2023 жылдың 19 сәуірінде 9-10 класс оқушылары АӘД мұғалімі А. Хасеновпен Ақтөбе қаласындағы №30238 әскери бөлімінің тұрмыс -тіршілігімен, қару-жарағымен танысып келді
9 - 11 класс оқушылары арасында өткен қазақ тілі мен әдебиетінен Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің нәтижесінде Құттымұратова Назерке жүлделі ІІ орын иеленді
Кәсіби бағдар беру мақсатында мектебіміздің оқушылары "Ақтөбе гуманитарлық колледжі" базасында өткізілген "Мамандығым - мақтанышым!" тақырыбында ашық есік күніне қатысты
2023 жылғы 19 наурыз - 7 сәуір аралығында “Балдәурен - Шучинск” Республикалық оқу - сауықтыру орталығының “Қош келдің, Әз - Наурыз!” атты 4 - ауысымына мектебімізден оқушылар Бурабайға барып келді