I.Кітапхана жұмысының мақсаты:
Қазіргі таңда жан-жақты қосымша білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы. Кітапхана сол оқу орнындағы білімге ұмтылған жас ұрпақтың табылар жері. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған,жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала береді.
Оқу барысын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде қажетті білімді мағлұматты іріктеп таңдап алуға және оқушыларға жете түсіндіріп үйрету.
- Кітап қорының жасақталу жағдайы
- Мектеп кітапханасының қоры 24597 дана. Қарапайым әрі ұтымды тәсілдерінің бірі қорды, қосалқы қорға, абономентке, оқу залына, медиатекаға, кітап беру пунктіне бөлу болып табылады. Бұл кітапханашыға оқырмандарға аса сапалы, икемді әрі тез қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біздің мектеп кітапханасының қоры үш бөлімнен тұрады. Мақсатына қарай абономент қоры, оқу залы, кітап сақтайтын бөлім. Абономент пен оқу залы бір кабинетте орналасқан. Кітап қорындағы кітаптар әдеби кітаптар әріптер бойынша , ғылым салаларының кітаптары индекстері бойынша , оқулықтар кластары бойынша орналасқан.
- Өткен оқу жылында кітап қорында 27867 дана кітап болатын. Өткен оқу жылында 3270 дана көне оқулық кітап қорынан шығарылып, 5134 дана жаңа оқулық келіп түсті. Қазіргі таңда кітап қорында есепте тұрғаны 24597 дана.
- Қорды сақтаудың қалыпты режимдерінің бірі - оны шаңнан және биологиялық зияңкестерден қорғау. Кітапхана қорын бүліну мен ұрланудан қорғау үшін оны сақтау мен пайдалануға қолайлы жағдай туғызу қажет. Өрттен қорғау қағидаларын сақтау керек.
ІІI. Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары
Оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету. Оқушылардың білімдік, ақпараттық , мәдени және демалыс қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Кітапхана оқырмандарына жеке қызмет көрсету барысында кітапханашы оқырмандардың мүдделерін зерделеп оған әдебиеттер ұсынып, кеңестер беріп, жеке әңгімелесу арқылы оқырманның сұранысын орындауға көмектесу.
Кітапханада топтық және көпшілік қызмет көрсету. Мектеп кітапханасында көпшілік жұмыс, әдетте, мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі.
- Оқу үрдісіне жәрдемдесу.
- Мектептің тәрбие бағдарламаларына көмектесу
- Еркін оқуды ынталандыру
Қызметтері:
- Ақпараттық салауаттандырушылық.
- Оқу процесін қамтамасыздандыру.
- Оқырмандардың қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:
- Жас оқырмандарды кітап оқуға баулу.
- Оқу мәдениетін қалыптастыру.
- Оқулықтарды қадірлей білуге тәрбиелеу.
