"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Бастауыш бірлестігі апталығының жабылуы 27-қараша 2021 жыл
Бүгін №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде бастауыш бірлестігінің апталығы аясында «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақтарда қолданылатын белсенді оқу әдістері» атты семинар өтті.Семинарды бастауыш класс мұғалімі Жарменова Күлімжан Ақжоловна өткізді.
Семинарда сабақ барысының бастапқы, ортаңғы, қорытынды кезеңінде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер; қысқа мерзімді жоспарды қалай құрастырып жазу керек; оқу мақсаттарын пайдаланып, сабақ мақсаттарын құрастыруды; сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді баланың жас ерекшелігін ескере отырып пайдалану жолдары т.б. кеңестер берілді. Сонымен қатар бастауыш бірлестігінің жетекшісі Калмангарина Анар Жұмақызы семинар соңында бастауыш кластар бірлестігінің он күнге созылған апталығына қорытынды жасады. Апталық кезінде 11 ашық сабақ, 4 кластан тыс шара және 1 семинар өткізілді. Кластан тыс шараларға қатысқан оқушылар марапатталды.