"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
"WorldSkills Kazakhstan 2023" VIII республикалық чемпионаты бойынша кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпаздарымен сұхбаттасу форматында кездесу өтті

Мектебіміздің білім алушыларына мамандық туралы түсінік беру, кәсіптік қызығушылығы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру жіне дамыту мақсатында Ақтөбе автожол колледжі, Ақтөбе сервис колледжі, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі, Ақтөбе құрылыс- техникалық колледжі мамандары келіп көрме ұйымдастырылды. Көрмені 8-9 класс білім алушылары тамашалап, қызығушылықтарын танытты.

Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Ж.И.Сұлтанның қатысуымен "WorldSkills Kazakhstan 2023" VIII республикалық чемпионаты бойынша кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпаздарымен сұхбаттасу форматында кездесу өтті.

Аталған іс -шараға Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттегі 10А- сынып оқушылары қатысты. Оқушылар басқарма басшысына таңдаған мамандықтарының ерекшеліктерін, колледждің материалдық базасы, педагогтерінің білікті мамандар екенін, сабақ үлгерімдері туралы айтты. Кездесу мазмұнды болды.