Ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні Ақтөбе автожол колледжінде «2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы» мемлекеттік жобасы аясында «Болашаққа жолдама» тақырыбында мектеп-лицейіміздің эксперименттік топта оқитын білім алушыларының кәсіби шеберліктерін нығайту және айқындауға арналған іс-шара өтті. Білім алушылар «Автокөліктерге диагностикалық жұмыстар жүргізу», «Автокөлік қозғалтқышын бөлшектеп жинау», «Беріліс қорабы» тақырыптарында шебер класс көрсетті.Сонымен қатар біліктілік бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтар өтетін шеберханаларға экскурсия ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні Ақтөбе автожол колледжінде «2025 жыл - жұмысшы мамандықтар жылы» мемлекеттік жобасы аясында