"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Кітапханадағы іс-шара 2021 жыл

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Абай Құнанбаевтың "Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла..." кітабын талдау бағытында 15-қазан күні мектеп кітапханасында 6 "ә" класс оқушыларымен  Абай аудармаларына қойылым ұйымдастырылды.
Қойылымның мақсаты: Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, ұлы ақынның шығармаларына шолу жасау, өлеңдері, қара сөздері, аудармаларын мәнерлеп оқуға құштарлығын ояту, оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру, оқу дағдыларын қалыптастыру, кітап оқу арқылы рухани-адамгершілік әлемді дамыту. 

 


«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ жаңа басылымы «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла...» кітабын талдау бағытында мектеп кітапханасында 10 А -класс оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 
Мақсаты: 
Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек мәлімет беру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту, адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау. Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқуға құштарлығын ояту, оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру.