy-27-arasha-2021-zhyl.html#sigFreeId57d7749784
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/aptaly-tar/694-tilashar-sajysy-27-arasha-2021-zhyl.html#sigFreeId57d7749784