"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Салауатты өмір – нұрлы болашақ» атты дене тәрбиесі бірлестігінің апталығы 26-ақпан 2022ж.

21.02.2022ж. күні №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде «Салауатты өмір – нұрлы болашақ» атты дене тәрбиесі бірлестігі апталығының салтанатты ашылуы өтті. Бірлестік жетекшісі Өтегенова Шолпан Артықбайқызы көрермендерді апталықтың жұмыс жоспарымен таныстырды.

Апталықтың мақсаты: Оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға іс-шаралар ұйымдастырылу арқылы қызығушылығын арттыру.

21.02.2022ж. күні дене тәрбиесі пәні мұғалімі Өтегенова Шолпан Артықбайқызы 5 в класында «Волейбол. Доппен әртүрлі жаттығулар түрлері» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: Сапалы орындауды жақсарту үшін жаңа қозғалыс қабілеттерін дамыту.

Сонымен бірге дене тәрбиесі пәні мұғалімі Тлеубергенов Арслан 5 а класында «Волейбол. Доппен әртүрлі жаттығулар түрлері» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: Сапалы орындауды жақсарту үшін жаңа қозғалыс қабілеттерін дамыту.

22.02.2022ж. күні Құдабаева Самал 11 б класында «Волейбол. Допты ойынға астынан қосу» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: Бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенiң командалық көшбасшылық дағысын таңдау және түсіну. Сонымен бірге дене тәрбиесі пәні мұғалімі Оңдасынов Азамат 3 б класында «Рөлдерді анықтайтын ойын әрекеттері. Орта - доп ойыны» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: денсаулықты нығайтудағы қиындықтар мен тәуекелдерді ажырату.

23.02.2022ж. күні Айтмағамбетова Гүлнұр 11 ә класында «Волейбол. Допты қабылдау әдістері» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: Бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенiң командалық көшбасшылық дағысын таңдау және түсіну.

24.02.2022ж. күні алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Хасенов Амангелді Абишевич 11 а класында «Әртүрлі тұрмыстық жағдайларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: Электрлік және тұрмыстық газбен қауіпсіз жұмыс жүргізу. Тұрмыстық химия құралдарын пайдалану кезіндегі қауаіпсіздік шаралары мен компьютерді пайдалану кезіндегі қауаіпсіздік шаралары туралы мәліметтер беру.

Сонымен қатар дене тәрбиесі пәні мұғалімі Бадауаов Ғибадулла Сағидуллаұлы 10 а класында «Жұптық және топтық ойынның қозғалыс дағдысы. Баскетбол.Допты торға тастау әдістері» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: қимыл-қозғалыс дағдыларының дәлдігін, бақылауды және икемділігін кең ауқымда жоғары дәрежеде шеберлік көрсете отырып үйлестіру.

«Салауатты өмір – нұрлы болашақ» атты дене тәрбиесі бірлестігі апталығы аясында 10-11 класс оқушылары үзіліс кезінде автоматты шашып жинаудан бір-бірімен жарысты. Іс-шара нәтижесі бойынша білімалушылар дипломдармен марапатталды. Шараны ұйымдастырған: Хасенов А. А.

25.02.2022ж. күні мектеп оқушылары үзіліс кезінде дойбы ойнап бір-бірімен жарысты. Шараға қатысқан барлық оқушылар дипломдармен марапатталды. Іс-шараны ұйымдастырған: Айтмағамбетова Гүлнұр.

Сонымен қатар апталық аясында футзалдан, волейболдан, баскетболдан, тоғызқұмалақтан, асық атудан жарыстар өткізілді.

26.02.2022ж. күні «Салауатты өмір – нұрлы болашақ» атты дене тәрбиесі бірлестігінің бір жетіге созылған апталығына қорытынды жасалды. Апталықтың жабылуы аясында 5 - кластар арасында "Намыс дода" сайысы өткізілді. Оқушылар бірнеше кезеңдер бойынша жарысты. Сайыс өте қызықты өтті. Жарыс нәтижесі бойынша командалар дипломдармен марапатталды.