Оқырман міндеті:
- Кітапхананы пайдалану қағидаларын сақтауға.
- Жыл сайын оқу жылының басында қайта тіркеуден өтуге.
- Кітапханада тыныштық пен тәртіпті сақтауға, кітапхана бөлмесіне үлкен портфельдер мен сөмкелерді алып кірмеуге.
- Кітапхана қорынан алынған құжаттарға (онда белгілер жасамауға, сызбауға, жыртпауға, беттерін бүктемеуге және т.т.), құрал-жабдықтар мен саймандарға ұқыппен қарауға.
- Кітапхана бөлмесінен оқырман формулярына жазылмаған құжаттарды алып шықпауға.
- Кітапхананың баспа құжаттарын алар кезде оқырман онда ақаудың (жыртылған беттерінің, құжаттама жазудың және т.б.) жоқ екеніне көз жеткізуге және ақаулар табылған жағдайда ол туралы кітапханашыға хабарлауға тиіс.Өткізілетін құжаттардан табылған ақаулар үшін соңғы тапсырушы жауап береді.
- Әрбір алынған құжат үшін оқырман және кітап формулярына қол қоюға (бастауыш сыныптар оқушыларынан басқасы)
- Кітапханаға құжаттарды белгіленген мерзімде қайтаруға.
- Құжаттарды жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда кітапхананың құны бірдей деп таныған басылымдарымен алмастыру, айырбастау мүмкін болмаған жағдайда – құжаттардың шынайы нарықтық құнын өтеуге міндетті. Кәмелетке толмаған оқырман – оқушының кітапхана қорынан құжаттар жоғалтқан немесе оған орны толмас залал келтірген жағдайда ата-аналары (немесе олардың орнындағы адамдар) жауапкершілікке тартылады.
- Оқырман мектептен кеткен жағдайда өзіне жазылған құжаттарды кітапханаға қайтаруы тиіс.
Оқулықпен қалай жұмыс істеу керектігі туралы:
- Оқулықты қаптап ұста;
- Оқулыққа сурет салып, жазуға болмайды;
- Кір қолымен кітапты ұстауға, тамақтанып отырып кітап оқуға болмайды;