"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Алтын діңгек, жайсаң өлке, атамекен - Қазақстан» атты тарих және жаратылыстану пәндері бірлестігінің апталығы 2021-2022 оқу жылы

31.02.2022ж. №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде «Алтын діңгек, жайсаң өлке, атамекен - Қазақстан» атты тарих және жаратылыстану пәндері бірлестігі апталығының тұсаукесері өтті.

Апталықтың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылыққа баулу, ел тарихын құрметтеуге, табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Тарих пәні бірлестігінің жетекшісі Диханова Багила Жонисовна мен жаратылыстану пәні бірлестігінің жетекшісі Молдашева Кулиза Асановна көрермендерді апталықтың жұмыс жоспарымен таныстырды.

Апталықтың алғашқы сабағын география пәнінің мұғалімі Бақтыбаева Айгүл Жанабаевна 6 а класында жүргізді. Ашық сабақ тақырыбы: Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамының айырмашылығы.

2-ақпан күні тарих пәнінің мұғалімі Әлиева Айнагүл 10 а класында «Түркі империясы – көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Түркі империясының мұрагерлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы империясының рөлін бағалау.

Кезекті ашық сабақты география пәні мұғалімі Молдашева Күлиза Асановна 8 ә класында "Демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай" тақырыбында  өткізді. Сабақ барысында оқушылар елдердің демографиялық жағдайын талдап, демографиялық көрсеткіштерді есептеді. Демографиялық көрсеткіштерді графикалық түрде ұсынып, түсіндіре білді. Сабақта оқушылардың белсенділігін көрсететін пәнаралық байланыстар тиімді қолданылды. Сондай-ақ Қазақстан халқының сандық көрсеткіштері жайлы да мағлұматтар берілді.

Мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Диханова Багила Жонисовна 6 а  класында «Юнлэ мен Токутава  билігі Батыс билеушілерінің билігіндей шексіз болды ма?» атты ашық сабақ жүргізді. Мақсаты: Юнлэ мен Токутава билігінің ерекшелігін анықтап, батыс билеушілерінің билігімен салыстыру.

Биология пәні мұғалімі Каратаева Кенжегуль Медеубаевна 5 б класында тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау мақсатында «Тірі ағзалардың қасиеттері» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар топтарға бөлініп, «Ойлан, бірік, бөліс», «Суреттер сөйлейді» атты тапсырмалар орындады. Жаңа тақырып «Kahoot»  мобильді қосымшасында берілген тапсырмалар арқылы бекітілді.

3-ақпан күні география пәнінен 8 в класында "Демографиялық жағдай" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Тақырыбы: Демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай. Мақсаты: Елдердің демографиялық көрсеткіштерін графикалық түрде ұсынып, түсіндіреді. Пән мұғалімі: Теміралы Б.Т.

Мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Кожакова Манар Сейткалиевна 9 а класында «Кәмелетке толмағандардың еңбегі заңнамамен қалай қорғалады?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау ұғымын түсіндіру; кәмелетке толмағандардың еңбегіне қатысты құқық нормаларын талдау. Мұғалім оқушыларды топтарға бөліп, үй тапсырмасын «Аяқталмаған сөйлем әдісі арқылы» тексерді. Сонымен қатар оқушылар сабақ барысында «Wordwall»  программасымен "Кездейсоқ айналмақ" , "Қалыпқойған сөздер" тапсырмаларын орындады, және де берілген жағдаяттарды «SWOT» талдау арқылы шешті.

Тарих және жаратылыстану пәндері бірлестігінің апталығы аясында кезекті ашық сабақ биология пәнінен 8 в класында өтті. Ашық сабақ тақырыбы: Адам қаңқасының құрылысы. Тірек-қимыл жүйесінің рөлі мен қызметі. Мақсаты: Тірек-қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау. Сабақ барысында «Wordwall» программасымен викториналық сұрақтар қойылды, және де Quizizz, Padlet тапсырмалары орындалды. Пән мұғалімі: Әлібаева Г.

04.02.2022ж. күні тарих пәні мұғалімі Макимова Амангүл Мұратқызы 5 в класында «Тасмола археологиялық мәдениеті» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Ерте темір дәуіріне қатысты сақтардың мұртты обаларын өзара салыстыру арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, заңдылықтарын көрсеті. Сабақ барысында мұғалім Wordwall интерактивті әдісі арқылы ұй тапсырмасын тексерді. Сонымен бірге «Кубизм», «Адасқан әріптер», «Тарихи диктант» әдістері қолданылды.

