"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп кітапханасының 2018-2019 оқу жылындағы негізгі көрсеткіші

№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп кітапханасының 2018-2019 оқу жылындағы негізгі көрсеткіші                

Көрсеткіштері

2018-2019 оқу жылы

Кітапхана қоры

27349                       

Оқулық қоры

21146

Жаңа буын оқулықтар

5394

Көркем әдебиет

5106

Оқырмандар саны

1010

Оқушылар саны

953

Келу саны

9965

Кітап берілу саны

12435

Оқылым

18,3

Қор айналым

0,8

Кітаппен қамтылуы

27,5

 

Мектеп кітапханасындағы кітап қорының өсу деңгейі

 

Ағартушылық, көпшілік, кітап  оқуға  қызығушылық  бағыттағы  жүргізілген жұмыстар.

      

Күнделікті жұмыс барысында  мектеп мұғалімдері тәрбие сағаттарына , сабақтарының  тақырыбына  байланысты  материалдар іздегенде кітапхананың көмегіне сүйенеді. Ал оқушылар  мәнжазба  жазуға үй тапсырмаларына қосымша мәліметтер іздегенде  кітап қорын пайдаланады. Тәуелсіз  елімізді өркениетті  әлемге танытатын, дамыған елдер  қатарына  терезесін тең ететін  білім және білімді  ұрпақ. Қазіргі таңдағы  жан-жақты білім мен тәрбие  берер мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы. Кітапхана сол оқу орнындағы  білімге ұмтылған  жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың  табылар жері. Демек , мектеп кітапханасының  алдына қойған өзекті  мәселесі жас ұрпақты тәрбиелеу. Сапасы білім, санасы  тәрбие алу үшін, көп оқып, көп іздену керек екенін  түсіндіре отырып  оларды адамгершілікке , мейірімділікке  тәрбиелеу мақсатында  мектеп кітапханасында  көптеген іс-шаралар жүргізіледі.  Әр түрлі тақырыптағы  көрмелер: «Кемеңгер Елбасы – ырысы елімнің»    «Тәуелсіздік тұғырың», «Туған жерім алтын бесігім, Ақтөбем»,«Рәміздер – ел мақтанышы» , «Теңге – мемлекет келбеті», «Елбасы-Ел тірегі» «Әлемге танылған - Абай», «Мамандығым мақтанышым», «ҰБТ – заман талабы», «Батырлар ұмытылмайды», «Азаттық аңсаған ақын», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Наурыз – жыл басы»,«Балалар әлемі» ұйымдастырылып библиографиялық шолу жасалды

Мектеп кітапханасының сыртқы байланысы

Оқушының  кітап оқуға деген  қызығушылығын дамыту, ойлау қабілетін , көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту мақсатында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен,  №1 Абай атындағы қалалық кітапханамен, №3 қалалық  кітапханамен,Н.Байганин атындағы облыстық балалар кітапханалармен және қала мектептерімен бірлесе отырып бірнеше шаралар өткізілді.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі А.Шамшиева мен бірлесе отырып тіл мерекесіне орай «Тіл елдігіміздің  - негізі» тақырыбында, 6 кластар арасында ақын жазушылармен кездесу кеші  өткізілді.

Мақсаты: Ана тілінің қадір-қасиетін ұға білуге, оны өшпес     мұра етіп сақтап,ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу. Поэзияны сүюге баулу, мәнерлеп оқуға машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, өлеңді мәнерлеп,  нақышына келтіріп оқу қабілетін дамыту.

 

«Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі»  КММ қарасты №3 қалалық кітапханамен бірлесе 7-8 кл оқушылары арасында Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабына талдау жасалып, «Ұлтына ұран болған ұлы тұлға» атты оқу марафоны өткізілді.

Мақсаты: Оқырмандарға халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі. Б.Момышұлы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Ұшқан ұя» кітабында он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылғанын  талдап, оқырмандардың қоғамға деген көзқарасын айқындау, бағыт-бағдар беру, кітап оқуға баулу,пікір алысу.

 

Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай, қала мектептерімен бірлесе , 8-9 кл оқушылары арасында  «Тәуелсіздік айбарым» тақырыбында тарихи сахналық қойылым өткізілді.

Н.Байганин ат обл балалар кітапханасымен бірлесе «Оқитын өлке»ақциясы аясында ақын Сарышолақ Боранбайұлына арналған «Азаттық аңсаған ақын» портрет сағаты өткізілді. Шарамыздың  қонағы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері, т.ғ.магистрі Ержанов Арман Құдайбергенұлы шақырылды.

Мақсаты: Оқырмандарға «Оқитын өлке» акцияға  ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ақтөбе өңірінде өмір сүрген ақындар ішіндегі ең көрнектісі Сарышолақ Боранбайұлының шығармалары таңдап алынды. Акция аясында жыл бойы ақынның шығармаларын оқып талдай отырып ақын Сарышолақ Боранбайұлының шығармасын насихаттау. Жастарды патриотыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, рухани мұраны сақтауға және әдеби кітаптарды оқуға ынталандыру болып табылады.

 

Байганин ат обл балалар кітапханасымен бірлесе «Білмекке құмарлар» атты кітап көрмеге оқу  күніне орай 1 сынып оқушылары аралығында, балалар әлеміне саяхат жасалды.

