"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
WorldSkills Kazakhstan 2023
Мектебімізде 2023 жылдың 26 желтоқсан күні Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Ж.И.Сұлтанның қатысуымен "WorldSkills Kazakhstan 2023" VIII республикалық чемпионаты бойынша кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпаздарымен сұхбаттасу форматында кездесу өтті. 
 
Аталған іс -шараға Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттегі  10А- сынып оқушылары қатысты. Оқушылар басқарма басшысына таңдаған мамандықтарының ерекшеліктерін, колледждің материалдық базасы, педагогтерінің білікті мамандар екенін, сабақ үлгерімдері туралы айтты. Кездесу мазмұнды болды.