"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында математика, физика, информатика пәндерін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері» атты математика, физика және информатика пәндерінің бірлестігі апталығы 2021-2022 оқу жылы

22.01.2022 - 29.02.2022 ж. күндері аралығында №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде өткізілген «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында математика, физика, информатика пәндерін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері» атты математика, физика және информатика бірлестігі апталығы өз мәресіне жетті.

Апталықтың мақсаты: Математика, физика, информатика сабағында оқушылардың қазіргі жаңартылған білімге деген көзқарастарын заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы дамыту.

Апталықтың аясында 9 ашық сабақ және 3 кластан тыс іс-шара өткізілді. 26.01.2022ж. күні математика пәні мұғалімі Оразғали Әсел Сайлаубайқызы 9 а класында «Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ мақсаты: Бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын табу.

Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару мақсатында математика пәні мұғалімі Шарғабаева Үміт Ерболатқызы 6 в  класында «Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару» атты ашық сабақ өткізді.

Келесі ашық сабақты 27.01.2022ж. күні мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Салмағанбет Бибінұр Қайырғалиқызы  11 а класында ұйымдастырды. Тақырыбы: «Мобильді қосымшаны жасау». Сонымен қатар физика пәні мұғалімі Борисова Саягул Тургалиевна 9 ә класында «Механикалық жұмыс және энергия» атты ашық сабақ өткізді. Математика пәні мұғалімі Атшыбай Ақжол Асхатұлы «Тіктөртбұрыштың ауданы» атты ашық сабақ өткізді. 7 ә класс оқушылары сабаққа үлкен қызығушылықпен қатысты.

28.01.2022ж. математика пәні мұғалімі Жұмабекова Динара Жұмабекқызы 11 б класында «Санның логарифмі және оның қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы өтті. Ашық сабақ мақсаты: Логарифм қасиеттерін білу және оны логарифмдік өрнектерді түрлендіруде қолдану.

Апталықтың келесі сабағын 8 ә класында физика пәні мұғалімі Жақсылықова Ақнұр Лайыққызы  “Қатты денелердегі қысым” тақырыбында өткізді. Сабақ барысында білімалушылар эксперимент жұмыстарын, топтық жұмыстар орындап, сабаққа өте белсенді қатысты. Сонымен қатар математика пәні мұғалімі Рахат Айнұр Беркайқызы 8 в класында «Квадраттық функция және оның графигі», ал Елшібаева Айнұр 5 б класында «Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру» тақырыптарымен жалғастырды.

Апталық барысында «Ой мен ойын», «МИФ әлеміне саяхат», «Информатика менің қиялымда» атты кластан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды.

Кластан тыс іс-шаралар мақсаты:

  • Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәнінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
  • Ой-өрісін шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, компьютерлік сауаттылыққа баулу;
  • Оқушылардың қарсыласын бағалай білуге, топтық жұмыста бірін-бірі тыңдай білу.

Ағымдағы жылдың 29-қаңтар күні «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында математика, физика, информатика пәндерін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері» атты математика, физика және информатика бірлестігі апталығы өз мәресіне жетті. Отырыс барысында мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Уразалин Асылбек «Ақпараттық білім беру жүйесінің "Kundelik Lessons" жаңаша контенттерін таныстыру» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне арнап  вебинар өткізді. Сонымен бірге мектеп мұғалімдері Жұмабекова Динара, Салмағанбет Бибінұр және Жақсылықова Ақнұр «Ой мен ойын» атты сайыс ұйымдастырды. Отырыс аяғында математика, физика және информатикапәндері бірлестігінің жетекшісі Абдижапарова Лиза  бірлестіктің бір жетіге созылған апталығына қорытынды жасады.