Ағымдағы жылдың 22-желтоқсан күні №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында математика, физика,информатика пәндерін оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдері» атты математика, физика және информатика бірлестігі апталығының ашылуы өтті.
Апталықтың мақсаты: математика, физика, информатика сабағында оқушылардың қазіргі жаңартылған білімге деген көзқарастарын заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы дамыту.
Мектебіміздің математика, физика және информатика пәндері мұғалімдері мен мектеп оқушылары «СИҚЫРЛЫ САНДАР ӘЛЕМІ» атты қойылым қойып, келген көрермендерді тәнті етті. Сонымен бірге МИФ бірлестігі жетекшісі Абдижапарова Лиза апталықтың жұмыс жоспарымен таныстырды.
https://aqtobemektep39.edu.kz/distemelik-yzmet/aptaly-tar/812-matematika-fizika-zh-ne-informatika-p-nderi-aptaly-yny-ashyluy-22-zhelto-san-2022-zhyl.html#sigFreeId158c5872d2