Кезекті ашық сабақ химия пәнінен 9 “а” класында өтті. Сабақтың тақырыбы: “Күкірт қышқылы және оның тұздары”. Сабақтың мақсаты: күкірт қышқылының қышқылдылығын анықтау; физикалық және химиялық қасиеттері; сульфат аниондарына сапалық реакция. Сабақ барысында топтық тапсырмалар берілді: “дойбы ойыны”, “wordwall “викториналық сұрақтары және “ химиялық әуен” сайысы. Пән мұғалімі: Сарсенгалиева А.Т

Сонымен бірге апталық аясында 31.01.2022ж. күні тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-8 класс оқушылары арасында «Ғылымға бастама» атты ғылыми жобалар сайысы өткізілді. Шараның 1-бөлімінде мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Диханова Багила Жонисовна жиналған оқушыларға ғылыми жоба, оның құрылымы, зерттеу жұмысын жүргізу және тағы да басқа сұрақтар бойынша толыққанды мағлұматтар берді. Жобаның екінші бөлімінде мектеп оқушылары ғылыми жоба жұмыстарын қорғады.

01.02.2022ж. күні жаратылыстану пәні мұғалімдері Каратаева Кенжегуль Медеубаевна мен Бақтыбаева Айгүл Жанабаевна 2022 жыл – бала жылына орай 9-11 класс оқушыларына «Бала – өмір гүлі» атты танымдық  таныстырылым жүргізді. Іс-шара мақсаты: ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫ МЕН БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ  ӨТКІЗУГЕ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ.

2-ақпан күні тарих пәні мұғалімдері Әлиева Айнагүл мен Макимова Амангүлдің жетекшілігімен 5-9-класс оқушылары өлкетану мұражайына саяхатқа барды. Оқушылар өз білім қоржындарын туған өлке тарихы, мұралары жайлы жаңа мағлұматтармен толықтырды.

Сонымен бірге "Туған өлкем, табиғаты көркем" тақырыбында фотосуреттер мен бейнебаяндар байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты: туған жердің тамаша табиғатын паш ете отырып, оқушыларды отансүйгіштікке баулу.

04.02.2022ж. күні тарих және жаратылыстану пәндері апталығының аясында жаратылыстану пәнінің мұғалімдері С.Ж.Таяуова, М.С.Кожакова және Г.Б. Әлібаева  8 - 11 класс оқушылары арасында «АТАЖҰРТ» квест ойынын өткізді.

Ойын мақсаты: Бірлескен командалар құру арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа, өзара бірлікке оқыту, көшбасшылық қасиеттерді, өзара қолдау мен ынтымақтастықты дамыту, позитивті өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, креативті ойлауға, шешімдерді қабылдап, оларды жүзеге асыруға баулу.

Ойын барысында оқушылар 4 топқа бөлініп, өздерінің сабақ барысында алған білімдерін көрсетті. Квест шарты бойынша әрбір команда 4 бекеттен өту керек болды. Әр бекетте оқушылар түрлі тапсырмаларды орындады:

І-бекет « Қаныш Сәтбаев » бекеті химия бойынша тапсырмалар;

ІІ-бекет «Ыбырай Алтынсарин» бекеті биология пәні бойынша тапсырмалар;

ІІІ-бекет «Ахмет Байтұрсынов» бекеті тарих  пәні бойынша тапсырмалар;

ІV-бекет «Шоқан Уәлиханов» бекеті география пәні бойынша тапсырмалар;

Тапсырмаларды орындаған топтар әділқазылар тарапынан бағаланып, ең жоғары балл жинаған топ жеңіске жетті. «АТАЖҰРТ» квест ойыны өте қызықты өтті, ойын соңында оқушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.

7-ақпан күні «Алтын діңгек, жайсаң өлке, атамекен - Қазақстан» атты тарих және жаратылыстану пәндері бірлестігі апталығы өз мәресіне жетті. Жаратылыстану пәні бірлестігінің жетекшісі Молдашева Кулиза Асановна мен тарих пәні бірлестігінің жетекшісі Диханова Багила Жонисовна бірлестіктің бір жетіге созылған апталығына қорытынды жасады. Апталық аясында ұйымдастырылған іс-шараларға үлкен белсенділікпен қатысқан барлық оқушылар дипломдармен марапатталды.