"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Болашақ
2024 жылдың 13-ақпан күні кәсіби бағдар беру мақсатында мектебіміздің 8-9 класс білім алушыларына мамандықтар туралы түсінік беру,  кәсіптік қызығушылығы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру, болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдап, лайықты білім алып, сенімді таңдау жасау үшін Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі, Ақтөбе  гуманитарлық колледжі, Ақтөбе технико- технологиялар колледжі,  Ақтөбе құрылыс-  монтаж колледжі, Жоғары көпсалалы "Болашақ" колледжі мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. 
Білім алушыларға түрлі мамандықтарға баулитын  бейнероликтер көрсетіліп,  жан-жақты ақпараттар берілді.