ІV. Ағартушылық, көпшілік, кітап оқуға қызығушылықты арттыру бағытында жүргізілетін іс-шаралар
№ |
Тақырыбы |
Мақсаты |
Жұмыс түрі |
Жауапты |
Қыркүйек айы |
||||
1. |
«Кітап білім бұлағы» |
Мектеп оқушыларын оқулықпен қамтамасыз ету |
Мектеп оқушыларын оқулықпен қамтамасыз ету |
Кітапханашы |
2. |
«Кітап –сарқылмас рухани әлем » |
1 қыркүйек білім күніне орай |
Экскурциялық саяхат кітапханада |
Кітапханашы |
3. |
Оқулықтардың тазалығын тексеру |
Кітапты ұқыпты, таза ұстауға баулу. |
рейд |
Кітапханашылар Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен |
4. |
«Жаңалық жыршысы» |
Мерзімді басылымдарды насихаттау, жазылу |
Библиографиялық шолу. класс сағаты |
Кітапханашылар кл жетекшілер |
Қазан айы |
||||
5. |
«Күнге бет алған керуен» |
Әнуар Әлімжанов. |
Әдеби вираж. онлайн |
Кітапханашылар №3 қалалық кітапхана.онлайн |
6. |
«Тіл – елдіктің айнасы» |
Тіл мерекесіне орай |
көрме библиографиялық шолу |
Кітапханашылар, Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері |
7. |
Оқулықтардың тазалығын тексеру |
Кітапты ұқыпты, таза ұстауға баулу. |
рейд |
Кітапханашылар Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен |
Қараша айы |
||||
8. |
«Ұлттық теңге-Тәуелсіздігіміздің белгісі» |
Ұлттық валюта күніне орай |
Танымдық сабақ. Көрме. Библиографиялық шолу. |
Кітапханашылар С.Жиенбаев ат обл кітапхана |
9. |
Ертегілер еліне саяхат |
Ертегілер оқуға баулу. |
Оқушыларға ертегіні оқып суреттеп,талдау. |
Кітапханашылар Бастауыш мұғалімдері |
Желтоқсан айы |
||||
10. |
«Елбасы – Ел тірегі» |
Елбасы туралы жариялымдармен танысу |
Көрме. Библиографиялық шолу. |
Кітапханашылар |
11. |
«Тәуелсіздік- азаттығым, бақ күнім» |
Қазақстанның тарихи жерлеріне виртуалды саяхат |
Оку марафоны |
Кітапханашылар № 3 кітапхана |
12. |
Кітапхана – білім мен ғылым ордасы |
Білім көзі кітапта |
Кітапханаларға саяхат |
Кітапханашылар қалалық кітапханалар |
Қаңтар айы |
||||
13. |
Жаңа басылымдарға библиографиялық тізім жасау. |
Пән мұғалімдеріне қажетті мақалалар |
Тізім жасау |
Кітапханашылар |
14. |
«Балалар әлемінің - ұлы ұстазы» |
Ыбырай Алтынсарин -180 жыл Ағартушы, педагог, жазушы, қоғам қайраткері |
Көрме. Оқу сағаты |
Кітапханашылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері |
15. |
«Кітапхана мен интернет » |
Жастарды заманауи технологияларды меңгеруде белсендірек болуға және бағдарламаларды түсіндіріп насихаттау |
Кітапханаға экскурсия |
Кітапханашылар С.Жиенбаев обл кітапхана. Байганин атындағы обл. балалар кітапханасы. Онлайн |
Ақпан айы |
||||
16. |
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» |
ҚР “Сыбайлас - жемқорлықпен күрес туралы түсінік беру |
Кітап көрме, библиографиялық шолу, сұхбат |
Кітапханашылар |
17. |
Балалар әлеміне саяхат |
Оқу күні |
Ертегі кітап оқуға баулу,тыңдалым |
Кітапханашылар Байганин атындағы обл. балалар кітапханасы |
18. |
«Оқуға құштар мектеп» |
Мектеп кітапхансындағы көркем-әдеби кітаптарға таныстырылым |
Видео-ролик, Жаңа кітаптарға таныстырылым |
Кітапханашы Мұғалімдер |
Наурыз айы |
||||
19. |
«Алғыс білдіру – ең асыл сөз» |
Алғыс айту күніне орай |
Көрме, кл аралығында презентация сайысы |
Кітапханашылар, Бастауыш мұғалімдері |
20. |
