"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Алтын діңгек, жайсаң өлке, атамекен - Қазақстан» атты тарих және жаратылыстану пәндері апталығының тұсаукесері өтті
31.01.2022ж. күні №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде «Алтын діңгек, жайсаң өлке, атамекен - Қазақстан» атты тарих және жаратылыстану пәндері апталығының тұсаукесері өтті. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың пәнг е деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылыққа баулу, ел тарихын құрметтеуге, табиғатын сүйюге тәрбиелеу.
Мектеп мұғалімдері мен оқушылары апталықтың ашылуына байланысты көрсеткен көріністері арқылы аты әлемге танымал жұпар иісті, нәзік қызғалдақтың түп атамекені – біздің еліміз, туған жеріміз – ҚАЗАҚ ЕЛІ  екенін барша көрермендерге жеткізді. 
Тарих пәні бірлестігінің жетекшісі Диханова Багила Жонисовна мен жаратылыстану пәні бірлестігінің жетекшісі Молдашева Кулиза Асановна көрермендерді апталықтың жұмыс жоспарымен таныстырды