Мектеп -лицейімізде кәсіптік бағдар жұмысының жоспарына сай «Менің болашақ мамандығым» тақырыбындағы 2-4 класс аралығында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты таңдау процесін қызықты әрі шығармашылықпен көрсету арқылы олардың креативті ойлау қабілеттерін дамыту. Балалардың болашақ мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру: Байқау оқушыларды әр түрлі мамандықтарды зерттеуге және оларды шығармашылық тұрғыдан бейнелеуге ынталандырады.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту: Оқушылардың сурет салу арқылы өз ойларын, армандарын және болашақтағы жоспарларын көркем түрде жеткізу дағдыларын дамыту.
Мамандыктар туралы түсінік қалыптастыру: Оқушыларға әр түрлі мамандықтардың мәні мен маңызы туралы түсінік беру, еңбекке деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
Балалардың өз болашақтарына деген сенімін арттыру: Сурет байқауы арқылы балалар өз мамандық таңдауына жауапкершілікпен, болашаққа сеніммен қарауды үйрету. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады.