"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
«English is a world language» атты ағылшын тілі пәні бірлестігінің апталығы 19-ақпан 2022ж.

14.02 – 19.02.2022ж. күндері аралығында №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде ағылшын тілі пәні бірлестігінің «English is a world language» атты апталығы өткізілді.

Апталықтың мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілін  үйренуге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, коммуникативтік  дағдыларын  жетілдіру, тілдік білімдерін тереңдету.

Апталық аясындағы алғашқы ашық сабақты ағылшын тілі пәні мұғалімі Гаппанова Алтынай 9 а класында «An Island adventure» тақырыбы бойынша өткізді. Сабақ барысында мұғалім оқушыларды «Сastlots» бағдарламасы арқылы 3 топқа бөлді. Тапсырмаларды орындау кезінде Socrative, Wheel of the name, Plickers платформалары қолданылды.

15.02.2022ж. күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Кудьярова Жанар Мухамбетказыевна 11 б класында «Social change and further study» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.

Сабақ мақсаты: Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді талқылау және оны шешу жолдарын зерттеу; Оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын іске асыру; Ағылшын тілі сабағында балалардың коммуникативтік, танымдық белсенділіктерін арттыру, оқушының өзін-өзі шығармашылық тұрғысынан көрсетуге деген қабілеттілігін дамыту.

Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, жұптық жұмыс, пікірталас мишені, ассоциация т.б. Сонымен бірге оқушылар «Wordwall» сайты арқылы тапсырмалар орындады.

Сонымен қатар ағылшын тілі пәні мұғалімі Сеитова Малика Жанболатқызы 2 б класында «Describing appearance» атты ашық сабақ өткізді.  Сабақ барысында мұғалім оқушыларды мультфильм кейіпкерлері арқылы топтарға бөлді. Және де жұптық жұмыс түрлері жүргізілді. Балалар сабаққа үлкен белсенділікпен қатысты.

15.02.2022ж. күні 5 – 6 класс оқушылары арасында «Polyglot» атты зияткерлік сайыс өткізілді.

Іс-шара мақсаты:

  • Оқушылардың қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен алған білімдеріне жалпылай шолу жасау, қайталау жұмыстарын жүргізу;
  • Оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту;
  • Оқушыларды ұлтаралық ынтымақтастыққа, өз елін және өз тілін қадірлеуге, өз отанын сүюге тәрбиелеу. 

Сайыс кезінде оқушылар 2 топқа бөлініп, өздерінің білімдерін көрсетті. Білімалушылар қазақ, орыс және ағылшын тілінде қойылған түрлі сұрақтарға жауап берді. Сайыс өте қызықты өтті.

16.02.2022ж. күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Санкеш Жаннұр Ерболатқызы 1 "б" класында "The big red bus" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім оқушыларды әуе және жеңіл көліктері арқылы екі топқа бөлді. Оқушылар алфавитті, түстерді, сандарды қайталау мақсатында түрлі қызықты тапсырмалар орындады. Сонымен қатар сабақ барысында оқушылармен жеке, жұптық және топтық жұмыстар жүргізілді. Балалар сабаққа керемет қызығушылықпен және үлкен белсенділікпен қатысты.

Апталық аясындағы кезекті ашық сабақты ағылшын тілі пәні мұғалімі Аленова Акмарал Ажихановна 7 «А» класында «The world of music» тақырыбы бойынша өткізді.

Сабақ мақсаты:

-  Оқушыларды өзге ұлттардың ерекше музыкалық аспаптарымен таныстыру;

-  Қазақтың ұлттық аспаптары туралы ақпарат беру;

-  Оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын іске асыру;

- Ағылшын тілі сабағында балалардың коммуникативтік, танымдық белсенділіктерін арттыру, оқушының өзін-өзі шығармашылық тұрғысынан көрсетуге деген қабілеттілігін дамыту.

Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер: ассоциация, заманауи платформалармен жұмыс, топтық жұмыс, пікірталас, «Жетістіктер тауы» әдісі және т.б.

Ағылшын тілі пәні бірлестігі апталығының аясында өткізілген кезекті кластан тыс жұмыс: «Funny English» - Көңілді ағылшын. Шараны ұйымдастырған: ағылшын тілі пәні мұғалімдері Қожабек Назерке Маратқызы мен Әділова Наташа Әбілжанқызы.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Кабылбаева Арайлым Абайкызы 6 В класында “First conditional” тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, жеке жұмыс, ассоциация т.б. Сонымен бірге оқушылар «Kahoot» сайты арқылы тапсырмалар орындады.

17.02.2022ж. күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Әділова Наташа Әбілжанқызы 1 ә класында «The red big bus» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.

Сабақ мақсаты:

- Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру;

- Айтылым және тыңдалым дағдыларын жетілдіру.

Сонымен қатар 9-10 кластар арасында ағылшын тілінен “SPELLING BEE” сайысы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты:

- Оқушыларды ағылшын тілін оқуға мотивациялау және мәдениетаралық қарым – қатынастарды дамыту;

- Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау зейінін дамыту.

Байқаудың негізгі ережесі: айтылған сөздерді қатесіз және кідірмей әріптеп айту. Әр айналым сайын қателік жіберген қатысушылар байқаудан шығарылып отырды. Сайыс қорытындысы бойынша 9А класс оқушысы Бегалиева Камила 1-орын; 9А класс оқушысы Оразгалиева Мерует 2-орын; 10А класс оқушысы Жұмаш Ислам 3-орынмен марапатталды.

Апталық аясындағы кезекті ашық сабақты ағылшын тілі пәні мұғалімі Қожабек Назерке Маратқызы 4 а  класында «Healthy bodies» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: Оқушыларды денсаулықты күту тақырыбында жаңа сөздермен таныстырып, тақырып аясында сөйлеуін  жетілдіру.

Ашық сабақта оқушылар үш топқа бөлініп, жеке де, топтық та жұмыс жасады. Сабақ барысында түрлі әдістер пайдаланылды, "LearningApps" бағдарламасымен тапсырмалар орындалды. Сабақ өте қызықты өтті.

«English is a world language» апталығының аясында оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында үзіліс кезінде мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімдері әртүрлі ойындар ұйымдастырды, 9-11 класс оқушылары арасында «My English is perfect» сайысын өткізді.

18.02.2022ж. күні «English is a world language» атты апталығы аясында 7 – 8 класс оқушылары арасында «Who is the best?» зияткерлік сайысы өткізілді.

Іс-шара мақсаты:

1. Оқушылардың ағылшын тілі пәнінен алған білімдеріне жалпылай шолу жасау, қайталау жұмыстарын жүргізу, сыни ойлау қабілеттерін жаттықтыру.

2. Оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту;

Сайыс кезінде білімалушылар 6 топқа бөлініп, жақсы ойын көрсетті.

Сайыс нәтижесі: 1-орын 7 а класы; 2-орын 8 в класы; 3-орын 8 б класы.

19.02.2022ж. күні ағылшын тілі пәні бірлестігінің «English is a world language» атты апталығы өз мәресіне жетті. Апталықтың жабылуы аясында «Do you speak English?» атты мұғалімдерге арналған ойын өткізілді.

Іс-шара мақсаты: Мұғалімдердің ойлау қабілетін дамыту, шапшаң жауап беру дағдысын қалыптастыру арқылы ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, лексикалық қорларын молайту.

Шараға қатысқан барлық мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталды. Кездесу барысында бірлестіктің бір жетіге созылған апталығына қорытынды жасалды.