Мектеп-лицейімізде Болашаққа жолдама жобасы аясында кәсіптік бағдар беру жоспарына сай «Менің болашақ мамандығым» тақырыбындағы 2-4 класс аралығында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты- – оқушыларға болашақ мамандықты таңдау процесін қызықты әрі шығармашылықпен көрсету арқылы олардың креативті ойлау қабілеттерін дамыту.
Мамандыктар туралы түсінік қалыптастыра отырып, балалардың өз болашақтарына деген сенімін арттыру. Сурет байқауы арқылы балаларға өз мамандық таңдауына жауапкершілікпен, болашаққа сеніммен қарауды үйрету. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Құттықтаймыз!