"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
"Қазақ тілі - бар ғылымның бастауы" атты қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерi апталығы 12-ақпан 2022ж.

07.02.2022ж. күні №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде "Қазақ тілі - бар ғылымның бастауы" айдарымен қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерi апталығының салтанатты ашылуы өтті.

Апталықтың мақсаты: Ұлттық тiлдiң мемлекеттік мәртебесін арттырып, бiлiм алушылардың қазақ тілі және қазақ әдебиетінiң негізгін салған тұлғалардың қызметi мен шығармашылығы тұрғысынан танымдарын жетiлдiру. Пән бойынша тiлдiк, сауаттылық дағдыларын арттыру.

08.02.2022ж. күні "Ұлы реформатор" Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл толу мерейтойына арналған конференция өтті.

Конференцияда қаралған мәселелер:

1. "Қазақ халқының рухани көсемі - А.Байтұрсынұлының өміріне шолу" атты баяндама 8 А класс оқушысы  Такилова Айнұр.

2. А. Байтұрсынұлының "Егіннің бастары" мысалы көрінісі қойылды. 8 а класс оқушылары Сарин Расул, Куанышев Жантас.

3. "А. Байтұрсынұлының қалдырған рухани мұралар" тақырыбында 8 а кл оқушысы Амангелді Нұрай баяндама оқыды.

Сонымен бірге қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Шарединова Ж.К. 5-11 класс оқушылары арасында «ҰЛТ ҰСТАЗЫ» атты эссе байқауы өткізді. Бұл байқау Ыбырай Алтынсариннің 180 жыл мерейтойына арналды. Байқау мақсаты: Өз пікірін айту және оны дәлелдеу.

Апталық аясындағы алғашқы ашық сабақты қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Шамшиева Алмагүл Шердарқызы 10 а класында өткізді. Ашық сабақ тақырыбы: Ғаламшардағы жаһандық мәселелер. Сабақта оқушылар әлемде болып жатқан әртүрлі жаһандық мәселелер туралы өз ойларын айтып, пікірлесті.

09.02.2021ж. күні қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Мухамбедиярова Ж. И. 11 б класында Абайтану пәнінен "Толық адам ілімі" тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Сабақтың  мақсаты: Абай Құнанбаевтың "Толық адам" iлiмi арқылы философиялық тұрғыдан жазылған шығарма тақырыптарын, авторлық ұстанымының маңызын көрсету.

Апталық аясында 5-11 класс оқушылары арасында «Поэзия, менімен егіз бе едің?...» атты көркемсөз оқу байқауын  қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Жармуханова И.Б. өткізді.  Байқау мақсаты: Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу, танымдарын кеңейту. Апталықтың бұл күні Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына арналды. Мектеп оқушылары үзіліс кезінде ақиық ақынның өлеңдерін оқып, өмір жолынан мәліметтер тыңдады.

10.02.2022ж. күні "Айтыс-сөз өнері" атты әдеби кеш өткізілді, бұл кеште оқушылар айтыскер ақын Жамбылдың өмір жолы мен көптеген өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды, сонымен қатар 10 а класс оқушылары Жамбыл өмірінен шағын сахналық қойылым қойды. Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шамшиева Алмагүл Шердарқызы.

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Шәриденова Жамиға 9 в класында «Бейімбет Майлин. Шұғаның белгісі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

"Қазақ тілі - бар ғылымның бастауы" атты қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерi бірлестігінің апталығы аясындағы кезекті ашық сабақты Жармуханова Индира Бактыгалиевна 8 ә класында өткізді.  Ашық сабақ тақырыбы: Б.Момышұлы “Ұшқан ұя”. Кейіпкелер бейнесі. Және де Г.М. Молдашева 5 а класында Б. Соқпақбаев "Менiң атым Қожа" атты ашық сабақ жүргізді.

12.02.2022ж. күні  "Қазақ тілі - бар ғылымның бастауы" атты қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерi бірлестігі апталығының жабылуы  өтті. Апталықтың жабылуы аясында "Эссе-сыни ойдың қорытындысы" тақырыбында әдiстеме өткiзiлiп, апталыққа рефлексия жасалды.