Мектебімізде "Елдігіңді ойласаң, тарихыңды танып, біл!" тақырыбында тарих және құқық негіздері пәндері апталығы өтті.
Мақсаты: Тарих пәндерін оқыту арқылы оқушылардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру, азаматтық ұстаным, өз Отанына деген сүйіспеншілікті және құрметпен қарауын тәрбиелеу.
Апталықтың ашылуы екі бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлімі ҚР Тәуелсіздік күніне арналған болса, екінші бөлімінде «Ұлттық мәдениет» тақырыбын қамтыған, ХІХ ғасырдағы қазақ тарихындағы мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан, сауданың дамуына, яғни жәрмеңкелерден көрме ұйымдастырылып көрсетілді.