№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде 2021-2022 оқу жылының 29 қараша – 03 желтоқсан аралығында «Без языка мир не будет так дружен…» атты орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы өтті.
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту; Орыс тілі мен әдебиеті пәніне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
29.11.2021ж. күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Джанасаева Гүлсім Тулегеновна 4 В класында «Все професси важны» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
30.11.2021ж. күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шудабаева Жайнагүл Мырзакановна 9 А класында «Вершина казахской литературы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Мұхтар Әуэзов туралы білімдерін толықтыру; "Абай жолы" романының мазмұнымен таныстыру; Әлемге танымал жазушыға құрмет сезімін тәрбиелеуге ықпал ету.
02.12.2021ж. күні Умбетова Альбина Сандыбаевна 5 Б класында «Дружба – богатство бесценное» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.
03.12.2021ж. күні орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Кыныртаева Айгуль Жаксылыковна 4 а класында «Профессии, которые нас кормят» атты ашық сабақ өткізіп, өз шеберлігін көрсетті.
03.12.2021ж. күні орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Мухамадиева Айгул Жаксылыковна 6 а класында «Как образуются осадки» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ өз мақсатына жетті.
03.12.2021ж. күні Байдильдина Замзагуль Султангереевна 5 а класында «Кем быть? Части речи» атты ашық сабақ өткізді.
Апталық аясында орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Умбетова Альбина Сандыбаевна «Книжка своими руками» тақырыбында сайыс өткізді. Сонымен бірге «Мой Казахстан» атты сурет байқауына мектеп оқушылары өздерінің суреттерін ұсынды.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Джанасаева Гүлсім Тулегеновна мен Кыныртаева Айгуль Жаксылыковна мектеп кітапханасында білім алушылар арасында мәнерлеп оқудан «Книга – источник мудрости» атты сайыс өткізді.
Сайыстың мақсаты: Оқушыларға ақындардың өмірі мен шығармашылығын таныту, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерді мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдердің тәрбиелік мәнін түсіндіру; Оқушылардың өлеңге деген ынтасын, көркем сөз оқу шеберлігін арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Сонымен қатар апталық аясында мектебімізде «Моя Родина - Казахстан» атты эссе жазудан байқау, «Читай вместе с нами» атты буктрейлерлер сайысы, «Грамотей» атты диктант жазудан сайыс, «Пиши и говори правильно» атты плакаттар байқауы ұйымдастырылды.
Сонымен бірге Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай мектеп мұғалімдерінің арасында «Что? Где? Когда?» викторинасы ұйымдастырылды.
04.12.2021ж. күні «Без языка мир не будет так дружен...» атты орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы өз мәресіне жетті. Орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Мухамадиева Айгул Жаксылыковна бірлестіктің бір жетіге созылған апталығына қорытынды жасады. Апталық кезінде 6 ашық сабақ, 7 кластан тыс шара өткізілді. Кластан тыс шараларға қатысқан барлық оқушылар дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл апталықта оқушылардың таным, білімдері кеңейіп, орыс тілі мен әдебиеті пәніне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылықтары артты деп ойлаймыз.