"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні мектеп-лицейіміздің білім алушылары Жұмысшы мамандықтар жылының ашылу шарасына қатысты.

Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні мектеп-лицейіміздің білім алушылары Жұмысшы мамандықтар жылының ашылу шарасына қатысты. Аталған шарада 7 сала бойынша көрмелер ұйымдастырылған. Көрмеде тәжірибелік шеберлік сабақтар, интерактивті сессиялар, мамандықтар туралы бейнероликтер, кәсіби жарыстар, викториналар, тәжірибелі мамандармен кездесу, “сұрақ-жауап” форматындағы сессиялар, жұмыс процесін демонстрациялау, кәсіптік бағдарға арналған ойындар, көрме квесттері, қолөнер мен шығармашылық шеберханалар көрсетілді.

Ақтөбе автожол колледжінің көрмесін мектеп- лицейіміздің алғашқы эксперименттік топ түлектері өз тәжірибелерімен бөлісіп,оқу үрдісі туралы ақпарат беріп, білім алушыларға колледж мүмкіндіктерін таныстырды.

Бүгінгі көрме білім алушыларымыздың еңбекке деген құрметінің артуына, жұмысшы мамандықтардың қоғамға қаншалықты қажетті екендігін, болашақта өздерінің кәсіби таңдауларын кеңінен қарауға мүмкіндік беретін тамаша бастама болды.