"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Кітапханалық қызмет көрсету жағдайы

Мектеп кітапханасының ең басты атқаратын қызметі – оқу-білім үрдісін оқулықпен, әдістемелік құралмен, әр саладағы әдеби кітаптармен қамтамасыз ететін және кітапхана нормасы мен ережесіне сай жұмыс атқаратын мектептің құрылымы. Мектеп кітапханасының өзгешелігі мен ерекшелігі де осында. Балалар алғаш кітаппен жұмыс істеуді мектептен үйренеді. Ал кітапханашының міндеті-оқуға, кітапқа құмарлығын арттыруға, кітапты қадірлей білуге үйрету. Кітапханадағы әр кітапқа қарап, олардың оқырмандардың қолында көп пайдаланғандығын, не болмаса кітап сөресінде қозғалыссыз тұрғанын байқауға болады. Кітапхана мәдени, рухани ақпарат орталығы болғандықтан бүгінгі атқаратын рөлі зор.

Кітапхана  пән мұғалімдермен тығыз байланыста. Әр түрлі мектепішілік  іс-шаралар өткізу барысында: олимпиада,  ғылыми конференция,  пән аптасы, ашық сабақ, семинар, педкеңес, әдістемелік отырыс,  жан-жақты тәрбие жұмысы, сынып сағаты болсын керекті материал таңдаған кезде кітапханадан үнемі көмек алуға болады. Тәрбиелік жұмысының негізгі бағытында  керекті әдебиетті, газет пен журнал беттеріндегі мақалалардан табуға жетекшілік етеді. Әрбір мектеп іс-шарасына қызығушылық танытып, тақырыптар бойынша көз тартатындай көркем безендірілген, терең мазмұнды ашық көлемді кітап көрмелері ұйымдастырылады және ұсынатын әдебиет тізімі құрастырылады.

Жаңадан ашылған бұл мектеп өзқоры болмағандықтан, қыркүйек айында әр оқушы өзінін келген мектепбінен оқулықпен келіп орташа деңгейдегі кітап қорымен қамтылу болған болатын, осыған орай мектеп кітапханасы қорын сала және әдеби кітаптармен қамту мақсатында қала кітапханаларымен бірігп «жылжымалы кітапхана» шарасын ұйымдастырдық. Ұйымдастыру аясында оқушылар оқу шапшандықтары мен сауаттылық  деңгейлері жақсы деген нәтиже берген болатын. Содан соң мектеп әкімшілігмен бірге отырып «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын ұйымдастырған болатынбыз, бұл акция өте жоғары деңгейде өтті. Ата-аналар мен мұғалімдер, қызметкерлер және оқушылар өте жақсы белсенділік танытты.

 Кітапхана қорына қалалық білім бөлімінің қоймада сақталған оқулықтарының барлығы беріліп кітапханадағы оқулықтар қорымен толықтырылды. Оқу жылы соңында қала мектептерімен есеп жүргізіліп, келген оқушылардың оқулықтары екі мектеп арасында акт есебі арқылы мектеп қоры баласына алынды. Осындай жүйелі жұмыстар нәтиежесімен кітапхана қоры толығып, өз деңгейінде жұмыс жүргізілді.
     Үнемі әртүрлі педагогикалық жаңалықтар, жаңа басылымдырдың шығуын қадағалап,  идея,  эксперименттер,  керекті қосымша ақпараттар қарастырылып,  сан түрлі анықтамалық материалдар мұғалімдерге көмек ретінде ұсынылады.
Ақпараттық-библиографиялық жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Қалалық,  басқа кітапханалармен тығыз байланыста болады.

Кітапхананың мақсаты:

1.Кітапхана өз қызметінде Қазақстан Республикасы үкіметінің кітапхана ісінің мәселелері жөніндегі шешімдерін, Білім министрлігінің бұйрықтарын және осы жоспарды басшылыққа алады;
2. Кітапхана өз жұмысын педагогикалық ұйымымен бірлесіп атқарады;
3. Мектептің міндеттері мен ерекшеліктерін ескере отырып, оқу – тәрбие ісін неғұрлым толық қамтамасыз ету мақсатында қорды қалыптастырады;
4. Анықтама – библиография апаратын, кітаптарды насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастырып, кітапхана қорын толық ашып көрсетеді;
5. Оқушыны кітапқа құштарлыққа, кітапхананы пайдалана білуге тәрбиелейді;
6. Кітаппен өз бетінше жұмыс жасау жолдарын меңгеруге, кітап арқылы ой - өрістерін, рухани жандүниесін кеңейтуге, тілін дамытуға, ой - өрісі  кең, білімді, парасатты азаматтарын  тәрбиелеуге жәрдемдеседі; 

7.Мектептегі педагог қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігін көтеруге көмектеседі.
Кітапхананың міндеттері:

  1. Оқушыларға білім алудың басты құралы – кітап екенін түсіндіре отырып, жас ұрпақтың бойына патриоттық, әділдік, бауырмалдық  қасиеттерді  қалыптастыру.
  2. Оқырман көңілінен шығып, олардың талаптарын қанағаттандыру бағытында еңбек ету, кітапхананың кітап қорын сақтап, молайту.
  3. Кітапханаға келуші оқырмандар санын көбейтіп, жас ұрпақтың бойында  кітапқұмарлықты, кітап оқуға қызығушылықты қалыптастыру.

Оқушылардың  оқулықпен  қамтылуы

Осы оқу жылында мектеп оқушылары оқулықпен мектеп тарапынан 100 % қамтылды.  Мектептегі аз қамтылған оқушылар оқулықпен 100% қамтылды.

             Мектеп кітапханасының  кітап қоры 24597 дана болды, оның ішінде мектеп оқулықтары 18394 дана, жаңа буын оқулықтары 5134 дана. Осы оқу жылында  қалалық білім бөлімінен 5134 дана жаңа  оқулық  берілді. 

  • Оқырмандарды өз бетінше білім алуға,әр түрлі ақпараттық көздерімен жұмыс істеуге үйрету;
  • Ізденіс әдістерін,ғылыми-зерттеу қызметін дамыту;
  • Жаңа технологиялармен жұмыстың ең қарапайым түрін меңгерген сауатты пайдаланушыны қалыптастыру;