"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Елбасымен бірге – болашаққа тың қадам» зияткерлік сайысы 27-қараша 2021 жыл

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен Кеңес Одағы батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде «Елбасымен бірге – болашаққа тың қадам» зияткерлік сайысы  өтті. Аталмыш сайысқа мектебіміздің атынан «Экоәлем» үйірмесінің «ЖАСҚЫРАН» тобы қатысып, жүлделі 2орынға ие болды.Оқушыларымыз сайыс барысында білімдерін сарапқа салып, танымдық деңгейлерін көрсете білді.