"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
16-қаңтар күні мектебімізде «Жаратылыстану-таңғажайыпқа толы ғылымдар әлемі» тақырыбындағы химия,биология,география пәндері апталығының ашылуы болды

16-қаңтар күні мектебімізде «Жаратылыстану-таңғажайыпқа толы ғылымдар әлемі» тақырыбындағы химия,биология,география пәндері апталығының ашылуы болды.

 
Ашылу салтанатында жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Молдашева К.А апталықтың басты мақсат-міндеттерін айтып өтті. Бақтыбаева А.Ж география пәнінен болатын іс-шаралардың мазмұнымен таныстырса, білім алушылар еліміздің қалалары туралы әсем әнмен жалғастырды.
 
Химия пәнінің ерекшеліктері жайлы пән мұғалімі Утегенова А.Қ айтып өтті.Оқушылар алған білімдерін қолданып, қызықты тәжірибе жасады,тіпті химиктер биін де биледі.
 
Биология пәнінің мұғалімі Каратаева К.биология,экология пәндерінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстырды. 6 - класс оқушылары табиғатқа қамқорлықтың қажеттігін паш ететін көрініс көрсетті.
 
Апталықтың ашылуының келесі кезеңі «Білім жәрмеңкесіне» ұласты. Жаратылыстану пәндері бойынша танымдық,логикалық сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар мен мұғалімдер түрлі сыйлықтарға ие болды. 
 
Соңында апталық барысының жоспарымен таныстырылды.