"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Кәсіби бағдар беру 20-сәуір 2022 жыл

20.04.2022ж. күні оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің педагогика, тарих және жаратылыстану, физика-математика, экономика және құқық, техникалық факультеттерінің мамандары №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің 11-класс оқушыларымен кездесіп, университетке түсу ережелері, мамандықтар, оқу ұзақтығы, грантқа түсу мүмкіндіктері т.б. ақпараттар берді. Сонымен қатар университет студенттері білімалушылармен студетттік өмірдің қызықты тұстарымен, университеттегі волонтерлық жұмыстар т.б. маңызды ақпараттармен бөлісті. Кездесу соңында оқушыларға жадынамалар таратылды.