№5 Маршак ат балалар кітапханасымен бірлесе, Наурыз мейрамына орай    «Табиғаттың жыл басы-Наурыз» атты ұлттық мерекелік ойын сайысы өткізілді.                                                                                                                        

Ақтөбе қаласының 150 жылдығын мерекелеу аясында мектепшілік іс-шара барысында «Ақтөбем - әсем қалам,ару қалам!» - атты кітап көрме ұйымдастырылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында оқушылар арасында мектеп  кітапханасында кітап көрмесі  ұйымдастырылды. Мақсаты: 1.“Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. 2. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. 3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

«Мектеп кітапханаға  кітап  сыйла» акциясы ұйымдастырылды.

Мектепшілік  іс-шара барысында ата аналарға арналған ашық есік күніне орай,  бүгінгі жастар халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қабілетін шындайтын, білімді жастарды анықтайтын,білімге қызығушылықтарын арттыратын «Алғыр алтау» сайысы 6-7 кл арасында  өткізілді.

«Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі»  КММ қарасты №3 қалалық кітапханамен бірлесе, 3 кл оқушылары арасында «Жер мен көкті жалғаған Байқоңыр» - атты Халық аралық авиация және ғарышкерлер күніне орай облыстық  Планетарийге экскурсия жасалды

Қазақ әдебиетімен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлға, ойшыл ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абайды оқимыз» атты мәнерлеп оқу кеші 8-9 кл оқушыларымен  №1 Абай атындағы қалалық кітапханамен бірлесе  Абай даңғылы көшесінде ұйымдастырылды.                                  

 

«Ұлт -  ұлысқа ортақ  үй» балалар қиялымен сурет салу сайысы өткізілді.  

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай № 1 Абай атындағы қалалық кітапханамен бірлесе «Отан қорғау азамат парызы» - атты ерлік сабағы ұйымдастырылды.

«Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі»  КММ қарасты №3 қалалық кітапханамен бірлесе «Мәңгілік алау» ескерткіші жанында «Батырлар ұмытылмайды» тақырыбында  жеңістің 74 жылдығына орай экскурсиялық сағат ұйымдастырылды. 

«Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі»  КММ қарасты қалалық кітапханалардың ұйымдастырылуымен «Ақтөбем –Алтын бесігім» атты оқу марафонына қатысып, 5 класс оқушысы Маратқызы Әлима,Құдайбергенова Наргиза, 7 класс оқушысы Утегенова Диана, Бағыбаева Ардақ сертификатпен марапатталды. «Бақытты бала» жобасы аясында Н.Байганин ат. Обл. балалар кітапханасының ұйымдастырылуымен «Мұзафар оқулары» онлайын режимінде қатысып, Жеңісұлы Дегдар 4 кл оқушысы, Камел Балнұр 3 кл оқушысы дипломмен марапатталса, қалған оқушылар сертификатпен марапатталды.Қала мектептерінің аралығында ұйымдастырылған Б.Майлиннің 125 жылдығына орай өткізілген «Ұлтымыздың мақтанышы» атты әдеби сайыс кешінде 7 б класс оқушылары 1- орын иеленді.

Қалалық кітапхана жүйесі бойынша өткізілген «Оқу керек..» эстафетасында Абайдың қара сөздерін оқу шеберлігі  үшін  Жұмаш  Ислам мен Абилкасим Дидар Алғыс хатпен марапатталды.

Оқу жылының соңғы айында  оқуға жарамсыз, оқу бағдарламасына сай емес оқулықтардың тізімі жасалынып кітап қорынан  шығаруға  сұраныс жасалды. 

Осы оқу жылының есебі жасалынып алдағы оқу жылына жоспар жасалып қалалық білім бөліміне тапсырылды.

Қорытынды

«Жансызды жандандыратын, жандыны жаңғыртатын - кітап», екенін білген, көптеген кітап сүйген оқырмандарымыз да бар. Іздегенін бізден сұрап, сабақтан тыс кезде келіп, көркем-әдеби кітаптарды оқитын оқырмандарымыз да аз емес. Міне осыған байланысты кітапхана күнделікті статистикалық есеп жүргізіп отырады. Бұл есеп кітапхана қорының қозғалысы мен оқырмандардың құрамын, санын айқындайды, кітап беру және библиографиялық жұмыстың мөлшерін айқындауға мүмкіндік береді. Сондықтан кітапханашылар оқырмандарға, яғни мектеп оқушылары мен ұстаздарға жоқтан барын жасап барлық мүмкіндіктерді жасап оқу процестеріндегі жаңашылдықтардан ешқашан қалыс қалмау керек.

«Білімдінің жүзі жарық, білімсіздің жүзі шарық» деп ата-бабамыз бекер айтпаған. Кітапты үзбей оқып,  өзімізге сенімді дос ретінде қабылдайық. Кітап өмірімізге бағыт сілтеп тұратын шамшырағымыз деп білейік. Кітаптың ұлы қасиетін бағалап, құрметтеп  жүрейік.

Ұсыныс:

  1. Сынып жетекшілер тәрбие сағаттарынды кітапхананың пайдалану ережесі мен кітапның шығу тарихын туралы ақпараттар берілсе (сынып жетекші немесе кітапханашы);
  2. Жас мамандар әрдәйім кітапханаға келіп, жаңа түскен оқулықтар мен әдістемелік құралдармен танысса;
  3. Бастауыш класс жетекшілері оқу техникасы төмен оқушыларын кітапханамен тығыз байланыста ұстаса;
  4. Әр дайым баспасөз беттеріне жарияланған мақалаларды кітапхананың оқу залынан келіп аптасына ең кем дегенде бір рет келіп оқып, танысса;
  5. Мектеп кітапханасында өткізілетін іс-шаралар мен әртүрлі тақырыптағы акцияларға белсене қатысып тұрса.

Кітапхана меңгерушісі:                  Н.М. Конырова