"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
01.02.22-11.02.22ж. аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігі өтті

№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде 01.02.22-11.02.22ж. аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігі өтті.

Онкүндік мақсаты:

- Сүйіспеншілік пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзаракөмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

- Оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету; оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту.

Онкүндік аясында "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының еңбек жолы мен шығармашылығы туралы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл шараны мектебіміздің кітапханашылары Н.Конырова мен С.Иламанова ұйымдастырды.

03.02.2022ж. күні "Сүйіспеншілік - өмір негізі" тақырыбында өзін-өзі тану пәні мұғалімдері Жансейтова Гүлдидар Мұратбекқызы мен  Куанышова Фатима Увеновна 10 а класс оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Шара мақсаты: Оқушыларға сүйіспеншіліктің өмір өзегі екендігін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін түсіндіру.

Сонымен қатар шара аясында "Балаға жүрек жылуы" тақырыбында 1 – 11 кластарда  тәрбие сағаттары өткізілді. 4 в  класс мұғалімі Нотанова Жанат Ибадуллақызы “Баланы Адам қылып өсіру” тақырыбында ата-аналармен рухани әңгіме жүргізді. Жиналыс барысында ата-аналар бала тәрбиесі жөнінде пікірлерімен бөлісті.

Онкүндік аясында "Алтын жүрек анамыз" атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға 1-5 класс оқушылары қатысып, дипломдармен марапатталды. Сонымен  бірге  «Парасат» дебат клубының жетекшісі Макимова Амангүл БП «Қазіргі қазақ жастарының бойында патриоттық сезім бар» деп есептейді атты дебат – пікірсайыс ойынын өткізді.

Пікірсайыс мақсаты:

Оқушылардың еліміздегі патриоттық бағытта жүзеге асырылып жатырған игі істер мен айтулы шаралар, бағыттар туралы түсініктерін кеңейту;

Екі жақты позицияда оқушылардың сөз жарасымдарына қатыстыру барысында оларды обьективтілік, пікір алуындағы елжандылық, принципшідік қасиеттерге тəрбиелеу;

Тақырыпқа байланысты əртүрлі деректер, материалдар, фактілер, статистикалық мəліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық-эвристикалық қабілеттерін арттыру.

Пікір-сайыс 8-11 класс оқушылары арасында өтті.

Жоспар бойынша 1-6 кластар арасында көрме ұйымдастырылды. Оқушылар өз қолдарымен жасаған ғажайып жұмыстарын ұсынды.

Өзін-өзі тану апталығының жоспарына сәйкес  09.02.2022ж күні бастауыш класс оқушылары арасында "Сүйіспеншілік сабағы" челленджі ұйымдастырылды.

Челлендж шарты: кезекпен әр класс бір-біріне құттықтау бейнероликтері арқылы эстафета жолдайды.

Шараны ұйымдастырған: бастауыш класс мұғалімі Калмурзаева Нурсулу Даулетбаевна.

Сонымен бірге онкүндік аясында "Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Оқушыларға мектепке қажетті оқу құралдары табысталды.

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Құлшаева Гүлдана Тасқынбайқызы «Ән көңілдің ажары» атты ән байқауын ұйымдастырды. Байқау мақсаты: Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, хореографиялық талантын сынау. Өнерге біртабан жақындату.

Байқауға мектебеміздің 1-4 класс оқушылары қатысып, өз өнерлерімен барша жиналған көрермендерді тәнті етті. Әділқазылар шешімі бойынша шараға қатысқан оқушылар дипломдармен марапатталды. Онкүндік шара аясында мектеп оқушылары «Ризамын бүгінге!» тақырыбында флешмоб биледі.

11.02.2021ж. күні "Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігінің салтанатты жабылуы болды. Онкүндік аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың қорытындысы бойынша оқушылар мадақтамалармен марапатталды.