"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Жаратылыс сыры»
19 - қаңтар күні мектебімізде «Жаратылыстану - таңғажайыпқа толы ғылымдар әлемі» атты пәндік апталық аясында қала мектептерінің 8 - класс оқушылары арасында «Жаратылыс сыры» тақырыбында зияткерлік сайыс өтті.
Сайысқа №1, №33, №34, №37, №38, №39 орта мектептердің топтары қатынасып, білім додасына түсті, табиғатты қорғау жайлы TED форматындағы көріністерін ортаға салды. Қазіргі заманғы экологиялық мәселелерді қозғап, шешу жолдарын ұсынды, ой - пікірлерін айтты.

Сайысқа

«Білім» мектебінің химия пәні мұғалімі Молдағазы Н.

№15 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің биология пәні мұғалімі Смадиллаева Г.

Қурайлы мектеп - интернатының химия пәні мұғалімі Сағитжанова Ү. қазылық жасады.

Білім додасының жеңімпаздары дипломдармен марапатталып,мектеп тарапынан шағын сыйлықтар ұсынылды.