Кітап білім бұлағы |
Өзің оқы,өзгеге ұсын |
«Буккроссинг» акциясы |
Кітапханашы –оқушы, Мұғалімдер |
21 |
М.Мақатаев «Ойшыл ақын» |
Мақатаев Мұқағали -90 жыл толуына орай |
Әдеби вернисаж |
Кітапханашылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері |
Сәуір айы |
||||
22 |
«Ғарышқа түрен салған қыран – қазақ!» |
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Әубәкіров Тоқтардың ғарышқа ұшқан тарихи күні. 30 жыл |
Планитарияға саяхат |
Кітапханашылар № 3қалалық кітапхана |
23. |
Оқулықтардың тазалығын тексеру |
Кітапты ұқыпты , таза ұстауға баулу. |
рейд |
Кітапханашылар Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен |
24. |
«Әлемге танылған қаламгер» |
Ашықбаев Ертай -65 жаста Жерлес ақын,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі |
Көрме.Библиографиялық шолу.танымдық сабақ |
Кітапханашылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері |
Мамыр айы |
||||
25. |
«Бірлігіміз жарасқан» |
Көпұлтты халқымыздың тыныштығымен бірлігін нығайту |
Сурет сайысы |
Кітапханашылар Бейнелеу пән мұғалімдері |
26. |
«Ел ертеңі-бүгінгі жас ұландар» |
7-мамыр Отан қорғаушылардың күніне орай |
Ерлік сағаты |
Кітапханашылар №1 Абай ат.қалалық кітапхана |
27. |
«Біз ешқашан ұмытпаймыз» |
Ұлы Жеңіс күніне орай |
Көрме. библиографиялық шолу, сұхбат |
Кітапханашылар № 3қалалық кітапхана |
28. |
Кітап-білімнің қайнар көзі |
Оқулық жинау |
Оқулық жинау |
Кітапханашылар |
Кітап қорымен жұмыс жасау
№ |
Жүргізілетін жұмыстар |
Өткізілу мерзімі |
Жауапты |
1 |
Қорға келіп түскен оқулықтарды есепке алып тіркеп отыру |
Қыркүйек, қазан |
Кітапханашылар |
2 |
Кітап қорын жинақтап шаң-тозаң , зиянды заттардан сақтау. |
Жыл бойы |
Кітапханашылар |
3. |
Қорды мазмұны мен мақсатына қарай орналастыру |
Жыл бойы |
Кітапханашылар |
4. |
Кітапхана қорын бүліну мен ұрланудан қорғау |
Жыл бойы |
Кітапханашылар |
5. |
Оқырмандар жоғалтқан бүлдірген кітаптарды сол жоғалған кітаптың құны мен мазмұны бірдей басылыммен алмастыру. |
Сәуір Мамыр |
Кітапханашылар |
6. |
Каталог - картотекаларды толықтырып отыру |
Жыл бойы |
Кітапханашылар |
7. |
Кітап қорына қазақша көркем әдебиеттерді толықтыру мақсатында жылына бір рет кітап акциясын ұйымдастыру |
Сәуір |
Кітапханашылар |
Жеке оқырманмен жұмыс
№ |
Жүргізілетін жұмыстар |
Өткізу мерзімі |
Жауапты
|
1. |
Жаңа оқу жылында әр оқырманға жеке формуляр ашып қайтадан нөмірлеп тіркеу. |
Қыркүйек Қазан |
Кітапхана меңгерушісі Кітапханашы |
2. |
Оқырмандарға жеке қызмет көрсету барысында оқырманның мүдделерін зерделеп, әдебиеттер ұсыну |
Жыл бойы |
Кітапханашылар |
3. |
Оқырманмен жеке жұмыста әңгімелесу әдісін қолдану |
Жыл бойы |
Кітапханашылар |
4. |
Кітап бересі оқырмандармен жұмыс жасау |
Сәуір Мамыр |
Кітапханашылар |
5. |
Оқырмандар арасында сауалнама жүргізу |
Тоқсан сайын |
Класс жетекшілер |
6. |
Оқырман сұранысын орындау |
Жыл бойы |
Кітапханашылар |
Кітапхана меңгерушісі: Конырова Н.М
«Бекітемін» «Келісілді»
Мектеп директоры: Мектеп директорының
И.Б. Амитжанова тәрбие ісі-жөніндегі
орынбасары:
С.Ж.Таяуова
Ақтөбе қаласындағы №39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп кітапханасының 2020 – 2021 оқу жылында өткізілетін жылдық жұмыс жоспары.
Ақтөбе қаласы